Сабақ бір әлем қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы



бет7/11
Дата05.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16786
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шығармалары



Жылдары

Шығармалары

1962 жыл

«Аппасионата»

1964 жыл

«Ильич»

1966 жыл

«Армысыңдар, достар»

1968 жыл

«Қарлығашым, келдің бе»

1970 жыл

«Мавр»

1972 жыл

«Дариға-жүрек»

1974 жыл

«Аққулар ұйықтағанда»

1975 жыл

«Шуағым менің»

1976 жыл

«Өмір дастан»

1978 жыл

«Өмір-өзен»

1981 жыл

«Бәсіре»

1982 жыл

«Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)

1984 жыл

«Шолпан»

1988 жыл

«Қош махаббат»

1989 жыл

«Жырлайды жүрек»

2001 жыл

Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

Балалар, қайтадан ақынның өзіне құлақ түрейік:


(Компьютерден ақынның «Фантазия» өлеңі тыңдалады)
Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.
Мағынаны тану
І топ Анықтау
Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)
Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял
Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс
Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем
Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып
Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді
Жай – найзағай, жасыл
Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз
Қиял – фантастикалық ой, арман
Галилео Галилей – ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы
Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалымы
ІІ топ Талдау
Өлең құрылысына қарай талдау
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.


ІІІ топ Зерделеу


Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу
Жеті қатжерің мынау төңкерілген –
Жеті қатаспанменен көмкерілген –
Ертеңімен табысу –
Ғаламаттар туылған ертегіден –
Ғаламдық ақиқат –
Ертегіден қала тұрған –
Ертегіден ғұлама дана туған –
Жер бетіне сыя алмау –
Қиылмен қанаттану –
Жайды ұстау –

ІҮ топ Салыстыру


Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру

Ой толғаныс


Бес жолды тұжырым
1 зат есім
2 сын есім
3етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним

Фантазия
Бай, ұшқыр


Шарлатады, шарықтатады, шалқытады
Адам фантазиясы шексіз бай.
Қиял

Фантазия
Шалқар, дария


Шабыттанып шырқатар шарықтата
Адамның қиялындай бар ма, сірә?
Арманда
Қорытынды
Ақын күнделігінен
14 ақпан 1976 жыл
«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы


Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеі (жаттау)
Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)
Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау
Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)


Сабақтың мақсаты:


1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі проблематикасын айқындау;
2. Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру;
3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу

Сабақтың типі: Іскерлікті және дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабағы


Сабақтың түрі: Интеграцияланған сабақ
Сабақтың әдісі: Проблемалық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, талдау, жинақтау,
Пәнаралық байланыс: Өзіндік тану сабағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру


Шаттық шеңбері


Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын



  • Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.

  • «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны, өзіңе сен, өзіңді сүй.

  • Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.




  • Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным сабағы түрінде өткізбекпіз.

Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)
- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.


Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?


Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?


Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?


Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы


Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы


Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?


Кейіпкерлер жүйесі


Ішке, сыртқа



+

-

Қарапайымдылық

Дөрекілік

Адал еңбек

Ұятсыздық

Әділетсіздік

Ұрлық

Мейірімділік

Қаталдық

Арлылық

Өктемдік

Адалдық

Дүниеқоңыздық

Сенгіштік

Пасықтық

Қаламгер шеберлігі


Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?


Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау


жеңудің бәрі жеңіс пе?

Ой түйін


РАФТ

Р - роль
А - аудитория
Ф - форма
Т – тақырып

«Соңғы сөзді мен айтамын»


(Ізгілік ережесі)

Қорытынды


Бағалау

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгейлі тапсырма: «Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу


Мүмкіндік деңгейлі тапсырма: «Даналы ойдан дән ізде»


(Ұлы адамдардық адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)
Тақырыбы «Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин)
Мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту; Шығарманы талдау арқылы еңбексүйгіштікке баулу; Шығарманың негізгі ойын анықтату арқылы өзіндік тұжырымын қалыптастыру;
Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі: Талдау, жинақтау
Барысы: Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
«Бақыт деген немене?» (эссе)

Мағынаны тану


«Дүние қалай етсең табылады?» (әңгіме)


Мазмұнмен жұмыс

Кубизм
І топ


Жоспарлау
(Әнгімеге мазмұндық жоспар құру)
ІІ топ
Мінездеу
(Кейіпкерлерге мінездеме)
ІІІ топ
Салыстыру
(Ы.Алтынсариннің өзге әңгімесімен салыстыру)

Ой толғаныс


5 жолды тұжырым
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
5 синоним
Қорытындылау
Ойтүйін
«Бақыт көзі - еңбекте»
Үй тапсырмасы

Семантикалық карта





Әңгімелері

Тәрбие

Еңбек

Ізгілік

Талапкерлік














































Тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Мақсаты: Шешендік сөздерді оқи отырып, сөздің қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролін таныту; Сырымның іс-әрекетін талдай отырып, перзенттік парызды сезіну; Шешендік жұмбақтар мен шешендік келісімдерді оқи отырып, сөзді пайымдау, тапқырлық қасиеттерге баулу;


Түрі: Жаңа білімді игерте сабағы
Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Тарих
Көрнекілік: Сырым шешеннің суреті, кітаптар көрмесі

Барысы: Ұйымдастыру


Үй тапсырмасын тексеру
Шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай?

  • Заң

  • Тәртіп

  • Ел бірлігі

  • Әділеттік

  • Тәрбие

  • Тапқырлық

  • Салт-дәстүр

Қызығушылықты ояту


Ой қозғау
Қандай би-шешендерді білесіңдер?
-
-
-
Сырымды кім деп танисыңдар?
Шешен

Тапқыр Сырым би


Батыр
Мағынаны тану


ЖИГСО
І топ Сырым мен Малайсары
ІІ топ Сырым мен Ақсуат

Мазмұнмен жұмыс


Композициялық талдау

  1. Оқиға қалай басталды?

  2. Оқиға қалай дамыды?

  3. Оқиға қалай шешімін тапты?

І топ
Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі


Малайсарының бітпеген ісі
Сырымның тапсырманы орындауы
Малайсарының риза боп, бата беруі
ІІ топ
Сырымның Ақсуаттан құн сұрауы
Сырымның орынды талабын айтуы
Бітімге келу

Ой толғаныс


І топ

Шығармадағы қазақ салт-дәстүрлерінің көрінісі, орны

Түсіндірме күнделігі





Салт-дәстүрлер

Шығармадан мысал



















ІІ топ

Шығармадағы нақыл сөздерді табу, қызметі


Түсіндірме күнделігі





Нақыл сөздер

Мәні, қызметі



















Қорытындылау


Үй тапсырмасы


Сырым мен Малайсары
Сырымға мінездеме

Мақсаты: Тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды таныта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


Шығармадағы негізгі ойларды анықтата отырып, таным-түсінігін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
Ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу;

Сабақтың түрі: Тіл ұстарту


Сабақтың әдісі:


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру


І. Қызығушылықты ояту


Ойлан, жұптас, пікір алыс


Тіл мәдениетіне қандай талаптар қойылады деп ойлайсыңдар? (Өздері жазады, жұпта талқылайды)

  • Ойын жүйелі жеткізу;

  • Сауатты сөйлеу;

  • Әдеби көркем тілде сөйлеу;

  • Сөзді орнымен қолдану;

  • Дәлелді сөйлеу;

Оқулықтан Тіл мәдениеті тақырыбын оқып, өз ойларымен салыстыру

ІІ. Мағынаны тану


Болжау стратегиясы (Мәтінмен жұмыс)


Абайдың әңгімесі
- Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?
- Қараны қалай асыл дейсіз?
- Әбіштің жауабы қандай болады деп ойлайсыз?

ІІІ. Ой толғаныс


Талқылау кестесі





Тапсырма

Мысал

Мәтіндегі негізгі ой




Ой жүйелілігі




Ой көркемдігі




Үй тапсырмасы: «Жақсы деген немене,


Жаман деген немене» (ойтолғау)

Тақырыбы: «Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі)


Мақсаты: Батырлар жырының жанрлық ерекшелігін таныту;
Жыр негізіндегі басты ой батырлар бейнесі арқылы берілетінін ұғындыра отырып, толық әдеби талдау жасауға үйрет;
Түрі: Ізденіс сабақ
Әдісі: Дамыта оқыту
Көрнекілігі: Компьютер, эпиграф, шиырма, кесте
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Бақыт іздеп ғасырлар бойы сахараны шарлап шарқ ұрған қазақ халқы бізге ең асыл мұра жыр мұрасын мирас етті. Біз сол рухани қазынамыздың ең асыл мүліктерінің бірі батырлар жырын оқып танысып жатырмыз.
Ең әуелі Ой шақыру стратегиясын пайдаланып, батырлар жыры дегенде ойымызға не түседі? Сол ұғымдарды айтайық. Сөз сырына үңіле отырып, бағыттас ұғымдарды топтастырайық.

Ерлік Өнер


Дәстүр Батырлар жыры Елдік


Тәрбие Тарих


Балалар, өткен сабақта батырлар жырының ішінде бәрінен бұрын хатқа түсіп жарық көрген, идеялық мазмұнымен де, көркемдік құрылымымен де ерекше, ең таңдаулыларының бірі – «Ер Тарғын» жырымен танысқан болатынбыз.



  1. Жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

  2. Жырдың өзге жырлардан қандай ерекшелігі бар?

  3. Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек көрінеді?

  4. Тарғын бейнесі, оның адамнершілік қадыр-қасиеті жырда қалай суреттелген?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет