Сабақ барысы: 1-ж: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 9 сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Қазақ тілі өз тілім туған тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»



Дата28.01.2018
өлшемі134,67 Kb.
#34159
түріСабақ
Тақырыбы: Қазақ тілі – өз тілім туған тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Әдіс-тәсілдер:аралас, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:



1-ж: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 9 сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Қазақ тілі – өз тілім туған тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!»

атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер  дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!

 2-ж: Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз  тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.

 1-ж: Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

 2-ж: : Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

 Назарларыңызға сыныптасымыз Дарқұл Бақыттың «Қазақ тілі – біздің мақтанышымыз»атты бейне баян ұсынамыз

1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.



2-ж: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл  саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін  жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.

1-ж:Көп ғалымдар қазақ тілін айбарлы тіл деседі

Айбарлы тіл әрқашанда күндер санап өседі

Абай,Мұхтар,Шәкәрімдер сусындаған ана тіл

Дәл қазірде адам төзбес қиын күндер кешеді

Дәл қазірде бәсеңдеп тұр ана тілдің айбары

Шыбын жанын аманат қып шүберекке байлады

Бұны көріп, барлық қазақ өзге тілді игерді

дей отырып шағын конференцияға өз шығармашылығымен келген оқушыларға сөз берелік



Бастаралы Ақназар

Қазақ тілі қорланып,жетімдерше күйге енді. Ұлттың  ұлт болып қалыптасуы мен  дербес мемлекет ретінде  өмір сүруінде  оның мемлекеттік тілінің  алатын орны ерекше. Өзінің ана тілі жоқ  ел  өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүре алмайтыны  белгілі.  Осы орайда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін  асқақтатып,  қолданыс аясын кеңейту   өз халқының аса құндылықтарының аяулысы - ана тіліне жаны ашитын әр адамның азаматтық борышы болмақ.  Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданған 1993 жылдың 28 қаңтарында  «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі » болып бекітілді. Яғни қазақ тілі – біздің ана тіліміз әрі мемлекеттік тіл. Ана тілі – ар өлшемі. Ол – атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазынамыз. Жер бетіндегі барлық халықтар да ұлттық қадір-қасиеттерін, болмыстарын, тілін сақтап қалуға ұмтылады. Себебі, әр халықтың басынан кешкен істері, жалпы дүние жайындағы, табиғат құбылыстары туралы ұғымдары, ой-пайымдары  ана тілінде сақталып, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. Халықтың тарихта қалуы тікелей тіліне байланысты. Халықтың  жаны да тіл, сәні де тіл.Тіл – халықтың рухы, тұтастай кескін-келбеті. Тіл байлығы-әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.«Тоқсан ауыз сөзге  тобықтай  түйін» бере білген, «Ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен» бабаларымыз сөздің қадірі мен киесін ерте сезінген. Ана тіліміздің жауһарларын бізге мұра етіп қалдырды.

  Бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған зор міндеттердің бірі  сол ата-баба аманатын қастерлеп, оны келер ұрпаққа жеткізу болса керек.       

  

Қалқабай Аяулым:

Дүниедегі  ең асыл тіл – араб тілі екеніне ешкімнің де таласы жоқ, ал түрік тілдерінің ішіндегі таңғы шықтай тұнығы,тау суындай мөлдірі, гауһары – қазақ тілі. Біздің ұлттық тіліміздің маңыздылығы, ерекшелігі жөніндегі ұлы адамдардың сөздерін көптеп келтіруге болады. Аты аңызға айналған хас батырымыз  Бауыржан  Момышұлы айтқандай: «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын келешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры»  Ж.Аймауытовтың өткен ғасырдың басындағы : «Бұл дәуірде өз тілін білмеген, қадірлемеген адам  толық мәнді эиялы емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық  білім болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ адам болады»  деген сөзі бүгін де маңызын жойған жоқ.  Қазақтың көрнекті жазушысы Қ.Жұмаділов: «Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады.Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салған әніндей» дегені – қазақ тілінің қадір-қасиетін дәл  айқындап  тұр.  Өзге халықтардың да көрнекті тұлғалары біздің тіліміз жайлы бағалы пікірлер айтқан..Адамзат баласы өзінің қалыптасу мен дамуы тарихында қаншама күрделі кезеңдерді өткермеді десеңізші!?  Тарихтың осынау қилы сынақтарынан өте алмай,  оның ұлы көшіне ере алмай өмір сүруін тоқтатқан тілдер де аз емес көрінеді. Ежелгі сақ, ғұн дәуірінен бастау  алған біздің түркі тектес  қазақ тілі өз құнарын жоймай,ХХІ ғасырда да салтанат құрып отырғаны біздің халқымыздың жасампаздығының  айғағы іспетті. Иә, тілі  жоқ жерде халық та дербес  мемлекет ретінде өмір сүре алмайды.

 

   Асан Бақнұр:



Ел тәуелсіздігінің тіліміздің өркендеп, қанат жаюына, болашаққа құлаш сермеуіне  берген мүмкіндігі  ұшан - теңіз. Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі боп бекітілуі,  «Тілдерді қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының » құрылуы,  «Мемлекеттік тіл жылының» жариялануы, «Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының» құрылуы – бәрі-бәрі  Тәуелсіздіктің жемісі екені сөзсіз.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мейлінше өрістеп келеді.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында ( ҚР тіл туралы 1997 ж.11 шілдедегі №151-І Қазақстан Республикасының Заңы  21 қараша 2008  ж.) 6 тарау, 27  бар. Оның әр бабында тілдің  қоғамдағы сан  түрлі салаларда  қолданылуы мен мәртебесі нақтыланып көрсетілген.  Таратып айтқанда,   1-7-баптарда жалпы ережелер туралы түсініктеме берілсе,  8-15-баптарда «Тіл-мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында»,16-18-баптарда «Тіл- білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында», 19-22-баптарда «Тіл-елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта», ал,  23-26-баптарда «Тілді  құқықтық қорғау» белгіленсе,        27-бапта «Тілді шет елдермен және халықаралық ұйымдар мен қатынастарда пайдалану»  заңдастырылып, олар тиісінше тарауларға бөлінген.Тіл туралы Заңның тарауларынан көріп отырғанымыздай, тілдің қолданылмайтын саласы жоқ. Оның ауқымы кең.

         



Мекенбай Мағжан:
Қазақ тілі мен мәдениеті – біздің мемлекеттілігіміздегі тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан қазақ тілі мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты болмақ.

«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген  дана тілім.

Қастерлейдіұлқызыңмәңгісені,

Болашағым, бақытым, дара тілім» - демекші, жас нәрестеге

 құндақта жатқан күнінде  ана сүтімен бірге сіңетін  ана тілі  сол тілді сүйіп, құрметтейтін  ұлт барда ешқашан жойылмақ емес.Елбасымыздың  «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деуі ұлт пен оның тілінің біртұтас екендігін көрсетеді. Мен ХХІғасырдың ұрпағы ретінде менің ата-бабаларым сөйлеген,сан ғасырлардан бері  бұзылмай сақталып келе жатқан қасиетті қазақ тілінің  қазақ халқы барда, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы барда мәңгілік жасай беретініне  сенемін!


 1-ж: Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.

Сабағымыздың кезекті кезеңіне келіп жеттік
Ұлылардан қалған ұлы сөз .

Ой қозғау: “Деген екен...” 

 Пікір: “ Ойдан ой туады”

Түйін : “ Ой түйінін қорытсам...”



Сабақтың барысы: ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР – ТІЛ ТУРАЛЫ
… Елде бірлік болуы үшін – халқы бір тілде – мемлекеттік тілде сөйлеп, жазуы керек. Көп тілде сөйлейтін, көп дінге сенетін мемлекеттің ішіндегі тыныштық пен тұрақтылыққа түбінде кепілдік те жоқ. Оған кешегі Хазария сияқты өркендеп тұрып, жер бетінен жоғалған мемлекеттің мысалы жетеді…

Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.

Ұлықбек Есдәулет
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір - қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.

Р. Эмерсон
Көрінеді тілден түйсік білім де,
Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.
Жүсіп Баласағұн.
Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл.
Шоқан Уәлиханов.
Тіл өнері дертпен тең.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Абай.
Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.
К. Гельвеций.
Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз.
Л. Толстой.
Француз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.
Қазақ тілі – шығыстың француз тілі.
В. Радлов
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А. Брем.
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
... Тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық

Ғабит Мүсірепов

  «Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту



Бауыржан Момышұлы

  Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді



Ғабит Мүсірепов

 Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік



Шерхан Мұртаза

Ана тілім бүгін өлсе мен ертең өлуге дайынмын.

Расул Гамзатов

1 – ж:Тіл сенің-

Ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен  алысқан күн.

Тіл сенің-

Жүректегі жүйрік  елшің,

Көк орман,көк арайлы бағыстаның!

Тіл сенің-

Өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің-

Көмейдегі  күміс жырың!



2 – ж:Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.


Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!

1 - ж: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.Біздің мектебімізде Тілдер мерекесіне орай көптеген іс-шаралар өтілуде. 9 – сыныптыңда оқушылары өз үлесін қосу мақсатында «Тіл туралы түйіткіл» атты әдеби монтажды назарларыңызға ұсынып отыр
Пернебек Оразгуль:ҚАЗАҚ   ТІЛІ:

—-Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көремедім?

Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күдері мен мүлде жоқ  қылғысы келгендер де болды.Өліде ұшбағы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

 Төлебай Нұрхат: Тілдің осы сұрсғына Төле бидің сөзімен жауап берер едім:

Төле би:  Жасыма!

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар,

Тай көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

 Пернебек Оразгуль:ҚАЗАҚ   ТІЛІ:

Төңкеріске шейін көрмегенім жоқ.Төңкеріс болмаса бейшара қазақ мене айырылатын да шығар деп едім.Төңкеріс болды.Қазақтың көзі ашылды.Қазақтың көзі ашылған соң “Менің де күнім туды ғой” деп қуанушы едім. “молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болужан құтылым ғой” деп ойлаушы едім. Оның үстіне “Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын “деген заң шықты.Төбем көкке төрт елі жетпеді.Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

 Қалаубек Бақытжан:Тілдің осы ойына Қазыбек бидің сөзімен жауап берсем деймін

Налыма!

Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға  үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз.



Пернебек Оразгуль:ҚАЗАҚ   ТІЛІ:

Тілімізді қалайша шұбарлатып алдық біз?
Қазақ қайда кешегі тілін сүйген қалтқысыз?
Бұрында ғой жан суғаның қамы деп,
Тілімізді қой секілді құрбандыққа шалдық біз.

Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?
Шұбарлатып өзге тілді қостырмай,
Төл тіліңді құрметте де ардақта!

Масат Дулат: Тілдің бұл зауалына Әйтеке бидің сөзін алға тартсам деймін

Тамыры суда тұрса да.

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Пернебек Оразгуль:ҚАЗАҚ   ТІЛІ:

Халық сауатты еді. Әскердегі жігіт ата-анасына, ұнататын бойжеткенге, замандас-құрбыларына хат жазғанда үтіріне дейін орнына қойып, көркемдеп жазып, көк конвертке салып жіберетіні кеше ғана. Адамдардың сәлем-сағыныштарын алып ұшқан хаттар – сауаттылығымыздың айнасы іспеттес болатын. Жігіт көлдей хаттың ішінде бір сөзден сүрініп, жалғыз қатесімен хат жіберсе де оны алып тұрған қыз құрбыларының алдында қарадай қысылып, қызаратын. Сықылықтаған олар тағы да қарап тұрмай мұндай «сауатсыз» жігітке жабылып күлетін. Әрине, ол кеше ғана мектеп бітіріп, әскерде мұрты тебіндеген бозбала-тын.

Ал бүгінгі жастардың, жоғары білімді адамдардың, қолында дипломы бар мамандардың, ең беделді университеттерде білім алып жатқан студенттердің агентте бір-біріне жазған амандық-саулығын оқығанда төбе шашың тік тұрады.

Дарқұл Бақыт:Тілдің осы түйіткіліне Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен жауап берген орынды болар. . «Қараңыздар, еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақтың саны 6,8 млн. адам болатын немесе халықтың 41 пайызын құрайтын. Ал қазір 11 млн-нан асты, 65 пайызға жетті. Қазақтың саны ғана осы жылдар ішінде 4 млн.-нан асты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеген болса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық болар еді. Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады, әр уақытта. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім алдымен өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе?! Тағы да қайталап айтайын - Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін! Сонда ғана өсеміз. Өзімізді түземей тұрып, өзгеге тіл үйреткеніміз қалай болады? Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың қолданыс тіліне айналады»

1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!



1- ж:

Шежірелі, шерлі тарих бүгіп сыр:

Тас-таңбада,

Жар аңызда бұғып жүр…

Қасіреттен

Қасиеттен оздырған,

Қазақ деген – қиып түсер қызыл тіл…

2-ж:“Өнер алды – тіл” деген ғой бұл қазақ…

Туған тілді күндегенге мұз жалат!…

…Сиыр екеш сиыр да әне

Бұзауын


Мүйізіндей,

Тіліменен тұр жалап…

Өзге тілге үйір болса тіл – жалақ…

1 – ж: Тәрбие сағатымызды қорыту мақсатында сөз кезегін мектебіміздің директоры У. Сапарова мен тәрбие ісінің менгерушісі З. Шинтаеваға береміз

1-ж:Бүгінге:

Жеткен серттей,

Серттен танып ,түңілме!

Қазақ деген,

Азат деген ұғымдай,

Азаттығы, Шындық тұнған тілінде…



2-ж:Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

1-ж:   Тілім менің –жан жүректің айнасы

Тілім менің- бар болмыстың айласы

Тілім менің –бар қалпымның өзі боп

Асқар биік асуларды шарлатты

Осы тілде Абай айтқан талай сыр

Осы тілде қатты Мағжан талай үн

Осы тілде бар қазақтың ақыны

Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!

 2-ж:О,адамдар , құрметтейік тілді біз

Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз

Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым

Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау!

Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау!



Сарқылмайтын қуат пенен күш берген

Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!- деу отырып іс-шарамызға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет