Ұйымдастыру кезеңі
|
Шеңбер бойымен балалар жүріп қолдарына екі жалаушадан алып шеңберге тұрғызу.
Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Б.қ: аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату,төмен түсіру.
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру.Отыру,жалаушаларды алға созу,тұру,бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ:тізерлеп отыру,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып,бір орында қос аяқпен секіру(2рет)
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.
1.Заттардың арасымен, аяқтың ұшымен жүру, түрлі жылдамдықпен жүгіру.
2. Допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату.
3.2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты дәлдеп лақтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»
Ойын шарты:Балаларға үш түсті жалаушалар таратылады,әр бала бір жалаушадан,музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады,жеке жұпсыз қалған бала өз өнерін көрсетеді.
|
Балалар нұсқаушының артынан қайталайды, орындайды.
|