С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп
шағын орталығы
Ашық сабақ
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырып: Аквариумдағы балықтар
(аралас топ)
Өткізген тәрбиеші : А.Б.Магмурова.
Қызылқоғам ауылы, 2016 жыл
Білім беру саласы:
|
Таным
|
Бөлімі:
|
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
|
Тақырыбы:
|
Аквариумдағы балықтар
|
Мақсаты:
|
Үлкен кіші, түстерді ажырату, геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру. Танграмм ойынымен таныстыру.
|
Міндеті:
|
Заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға іскерліктерін бекіту. «Қандай?» "Қанша, қандай?" деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) және денелер (куб, шар) туралы білімдерін кеңейту. Айналадағы заттардан оларды көре алу қабілеттерін дамыту.
Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
|
Санауға арналған таратпа суреттер. Аквариум макеті, балықтар, Танграм ойынына арналған суреттер мен заттар; түрлі - түсті пішіндердің кескіндері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |