Сабақ: Биотехнолог маман дегеніміз кім? Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: сынып: 9



Дата21.01.2022
өлшемі19,52 Kb.
#112969
түріСабақ
Байланысты:
каз 9 класс 080221
каз 10 класс 080221, Вопросы-ответы, Вопросы-ответы, ереже, Қазақтың ұлттық «Асық ату ойыны, Ашық сабақ. Қозғалмалы ойындар (4 сынып)

САБАҚ: Биотехнолог маман дегеніміз кім?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайлылығы мен нақтылығын анықтау.

Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтайды, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тыңдалған мәтіннен тірек сөздер бойынша ақпараттың нақтылығын анықтайды, тірек сөздер арқылы эссе жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді,ақпарттың нақтылығын анықтайды,мәселе бойынша ақпаратты салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жеткізеді, эссе жаза алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: биотехнолог, маман,сұраныс, өнеркәсіп, малшаруашылық.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: мамандық түрлері, маман болғым келеді, тәжірибе жасау, айти, нанотехнолог мамандықтар.
Талқылауға арналған сұрақтар:1)Қандай мамандықтарды білесіңдер?

2)Болашақта кім болғың келеді?


Бағалау критерийлері

1.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

2.Ақпараттың шынайлылығы мен нақтылығын анықтайды.

3.Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды.

4.Артықшылық пен кемшілік тұстарын салыстырады.

5.Өз ойын дәлелдеп жазады.



Ойлау дағдыларының деңгейі

түсіну, қолдану



Пәнаралық байланыс

Биология, химия



Құндылықтарға баулу

Мамандыққа деген сүйіспеншілік,еңбексүйгіштік, қызығушылық



Алдыңғы оқу:
Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы
Ой қозғау. Оқушыларға видео көрсетемін.

Оқушылар көреді, тыңдайды, тақырыпқа шығады.

«Қабырға рөлі» әдісі

(биотехнолог маманы туралы не білесіңдер шеңбердің ішіне жазады, не білгілерің келеді сыртына жазады)




Жаңа сөздермен жұмыс. Сынып ішіне жаңа сөздерді іліп қоямын.

Оқушылар шығып алып сөздік кестесін толтырады.



Сөздік кестесі

жаңа сөздер

анықтамасы

мамандық
сұраныс


сала
маман
өндіріс
өнеркәсіп
малшаруашылық
асыл тұқымды
әдістер
тәжірибе

Түсіндірме, аударма сөздіктер

кесте

Ортасы


Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы 3топқа бөлу.

Қызыл түсті – ерекше қажеттілігі бар оқушылар

Көк түсті – орта деңгейлі оқушылар

Жасыл түсті – дарынды оқушылар


1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Кестелерді толтырыңдар.

Дескриптор:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпараттарды анықтайды.


1. Тыңдалған мәтіннің

мазмұнын түсінеді

2.Негізгі ақпаратты анықтайды.

3. Уақыт тізбегін құрады.



2-тапсырма. Берілген ақпараттардың нақтылығы мен шынайылығын анықтаңдар. «Екі шын, бір жалған» әдісі.

(оқушылар мәтін бойынша үш ақпарат дайындайды: екі шын, бір жалған)


Қажеттілігі бар оқушылар:

«Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі (көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдер құрастыру)

1)Әлемде (40мыңға) жуық мамандық бар.

2) Мамандыққа деген (сұраныс) өзгеріп отырады.

3) Аз болып жатқан (нанотехнологтар, айти, электро саласындағы) мамандықтар.

4) Қазіргі кезде (биотехнологтарға) деген сұраныс артып отыр.

5) Тәжірибе жасау арқылы (өсімдіктерді, асыл тұқымды малдарды) сұрыптауға болады.


Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Ақпараттың шынайлылығы мен нақтылығын анықтайды.

1. Негізгі ақпараттарды іріктейді.

2.Екі шын, бір жалған ақпарат құрастырады.

3. Топпен бөліседі.
3-тапсырма. Эссе жазу.

Тақырып: Мен биотехнолог болғым келеді.

1. Мен биотехнолог.........болғым келеді.

Әлемде 40мыңға жуық .......бар. Мамандыққа деген .......өзгеріп отырады. Қазіргі кезде ..........деген сұраныс артып жатыр.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?



Бүгін оқушылар не үйренді?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет