Сабақ барысында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі164 Kb.
#197876
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6 сынып Жаратылыстану 2 сағат ТҮЗЕТІЛГЕН
жаратылыстану, зонтики, Қысқамерзімді жоспар11, Тұқымқулаушылық пен өзгергіштікбжб28, ашық сабақ, Биология негіздері



Түсінік хат
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6-сыныптарында «Жаратылыстану» пәніне арналған тақырыптық – күнтізбелік жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігі 2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 09 қарашада енгізілді), «2023 – 2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сай құрылған.
Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді. Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик - мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Сабақ барысында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады. «Жаратылыстану» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру ерекшеліктері бастауыш сыныптағы «Адам - Табиғат - Қоғам» тарауларындағы алған білімдерінің негізінде қоршаған орта түсінігін, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болады. Табиғаттағы құбылыстарды, үрдістерді жаратылыстану ғылымдар бағытында қарастыратын маңызды пәннің бірі. «Жаратылыстану» пәнін оқытуда білім алушылардың жоғары сыныптарда оқытылатын «Химия», «Физика», «Биология» пәндері туралы түсінігі қалыптасады. Білім алушының бойында жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтар меңгерілген жағдайда жаратылыстану ғылыми көзқарасы бар тұлға қалыптасады. Пәннің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетуге болады: оқу материал мазмұнын іріктеу; сабақ құрылымын жетілдіру; қарым-қатынасты ұйымдастыру. Жаратылыстану пәнінің тақырыптары арқылы ұлттық құндылықтар аясында патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылады. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға құндылықтар арқылы тәрбие беруді қалыптастырудағы өлкетану компонентті қосымша қамту негізінде жаратылыстану пәні география, биология пәндерімен тығыз байланысты. Білім алушыларды болашақ мамандығын және әлеуметтік рөлін таңдауға көмектеседі және олардың жалпы мәдениетін қалыптастырады.
Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Жаратылыстану» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет