Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері / Блум таксономиясы



бет3/6
Дата14.09.2023
өлшемі461 Kb.
#181092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaq-kz attachment robototehnika-pnne-arnalan-zhospar

LEGO Mindstorms — программаланатын роботқа қолданылынатын конструктор (электронды блоктар мен кішігірім құралдар жиыны). рет LEGO компаниясымен 1998 жылы таныстырылды. 8 жылдан кейін LEGO Mindstorms NXT 1.0 моделі, 2009 жылы — LEGO Mindstorms NXT 2.0, ал 2013 жылы — LEGO Mindstorms EV3 жинақтары шықты.

Өзара сұхбаттасып бейнеролик бақылайды
Берілген бейнеролик бойынша өз ойларымен бөліседі.
Оқушылар Лего Құрал-жабдықтарын талдап танысады.
Оқушылар құрал – жабдықтарды сурет бойынша орналастырады.
Оқушылар Лего жинақтамасынан робот құрастырады.

Ресурстар

Презентация, интернет-ресурстары

Одан кейінгі жұмыс, үй тапсырмасы:

LEGO MINDSTORMS EV3 Құрал - жабдығы
«Робототехника тарихы» тақырыбында кроссворд дайындап келу.

рефлексия

Сабақ несімен ұнады? Сабақ үстінде кездескен қиындықтар?

Сабақ: №4 Күні: 28.09.2017ж


Сыныбы: 6,7

Сабақтың тақырыбы:

EV3 модулі

Сабақтың мақсаты:



EV3 модулімен таныстыру, қолдануды үйрету, EV3 микрокомпьютерінің негізгі қызметтерімен,техникалық спецификация мен ерекшеліктерінің мазмұнын білгізу,білімін кеңейту, алған білім жинақтау, мазмұндауға үйрету, қызығушылығын арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын дамыту, салыстыра білу қабілетін дамыту, терең ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін дамыту, ауызша есептеу қабілетін дамыту.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

тарих, технология, бейнелеу

көрнекілігі:

слайд, презентация, флипчарт, EV3 модулі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындату, сыныпты сабаққа дайындау (2-3 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

тікелей үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Білімді жан-жақты тексеру: бұрын өтілген тақырыптардың барлығын жан-жақты қайталап өту. Әдісі: сұрақ-жауап, жазбаша түрде.
1. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы не білеміз?
2. Робот техникасының тарихы және болашағы?
3. Курс жабдықтарымен танысу: LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы туралы айтыңыз?
Жаңа білімді меңгертуге дайындық: бүгінгі жаңа сабаққа байланысты оқушылардың бұрынырақ білетіндерін еске түсіру немесе соған ұқсас тақырыптарды еске түсіру.
EV3 дегеніміз не? EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны. «EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны береді.
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 жинағының құрамы

Жаңа білімді меңгерту:

Сонымен, оқушылар алдыңғы тақырыпты қайталай келе бүгінгі жаңа сабағымыз EV3 модулі. Жаңа сабақтың мақсаты: EV3 микрокомпьютері туралы толық мағлұмат алу.
EV3 жұмыстың ми орталығы болып табылады.
Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды.
Негізгі қызметтері:

  1. Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;

  2. EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;

  3. Орнатылған Bluetooth бақылаушы;

  4. Wi-Fi қолдаушы.

Аталмыш бағдарламалаушы микрокомпьютер LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 роботының жүрегі мен миы болып табылады.
Микрокомпьютер қызметі:

  1. микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне арналған өзгеретін түстер қызметі бар алтыбатырмалы интерфейс басқару;

  2. жоғары өткізгіштігімен монохромды дисплей;

  3. орнатылған спикер;

  4. USB порт;

  5. mini SD форматындағы жады картасын оқуға арналған слот;

  6. 4 порт енгізу және и 4 порт шығару.

Сонымен қатар, микрокомпьютер USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс ұстап тұра алады. Сондай-ақ бағдарламаланған интерфейс арқылы бағдарламаларды модульдың ішінде жазуға мүмкіндік береді.
Ол мобильді құрылғылармен жұмыс істей алады және қуат көзі ретінде АА батарейлерімен үздіксіз тоқ аккумуляторын қолданылады.
Техникалық спецификация мен ерекшеліктері
EV3: Батареялар. EV3 қосып жұмысты бастау үшін микрокомпьютерді қуат көзіне қосу қажет.
EV3 қуат көзінің 2 түрінен жұмыс жасай алады:
А. АА үлгісіндегі 6 аккумуляторлық батарея арқылы.
Б. Қуаттандыру құрылғысы және аккумуляторлық батарея арқылы.

  1. Ешқашан әр түрлі типтегі батареяларды қолданбаңыздар (оның үстіне ескі мен жаңаны араластырмаңыз).

  2. Зақымдалған батареяларды қолданбаңыздар.

  3. Толықтай қуаттандырылған батарейкаларды EV3-тен ажыратыңыз.

  4. Аккумуляторды ересектердің бақылауымен қуаттандырыңыз.

  5. Қарапайым батареяны қуаттандыруға тырыспаңыз.

  6. Қуаттандыру құрылғысы және батареялар су тимейтін жерде сақтаңыз.

  1. Қуаттандыру құрылғысын қосу.

Аккумуляторлық батареяны ажыратыңыз. Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру құрылғысына қосыңыз. Қуаттандыру құрылғысын тоқ көзіне қосыңыз.

  1. EV3 модулін қосу. EV3-ді қосу үшін ортада тұрған ОК батырмасын басыңыз.

  2. Батырманы басқаннан кейін батырмалардың астында қызыл индикатор жанады және жүктелу мәтіні көрінеді. EV

жүктелгенше күтіңіз. Бұл шамамен 20 секунд уақыт алады.

  1. Индикатор жасыл түсті болған кезде, сіздің EV3 модуліңіз қосылды және жұмыс жасауға дайын дегенді білдіреді!

  1. EV3 модулінің сөндірілуі. Жұмысты аяқтау терезесі шықпақанға дейін «Артқа» батырмасын басамыз.

  2. «Иә» жауабын таңдау үшін «Оңға» дегенді білдіретін батырманы басамыз.

  3. Ортасындағы «ОК» тетігін басамыз.

  4. Батырмалардың астындағы жарықтың сөнуін күтеміз, сол кезде ғана EV3 толығымен сөнеді. EV3 сөнді!

Бекіту, бағалау:

жаңа сабақтан алған білімдерін нақтылау, бекіту, бағалау. Мұғалім:
- Сендер, EV3 модулінің қыр –сырымен таныстыңдар. Қызметтері қандай, EV3 модулін өшіп қосуды үйрендік, техникалық спецификасымен таныстық. Батарейкалары орналастыруды, сонымен қатар динамигі қай жерде екенін білдік. Енді:

  1. Қандай ерекшіліктерді кездестірдіңдер?

  2. Не нәрсе ыңғайсыз болды?

  3. Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?

  4. Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?

Осы ойларынды тағы да түймедақ гүлінің жапырақтарына жазып гүлді құрастырамыз

Үй тапсырмасы

1 – 8 сыныптарда міндетті түрде үй тапсырмасының орындалу жолын айтып кеткен жөн.
Үйге 1.4 слайдын конспект жазып, оқып келу.

Тексерілді:Cейткулова Ү
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Роботтың негізгі үлгісін құрастыру.

Мақсаты

RobotEducator-мен және оның мақсатымен танысу, негізгі үлгісін құрастыру.

Күтілетін нәтиже

Роботтың түрлерін ажырата алады, бағдарламаны орнатады, роботтың прототип үлгісін жасайды.

Негізгі идея

Оқушы роботты үлгілеуді, құрастыру және бағдарламалау кезінде өз құзыреттілігінкөрсетте, ұсынған жобасының нақты қалай жұмыс істейтінін түсіндіре алуы, тиімді инженерлік тұжырымдамасын біліп пайдалануы керек.

Сабақ жоспары

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесу
Топқа бөлу
1.Робот
2. Компьютер
3.Адамзат

Сәлемдеседі
Топқа бөлінеді

Білу
Түсіну

«EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны береді.
(Бейне таспа), слайд көрсету
Робот техникасы негіздерін, құрал-жабдықтарын, EV3 мәзірінмен таныстыру

Бейне таспаны, слайдты тамашалайды

Қолдану

Тәжірибелік тапсырмабріледі

Практикалық тапсырма орындайды

Талдау
Сергіту сәті

«Келесі аялдама»
Сұрақ-жауап тәсілі



1. Топ Роботың негізгі үлгісін құрастырумен жұмыс жасайды
2.Топ жобаны жан-жақты зерттеп алады. Оқушылар өздерінің роботына, жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жинақтау

1.EV3 дегеніміз не?
2.Техникалық сипаттамасы, аккумуляторларды орнату,
3.EV3-ді қосу және өшіру, индикаторлар жәнебатырмалар, порттардеген не?

« Қарлыкесек» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді



Бағалау

Топты және бір-бірін бағалау
Мадақтау
Оқушылардың топтағы белсенділігі және білімдері бойынша бағаланады

Бір-бірін бағалайды,оқыту үшін бағалау



Рефлексия

Не білгенін, нені түсінбегенін жазу ұсынылады

Ұсыныстарын жазады

Үйге тапсырма:

1-модуль



Сыныбы:
Сабақ тақырыбы: Моторлар және датчиктер.



Сілтеме

1.6. ррtx Робот техникасы\Робот техникасы 1-деңгей\Модуль-1\Сабақ-6

Жалпы мақсаты

1. LEGO® MINDSTORMS® EV3-пен жұмыс істеу негіздерімен, моторлар мен датчиктермен танысып, олардың міндеттері мен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Жеке жұмыс жасауға, топта жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттер

1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, топта жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Мұғалім үшін оқыту нәтижелері

Оқушылардың мотролар мен датчиктердің негізгі қызметтерін біліп, қолдануды меңгерту.
Моторлардың сипаттамасын, техникалық спецификациялары мен ерекшеліктерін, датчиктер туралы түсінік пен олардың түрлері туралы түсінік қалыптастырып, олардың спецификалық қолдануын меңгерту

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері

Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, «BLOB» әдісін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі

Слайдтар, видеолар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, Блоб (BLOB) бағалау парағы, тақта, оқулық.

Ұйымдастыру кезеңі
2 минут

  • Мультфильмдегі роботтарың суреттері бойынша топқа бөлу.

  • Бағалауда ескерілетін критерийлері :

• Өз бетімен білім алуы Дербес жұмыс жасауы Жұпта жұмыс жасауы Робото - техникалық білімі

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут
Оқушылардың білімін анықтау.
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Өздеріне мысал келтірту.

А) Жаңа сабақ бойынша ақпарат беру.
Слайд 1.6.pptx ?
Ә) - Мысал келтіріп, өз ойларын жеткізу.

ТҮСІНУ - 10 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
Интерактивті тақтамен слайд (видео) көрсету.

Мотор (тартпа, қозғалтқыш) тек қана роботты емес, сонымен қоса түрлі механизмдер мен манипуляторды қозғалысқа әкелетін роботтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мотор робот үшін электр қуатын қозғалыс қуатына айналдырады.
Видео 1.1 (үлкен мотор 1.1) , Видео 1.2 (Орташа мотор)
ВИДЕО 1.3 (Жанасу датчигі)
ВИДЕО 1.4 (Ультрадыбысты датчик)
Ультрадыбыстық датчиктің жұмысы дыбыс толқындарының шағылуына байланысты болғандықтан, ол бедерлі беттер немесе дөңгелек заттарды көру үшін тиімсіз болуы мүмкін. Сонымен қоса, нысан ультрадыбыстық датчикке көріну үшін тым кішкентай болып қалуы да мүмкін.
ВИДЕО 1.5 (Гироскопиялық датчик)
ВИДЕО 1.6 (Түс датчигі, түсті анықтау)
ВИДЕО 1.7 (Түс датчигі, жарықтылық)

Ескерту

Егер оқушылармен жаңа ақпаратты түсіну кезеңде уақыт үнемдеу керек болса, онда жоспар бойынша өзгертулер енгізіледі, мәселен,
- Түсіндіру, баяндау, көрсету әдісінен тиімді әдіске көшуді ойлаймыз, мысалы «Джигсо», СТО стратегияларын уақытты үнемдеуге келтіреміз.

ҚОЛДАНУ – 10 мин
Сыни тұрғыдан ойлау ерекшеліктеріне сай тапсырма
(Джигсо әдісі)

Тапсырмаларды орындау:

  1. Оқушыларға суреттер топтамасы «Датчиктерді қосу» (топтық жұмыс)

  • Датчиктер мен моторларды қосу (практикалық жұмыс);

  • Үлкен моторды қосу

  • Орташа моторды қосу

  • Ультрадыбыстық датчикті қосу

  • Жанасу датчигін қосу

  • Түс датчигін қосу

  • Гироскопиялық датчикті қосу

(Практикада қолдану, танысу, орындау.)

ТАЛДАУ – 10 мин
Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды, білімдерін толықтырады.

Оқушылар ой пікірін жеткізеді, қорғайды:

  1. Құрастырған Робот бойынша құралдарды атап, олардың атқаратын қызметін нақтылап айту.

  2. Мотор мен датчиктердің құрастыру жолдарын таныстырып, мысалдар көрсету.

ЖИНАҚТАУ - 5 мин
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Бекіту сұрақтары :

  • Мотор дегеніміз не?

  • Датчик дегеніміз не?

  • Үлкен моторды қосу

  • Орташа моторды қосу

  • Ультрадыбыстық датчикті қосу

  • Жанасу датчигін қосу

  • Түс датчигін қосу

  • Гироскопиялық датчикті қосу

Бағалау - 3 минут
«BLOB көпірі» арқылы оқушылардың алған білім деңгейлерін анықтап, бағалау.
Рефлекция / 1 минут



Алған білімді бағалау:
Оқушыларға «BLOB көпірі» парақшалары таратылып, өзін-өзі деңгейін анықтай отырып, сабақта алған әсерімен бөліседі, рефлексиялық талдау жүргізу.





Үйге тапсырмаларды беру,орындауға бағыт бағдар беру.

Жобалық жұмыс : «Менің роботым» атты тақырыпта роботтың немесе машинаның (механизмнің) моделін (дизайнын) LEGO Digital Designer бағдарламасында дайындап келу.

Сабақ: №7 Күні: 16.10.2017ж «Робот техникасы» факультатив Сыныбы; 8


Сабақтың тақырыбы: «EV3 модулінің интерфейсі»

Жалпы мақсаты:

EV3 модулінің интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру

Оқу нәтижелері:

  • EV3 модулінің интерфейсі туралы нақты ақпарат алады;

  • Экранның, басқару модулінің батырмаларының және төрт негізгі терезелерін қызметін білу;

  • Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға дағдыланады;

Оқыту әдістері:

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 

  • Топтық жұмыс.

  • Диалогтық оқыту

 Қажетті ресурстар

 Интерактивті тақта, презентация, маркер, стикер, плакат, бейнефильм, бағалау парағы

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ұйымдастыру

- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын түгендеу

Оқушылар үш тілде сәлемдеседі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, жағымды психологиялық орта қалыптастыру
ООЖТ

Топқа бөлу

- Родни, Бигвелд, Пайпер, Финеас аттары жазылған түсті парақшалар арқылы («Роботы» мультфильмінің кейіпкерлері)
- Топ ережелерін еске салу

Білу

«Қазына»
Арнайы әзірленген презентация көрсетіледі.

EV3 модулінің интерфейсі туралы арнайы әзірленген презентация көмегімен ақпарат алу

СТО, ТДО, ОүБОБ.
«Ой шақыру» стратегиясы
Өзін-өзі бағалау

Түсіну

Топтық, жұптық диалог

«Пазл» әдісімен топта EV3 модулінің интерфейсі туралы пікір алмасады.

СТО, ОүБОБ, ОБК, АКТ. Дилогтық оқыту

Формативті бағалау (критерий)

Қолдану


«Ой қозғау»

Әр топ EV3 модулінің интерфейсі туралы презентация әзірлейді.

ООЖТ, ОБК, СТО, ТДО.
«Ой қозғау».

Өзін-өзі бағалау

Талдау

презентация бойынша әр топтың баяндамашылары басқа топқа талдап, айтып береді.

EV3 модулінің интерфейсі туралы баяндайды.

СТО, ОүБОБ, ТДО, ОБК, ОЖЕСО.

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет