Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің қандай түрлері бар?
-Мәтінге жоспар қалай құрылады?
-Мәтіннің қандай өзіндік белгілері бар?
III. Жаңа сабақ
*Оқиға жүйелі, тізбектеліп әңгімеленетін мәтін баяндау мәтіні деп аталады.
*Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.
*Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Әңгімені түсініп оқы. «Алғашқы ұстаз»
*Әңгімені пайымдау мәтініне айналдыру.
*Мәтіннен екі адамның бір-бірімен сөйлескен сөздерін тауып, көшіріп жазу.
2-жаттығу.
Ертегіні түсініп оқу. «Ағаш шебері мен мысық» (Жапон ертегісі)
-Мысық қайда жоғалып кетті деп ойлайсыңдар?
*Қожайыны мысықты тауып алып, оны емдеп жазғаны туралы ертегі» (пайымдау мәтінін) құрастырып жазыңдар.
3-жаттығу.
Тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырып жазыңдар.
Тірек сөздер: күні бойы, компьтер, плеер, музыка тыңдау, мең-зең, зауқы жоқ, өйткені.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу.
«Менің бір күнім» тақырыбына пайымдау мәтінін құрастырып жаз.
20-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың мәтін және оның түрлері туралы алған білімдерін
пысықтау, кеңейту.
ә)Әр мәтін түрінің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқай
білу дағдыларын дамыту.
б) Берілген мәтіндер мен құрастырған мәтіндердің мазмұнына байланысты
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
Шығармашылық тапсырмалар.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Мәтінді оқып, қай түріне жататынын анықтаңдар.
-«Көксерек» көркем фильмін кім көрді?
- Ендеше, Көксеректің күшік кезін сипаттаңдар.
2-жаттығу.
*Суреттерді пайдаланып, екі сипаттау мәтінін құрастырып жазыңдар.
*Сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып көр.
3-жаттығу.
*Өлеңді түсініп оқу.
- Атты сипаттауға қолданылған теңеу сөздерді табыңдар.
- Осы теңеу сөздерді қатыстырып, ат туралы сипаттау мәтінін құрастырыңдар.
4-жаттығу.
*Суретке қарап, пайымдау мәтінін құрастыру.
-Екі баланы сипаттаңдар.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
*Топшамамен жұмыс.
*Оқушылармен біріге отырып, жаднама құрастыру:
1.Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндеріндегі әр сөйлем мен әр сөздің өзіндік мәні бар екенін ескеру.
2.Мәтінді түсініп оқып шығу. Оның негізгі ойы тақырыбына сай ма соны анықтау.
3.Мәтіндердің түрін анықтау үшін, неге көңіл бөлу керегін есте сақтау.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
1-қатар: «құстар» туралы әңгімелеу мәтінін;
2-қатар: «жануарлар» туралы сипаттау мәтінін;
3-қатар: «өсімдіктер» туралы пайымдау мәтінін құрап, жазып келу.
21-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Қараторғай мен бұлбұл»
Сабақтың мақсаты: а)Жазба жұмысты жаза отырып, мысалдың мазмұнын, ерекшелігін,
тәрбиелік мәнін жалпылау, қорытынды жасауға үйрету.
ә)Оқушыларды мазмұнын жүйелі әңгімелеп, сауатты жаза білуге баулу.
б) Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:қараторғай, бұлбұлдың суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Негізгі бөлім
Психологиялық дайындық.
1.Қараторғай, бұлбұл туралы білгендерін сұрау. Қосымша мәлімет беру.
Қараторғай – өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып шырқаған.
Қазаққа жақын бұл құстың елiмiзде үш түрi мекендейдi екен. Қарапайым қараторғай, қызғылт қараторғай және майна деп аталатын үндi қараторғайы. Бiздiң елге келетiн қараторғайлар негiзiнен Үндiстан, Пәкiстан аумағын қыстап шығады. Қараторғай – қазаққа көктемнiң хабаршысы iспеттi. Тiптi, қараторғайдың өз мезгiлiнде ұшып келуiнiң де аса мәнi бар. Алдымен оңтүстiк өңiрге келiп жететiн бұл құстың өткен жылы екi апта кешiгiп келуi диқандардың еңбегiне елеулi әсер еткен. Өйткені, бұл титтей құс шегiрткемен, егiн даласына зиянкес жәндiктермен қоректенедi.
Бұлбұлдар(лат.Luscinia) — торғайтәрізділеротрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлыжәне оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайықпен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетауөңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқасалып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктерменқоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.
2. Мысалды 2 рет оқу.
3. Сөздікпен жұмыс.
4. Жоспар бойынша түсінгендерін сұрау.
5. Мазмұнын жаздыру.
Жоспар:
1.Бұлбұлдың келуі.
2.Қошемет-құрмет көрген Бұлбұл.
3.Еңбекқор Қараторғай.
Жазылуы қиын сөздер: бойда-ақ, қолды-аяққа, қолпаштай, концерт, олимпиада, секция
III. Қорытынды.
-Мысал дегеніміз не?
-Қараторғай туралы не білеміз?
-Бұлбұл қандай құс?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
IV. Үйге тапсырма.
Ережелер қайталау.
22-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара
байланысын түсіндіру. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерімен
таныстыру. Алдыңғы сөздің соңғы сөзге бағына байланысу тәсілдері
туралы түсінік беру. Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің айырмашылығын
ұғындыру.
ә)Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу.
Сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру.
б) Мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
Шығармашылық тапсырмалар.
III. Жаңа сабақ
*Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы қайталату.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Екі қатардағы сөздерді мағыналық байланысына қарай тіркестіріп жазу.
Әдемі гүл, білімді шәкірт, еңбекке баулу, ақылды оқушы, өткір пышақ.
!Екі немесе бірнешесөздің бір-бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады.
Мысалы: таза ауа, ұзын көше, ауылға бару, машинамен келді, жүйрік жылқы.
2-жаттығу.
Сөздердің орын тәртібі арқылы тіркесуі: тәтті алма, күшті палуан, он бес кітап.
Сөздердің қосымшалар арқылы тіркесуі: серуенге шықты, қарындашты ұштады, үйіне келді.
3-жаттығу.
Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөздерді тауып жазып, сөз тіркесін жасау.
Мықты ағаш, ұзын бойлы қыз, көршінің баласы, бидайдың ұны, бояумен боялған, кірпіштен салынған.
5-жаттығу.
Елдің бірлігі, білімге ұмтылу, кітапты оқыды, қалаға келді, ауылда қалды, арамен кесті.
Өзің қалаған 2-3 тіркеске сөйлем құрастыр.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесін құрастыр:
су оқы
салқын жел шапшаң жүр
үй кел
Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (37-бет)
23-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара
байланысын түсіндіру. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерімен
таныстыру. Алдыңғы сөздің соңғы сөзге бағына байланысу тәсілдері
туралы түсінік беру. Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің айырмашылығын
ұғындыру.
ә) Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу.
Сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру.
б) Мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
Терме диктант.
Көгілдір ту, алтын медаль, кішкентай күшік, жетіген, жылдам тұру, қышқылтым айран, көк майса, қалың көрпе, қалыңдау, тіршілік ету, тоғызыншы вагон, тоғыз жүз тоқсан тоғыз, жеті күн, инабатты қыз, алтын қасық, әдемі кемпірқосақ, үйге бару.
Сөз тіркестерін көшіріп жазу.
Сөз жұптарының байланысын сұрақ қою арқылы анықтау.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөз тіркестерінің байланысын сызбамен көрсету.
*Тыйым сөзді жаттап ал.
-Тағы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
2-жаттығу.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып, сөз тіркестерін теріп жазу.
2.Өлең мазмұнын өз сөзіңмен түсіндір.
3-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыту.
Сөз тіркестерін тапқызу.
Бағыныңқы, басыңқы бөліктерін айтып, сөздерді ажырату.
-Ақан деген кім?
-Ол туралы не білесіңдер?
4-жаттығу.
-Екі бағанды салыстырып оқиық. Қандай айырмашылық байқадыңдар?
-Қай бағандағы сөз тіркестері сөйлем бола алады?
Күн шықты. Су ақты. Жел соқты. Балалар ойнады.
– Бұлар жалаң сөйлем бола алатын сөз тіркестері.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (38-бет)
24-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара
байланысын түсіндіру. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерімен
таныстыру. Алдыңғы сөздің соңғы сөзге бағына байланысу тәсілдері
туралы түсінік беру. Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің айырмашылығын
ұғындыру.
ә) Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу.
Сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру.
б) Мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
Шығармашылық диктант.
Сөйлемдегі әр сөз тіркесін даралап бөлек жазу.
Даусы өзімсініп көңілді шықты. Күннің жылы лебі сезіледі. Біз автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Менің Айдар деген жолдасым бар. Ауыл шетіндегі Тастөбе алыстан көрінеді.
Үлгі: даусы шықты, көңілді шықты, өзімсініп шықты.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстыр.
-Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
-Бір сыңары күрделі сөзбен берілген сөз тіркестері бар бағанды табыңдар.
Он тоғызыншы пәтер, торы ала ат, кітап оқып отыр.
2-жаттығу.
1.Мәтінді оқыту.
2.Сөз тіркестерін теріп жаздыру.
3-жаттығу.
Суретте бейнеленген зат атауларынан сөз тіркестерін құрастыру.
5-жаттығу.
Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрастырып жазу.
Комбайнмен ору, мерекеге дайындық, айтылатын ән, өзеннің жағасы, озат оқушы, малды ауыл.
-Сөз тіркесінің бірінші сыңарына сұрақ қой.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
Шығармашылық тапсырма.
*Тақтаға жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер жазылып, салыстыру жұмысы жүргізіледі.
ағаш ағаш қасық Біздің үйде атам жасаған ағаш қасық бар.
жол жолға шығу Олар кешке қарай жолға шықты.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (39-бет)
25-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара
байланысын түсіндіру. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерімен таныстыру.
Алдыңғы сөздің соңғы сөзге бағына байланысу тәсілдері туралы түсінік
беру. Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
ә)Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу.
Сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру.
б) Мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуларын тексеру.
Ережелер қайталау.
Термедиктант.
Көгілдір ту, алтын медаль, кішкентай күшік, жетіген, жылдам тұру, қышқылтым айран, көк майса, қалың көрпе, қалыңдау, тіршілік ету, тоғызыншы вагон, тоғыз жүз тоқсан тоғыз, жеті күн, инабатты қыз, алтын қасық, әдемі кемпірқосақ, үйге бару.
-Сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар.
*Сөз жұптарының байланысын сұрақ қою арқылы анықтату.
III. Жаңа сабақ
Оқушылардың сөз тіркесі мен оның жасалуы бойынша алған білімдерін берік есте қалдыру үшін төмендегідей жаттығу, дағдыландыру жұмыстары орындалады.
1.Сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын сызба арқылы көрсету.
2.Сөйлем ішінен сөз тіркестерін таба білу.
3.Әр топтағы сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз тіркестерін жасай білу.
4.Берілген сөз тіркесінің қай сыңарының бағыныңқы, қай сыңарының басыңқы екенін табу.
5.Сөз тіркесінің әр сыңары қай сөз табынан жасалғанын аңғартатын жаттығулар орындату.
6.Әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем болып тұрған сөздері бар жаттығулар орындату, ондай сөйлемдердің неліктен әрі жеке сөйлем, әрі сөз тіркесі болып аталатынын дәлелдеу, т.б.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын сызбамен көрсету.
2-жаттығу.
1.Өлең жолдарынан сөз тіркестерін теріп жазу.
2.Өлеңді жаттау.
4-жаттығу
Сөз тіркестері Сөйлем
ықыласпен тыңдады Жаңбыр жауды.
жүрісінен таныды Қоңырау соғылды.
жақсы оқиды Машина тоқтады.
Егін пісті.
5-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыту.
Сөз тіркестерін теріп жазғызу.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
Шығармашылық диктант.
- зат есім - сан есім
- сын есім - етістік.
1. , , , .
2.
, , , .
3. , , , .
4. , , , .
Сызба бойынша сөз тіркестерін құрау.Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесетерін құрау.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
3-жаттығу. (40-бет)
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу.
26-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы бұрыннан таныс білімдерін жүйеге келтіру. Сөйлемнің
айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін еске түсіру. Ойдың тіл
арқылы берілетінін ұғындыру.
ә) Сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қойып, қатесіз жазуға дағдыландыру.
б) Тіл адам баласының қарым-қатынас құралы екенін, тілдің қоғамдық мәнін
түсіндіру арқылы тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
-Бір сыңары күрделі сөзбен берілген сөз тіркестеріне мысал келтіріңдерші.
Шығармашылық диктант.
Қарға, кірпі, өркеш, күн, от, қауырсын, көрпе, қарағай, түлік, жылқы, бұлақ, ін, қыран.
Осы сөздерге сөз тіркестерін құрап жазу.
Мысалы: Қара қарға, тікенек кірпі, екі өркеш, ыстық от т.б.
III. Жаңа сабақ
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем неден құралады?
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Сөйлемнің түрлерін атаңдар?
-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Кестемен жұмыс.
Сөйлем
|
1 сөзден тұрады.
|
2 сөзден тұрады.
|
Көп сөзден тұрады.
|
Күз.
|
Мұғалім келді.
|
Қазір Қазақстанды жер
жүзі біледі.
|
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыту.
Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі екенін анықтату.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жазу.
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Сөйлем соңындағы тыныс белгісі не үшін қойылған?
4-жаттығу.
Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып, мақал етіп жазу.
Береке көзі бірлікте.
Отан оттан да ыстық.
Ат – адамның қанаты.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Сөйлем құра.
1-қатар хабарлы сөйлем;
2-қатар сол сөйлемді сұраулы сөйлемге;
3-қатар сол сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып айту.
Мысалы: 1.Ауылдан әжем келді
2.Ауылдан әжең келді ме?
3.Алақай, ауылдан әжем келді.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (41-бет)
Сөйлемдердің жігін тауып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.
27-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: а) Құрмалас сөйлем туралы батапқы түсінік беру.Құрмалас сөйлемнің
құрылымдық бөліктерімен танстыру.
ә) Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
б) Қатесіз, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.
III. Жаңа сабақ
-Сөйлем дегеніміз не?
-Мысал келтіріңдер. Бастауышы мен баяндауышын табыңдар.
Тақтаға екі сөйлем жазу.
Мысалы: Күз келді. Жапырақтар сары түске боялды.
-Сөйлем не жайында?
-Сөйлем мүшесіне талда.
-Бұл мысалдардың әрқайсысы – жеке-жеке ойды білдіріп тұрған жай сөйлемдер.
*Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.
-Екі жай сөйлемнің мағыналарын біріктіріп, екеуінен бір күрделі ой құрастырып көрейік.
Мысалы: Күз келіп, жапырақтар сары түске боялды.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Екі бағанмен берілген сөйлемдерді оқы. Оларды салыстыр.
-Сөйлемдердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауышы мен баяндауышын тауып, белгіле.
! Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Мысалы: Үсен жарысқа қатысты. Ғарышқа Байқоңырдан ұшырылады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әсел сабақтан келді де, апасына көмектесті. Қайрат кіп-кішкентай болғанымен, үлкендердің сөзін екі айтқызбай орындайды.
2-жаттығу.
Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.
1.Дыбыс естісе қашады,
Қырқаны бір-ақ асады. (қоян)
2.Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. (бульдозер)
3.Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. (жаңғырық)
4.Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. (мұз)
3-жаттығу
Мақалдарды көшіріп жазу.
-Әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айтыңдаршы.
Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын табыңдар.
5-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыту.
Құрмалас сөйлемдерді теріп жазғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |