"Постер" құру сияқты топтық жұмысты қолдану барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, дәлелдейді , өз ойларын ортаға салады. Пікірлер алмасу кезінде нәтижесінде оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда "алты ойшыл қалпақ" әдісі кең пайдаланылады. Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз-өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді,көшбасшылық қабілеттері қалыптасады. Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек жаңаша көзқарасқа тым жақын. Сондықтан оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Қорыта келе айтарым,білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.
«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң,ұлылыққа жетесің»деп данышпан ақындарымыз айтпақшы ,пәнге қызықтыра отырып, білім қорын кеңейту үшін мұғалім аянбай еңбек ету керек деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |