Қызылтау орта мектебі
Ашық сабақ .
«Біздің Елбасы»
// 1-желтоқсан – Елбасы күніне арналған сабақ //
Өткізген : Қайырбеков Т.К
тарих пәні мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Сабақ тақырыбы : Біздің Елбасы .
Сабақ мақсаты :
Білімдік : Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә . Назарбаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру , елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып , тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып , талдауға үйрету , білім алуға құштарлығын арттыру . Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту .
Тәрбиелік :.Елбасының халқына сіңірген еңбегін , ерлігін , жүргізген саясатын үлгі ету , оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды
сіңіріп ,толерантылыққа бейімдеу. Туған жерге , отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
А) ұлттық тәрбие беру
Ә) саяси тәрбие беру
Б ) патриотизмге тәрбиелеу
Сабақ түрі :.Конференция сабақ
Сабақ әдісі : Дөңгелек – үстел түрінде .Ауызша баяндау , сұрақ – жауап
әдісі , топпен жұмыс , диаграмалармен, кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс , топтастыру стратегиясы .
Сабақ көрнекіліктері : Елбасының суреті , карта , тірек – сызбалар , кесте .
Пәнаралық байланыс :.Жалпы тарих , Қазақ әдебиеті . География . Адам және қоғам .
Қосымша материалдар мен пайдаланылған әдебиеттер :
1.Жалпы тарих және Қазақстан тарихы - әдістемелік журналдары
2. «Қазақстан » энциклопедиясы
3 . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасы
4. Н. Ә .Назарбаев «Тарих толқынында»
5 . Н. Ә . Назарбаев «Әділеттің ақ жолы »
6 . Махмұт Қасымбеков , «Елін сүйген , елі сүйген елбасы»
7. Ольга Видова «Нурсултан Назарбаев – портрет человека и политика»
8. Егеменді Қазақстан – газетінің материалдары .
9 . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Сабақ барысы :
І-Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу , конференцияға дайындығын тексеру . Оқушыларды дөңгелек үстелге төрт топқа бөліп отырғызу .
1. Тарихшылар тобы
2. Экономистер тобы
3. Саясатшылар тобы
4. Мәдениеттанушылар тобы .
ІІ – Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қою .
ІІІ – Конференция сабақты өткізу .
ІҮ – Бекіту сұрақтары .
Ү – Сабақты қорыту.
ҮІ – Үйге тапсырма .
ІІ – Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру .
1 . Қазақстан қай құрлықта орналасқан .
2 . Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орнында .
3 . Орта ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды .
4. Қазақтар қай тілдес халық ?
5. Қазақстанда неше облыс бар ?
6. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев қай жерде туды .
7 . Қазақстанның мемлекеттік тілі ?
8 . Ұлттық валюта қай жылы енгізілді ?
9 . Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді ?
10. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды ?
11 . Қазақ елімен көршілес елдерді ата ?
12 . Түркияның алғашқы президенті ?
13. Қазақстан қай жылы БҰҰ – ның мүшесі болды ?
14 . Конституциямыз қай жылы , қай айда қабылданды ?
15 . Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен партия ?
ІІІ – Конфенция сабақты өткізу
1 .Ой шақыру стратегиясы .
Мұғалім : Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес , әлем таныған саяси тұлға . Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр . Бүгінгі конференциямызда елбасы туралы жан – жақты танысатын боламыз .
2 . Ой қозғау стратегиясы .
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі , саясаттағы , экономикадағы , мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз .
Тарихшылар :
Мемлекетіміздің басшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
1940 жылы Жетісу жерінде , яғни Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында туған . Елбасының атасы Назарбай өз аймағында билік жжүргізген , қолында мөрі болған , ел басқарған адам екен . Шамалған , Қаскелең , Үшқоңыр жайлауы деген жерлерді қоныс қылып мекендеген . Назарбай ақсақал – елді отырықшылыққа икемдеп , жерге тұрақтандыруға көп көңіл аударған адам екен.Елбасының әкесі Әбіш – Назарбай ақсақалдың кенжесі болған .Назарбайұлы Әбіш , қазақ халқының атақты батыры Қарасайдың жетінші ұрпағы .Болашақ мемлекет басшысының атын Нұрсұлтан деп , әжесі Тәтебала , қасиетті Құраннан алып қойыпты . Қасиетті Құран – Кәрімде Нұр деген сөз Құдайдың 99 атының бірі екен , ал сұлтан дегеніміз Шығыстың ел басқарған адамдары.
Орта мектеп бітіргеннен кейін, 1958жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді . Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы Теміртау қаласының партия комитетінде басшылық қызмет атқарды . Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қарапайым жұмыскер болып , одан кейін, Қарағанды облысының комсомол және партия салаларының басшылығында жұмыс атқарған кезде , болашақ елбасы арқашанда адал , қажырлы , еңбекқұмар , жан-жақты білімді азамат болған . Өндірістік , экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі , халықпен тіл табыса алуы өз көзқарасын қорғай білуі , Н.Ә Назарбаевтың қызметінің өсуін тездетті
Н. Ә. Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясының хатшысы , ал 1984 жылдан еліміздің Министрлер кеңесінің төрағасы болды . Қазақстан Республикасының үкіметін басқарған кезде , көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуын және ауылды дамыту үшін көптеген іс – шаралар жүргізді .1989 жылы Қазақстан Компартиясының
1- хатшылығына сайланып , елді басқара бастады . 1990 жылы Қазақ КСР – інің президенті болып сайланды . Сол кезеңде елімізде өте қиын жағдай қалыптаса бастады . Қазақ елі бағынып тұрған КСРО мемлекеті құлдырап,
күйрей бастады . 1991 жылы 1- желтоқсанда Н. Ә . Назарбаев бүкіл халықтың дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды . Еліміздің өтпелі де , ауыр кезеңінде Елбасы көптеген әлеуметтік , экономикалық және саяси реформалар жүргізіп қоғамызды тығырықтан алып шыға білді . 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет басшысы тынымсыз еңбек етіп , қаншама жұмыс істеді . Тұтас мемлекетті қалыптастырды , басқару жүйесін реттеді , шекарамызды нығайтты , халықтың жағдайын түзеді .
1997 жыл «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасын
қабылдап , қоғам мен мемлекеттің ұзақ жылдық дамуын айқындап берді .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы және
2005 жылғы президент сайлауына түсіп , көп дауыспен жеңіске жетіп
отырды . Халқымыз елбасыны айрықша жақсы көріп құрмет тұттады .
Тарихшылар тобына сұрақтар :
Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады
КСРО мемлекеті қай жылы құлап , ТМД ұйымы қай жылы құрылды ?
Семей ядролық полигоны жабылған жыл ? .
Қазақтың алғашқы хандары ?
Астанадағы президент резиденциясы қалай аталады ?
6 . КСРО елін басқарған партия
7 . Парламент неше палатадан тұрады ?
8 . Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар ?
Тарихшылар тобы жасаған хроногиялық кесте
1940 жылы
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді
|
1958 жылы
|
Н. Ә. Назарбаев орта мектепті бітіріп , Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатында жұмысқа тұрды
|
1958 жылы
|
Украйнада Днепродзержинск қаласында техникалық училищеге оқуға түсті
|
1962-1965 жылдары
|
Қарағанды политехникалық институтын оқыды .
|
1971-1984 жылдары
|
Қарағанда облысында партия және комсомол ұйымдарының хатшысы болып істеді .
|
1984-1989 жылдары
|
Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің үкіметінің төрағасы болды
|
1989-1990 жылдары
|
Қазақстан Коммунистік партиясының 1- хатшысы болды
|
1990 жылы
|
Қазақ КСР – нің Жоғары Кеңесінің сайлауымен
Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің президенті болды .
|
1991 жылы
|
Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды
|
1997 жылы
|
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдайды
|
1999 жылы
|
Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев тағы да
мемлекет басшылығына сайланды
|
2005 жылы
|
Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасына халық тағы сенім көрсетіп , Н.Ә : Назарбаев Президент болып сайланды
|
Экономистер :
Мемлекетіміздің соңғы жылдардағы экономикасының шапшаң дамуына елбасының еңбегі айрықша зор . Себебі , өткен ғасырдың 90 жылдары Кеңес Одағы құлап , еліміз орасан зор экономикалық қиындыққа ұшыраған кезде мемлекет басшысы , ештеңеден қорықпай тәуекелге бел байлап экономикалық реформалар жүргізе білді . Қазақстан сол кездері КСРО – ның қол астындағы шикізат беруші артта қалған ел болған еді . Барлығы мемлекет қолында болған әміршіл - әкімшіл жүйеге сүйенген жабық қоғам болды . Елбасының тікелей инциативасымен , әкімшіл - әміршілдік экономикадан - нарықтық экономикаға , жабық елден ашық қоғам құруға кірісті. 1995 жылдың қаңтардан 1995 жылғы қарашаға дейін тікелей президенттің қатысуымен 147 нарықтық заңдар шығарылды . Сол заңдардың арқасында ел экономикасы жекшелендірілді , елге шетел инвестициясы кеңінен тартылды . Өтпелі 90 жылдары төмендегідей заңдар қабылданды «Жекешелендіру туралы » , «Салық кодексі» , «Орташа кәсіпорындар» , «Жер туралы» , «Шетел инвестициясы туралы» ,
«Меншік туралы» т.б экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылданды .
Елбасы Қазақстанның экономикасымен , бірге халықтың әлеуметтік жағдайынада көп көңіл бөліп отырды . Зейнетақы , жалақы және жәрдемақы уақытында беріліп отырды және жылдан – жылға өсуде . Қазақ елінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы «Қазақстан - 2030» бағдарламасында кең орын алған . Президентіміз өз бағдарламасында экономикаға үшінші басымдық бере отырып , экономиканы дамытуға және реттеп отыруға мемлекеттің белсенді рөл атқаруын қолдай отырып , бірақ мемлекет органдарының , ел экономикасына жөнсіз араласқанын қолдамайтынын атап көрсетті . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасында – нарықтық экономиканы тұрақтандырып дамыта беру , кәсіпкерлерге несие беру , теңгені тұрақты ұстап тұру ,озық технологияны тарту , инфляциямен күрес , шетел капиталын тарту мәселелері жан- жақты атап көрсетілді .Мысал ретінде Президентіміздің экономикалық және әлеуметтік реформаларының нәтижесінде , қазіргі кезде Қазақстан Республикасы жақсы дамыған нарықтық экономикасы бар елге айналып келеді . Өте қуатты кәсіпкерлер мен фермерлер табы қалыптасты . Шетелден елімізге , әлемге танымал корпорациялар мен фирмалар келіп жұмыс істеуде . Қазақстан кәсіпкерлеріде басқа елдерге инвестиция салып жұмыс істеуде .
Соңғы жылдары әлемді экономикалық дағдарыс жайлады .
Бірақта Қазақстан үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін , елбасы
Н. Ә . Назарбаевтың басшылығымен тынымсыз жұмыс жүргізді . Осының арқасында ел экономикасына әлемдік дағдарыс онша қауіп төндірмей отыр .
Экономистер тобына сұрақтар беру :
1 . Қазақстан КСРО тұсында экономикасы қандай түрде болды ?
2 . Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды ?
3 . Қазақстанда шетелдің қандай компаниялары жұмыс істеуде :
4 . Импорт – экспорт дегеніміз не ?
5 . Ата заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлері рұқсат етілген ?
6 . Инвестиция , капитал дегеніміз не ?
7 . Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған ?
8 . Еліміздің қандай банкілерін білесіңдер ?
Экономистер тобы жасаған диаграмма .
Мақсаты
Қазақстанда дамыған
нарықтық экономика құру
Саясатшылар :
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы және ішкі саясатта данышпан да , алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам . Президентіміздің жүргізіп отырған сараптал саясатының арқасында еліміз тыныш жағдайда өмір сүріп жатыр . Ұлттық қауіпсіздік , ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық – мемлекетіміздің және елбасының ең басты саясаты болып отыр . «Қазақстан – 2030 » - стратегиялық бағдарламысында , мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев – ұлттық қауіпсіздік мәселесіне бірінші басымдық беріп отыр . Себебі адамзат баласында мемлекет алға басу үшін ең бірінші соғыс болмау керек , елде тыныштық болуы шарт . Елде тыныштық болу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сыртқы және ішкі саясаты өте дұрыс жүргізіп отыр .
Қазақстан сыртқы саясатта барлық елдермен тату – тәтті саясаты жүргізіп отыр . Қазақстан тәуелсіздікті бейбіт жолмен алғаннан кейін , әлем елдерімен көпвекторлы саясат ұстанды . 1993 жылы Қазақстан елі , Лиссабон хаттамасына қол қойып ядролық қарудан бас тартып , әлемге үлгі көрсетті . Барлық әлем елдеріне президентіміз өзара достық қарым – қатынас жасауға , бейбітшілік саясат жүргізуге шақыруда . Қазақстан сыртқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы татулық саясат ұстанып отыр . Бұл елдер :
Ресей бастаған ТМД елдері
Түркия , Иран , араб елдері
АҚШ , Еуропадағы Батыс елдері
Қытай , Жапония , Корея бастаған Шығыс Азия елдері
Мемлекет басшысы ішкі саясатқада көп көңіл бөлуде . Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан , елбасы ұлттар арасындағы татулықты қолдап отыр . Қазақстандағы барлық ұлттар Ата заңымыз бойынша тең құқықты , өз тілдерінде сөйлеуге, өз діндерін ұстауға , өз мәдениеттерін дамытуға барлық рұқсат берілген . Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясы жұмыс істеуде , көптеген ұлттық - мәдени орталықтар еркін жұмыс істеп тұр . Қазақстан мемлекетінің негізін құраушы халық ретінде қазақ халқының тілі ,діні , мәдениетінің дамуына елбасы зор көңіл бөлуде.
Н.Ә. Назарбаевтың тікелей ықпалымен отаршылдық саясаттың кесірінен
жойылып кете жаздаған қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп ,
қазақ тілінде көптеген мектептер ашылды . Қазақ тілі қоғамы жұмыс істеп ,
басқа ұлттың өкілдері қазақ тілін үйренуде . Мемлекет басшысы дінаралық
татулыққада барынша қолдауда . Елімізде мешіттер , шіркеулер ашылып
жұмыс істеуде . Қазақ халқы мұсылман дінін ұстанғандықтан , ислам
дінінің қазақ елінде жан – жақты дамуына , халқымыздың имандылыққа
беттеуіне көп көңіл бөлінуде .Елбасы мемлекетімізді және қоғамызды
біртіндеп демократияландырып келе жатыр . Бұған дәлел Парламенттің
билігі мен саяси маңызы күшеюде , елімізде көптеген саяси және қоғамдық
ұйымдар еркін жұмыс істеп жатыр .
Саясатшылар тобына сұрақтар :
1 . Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды ?
2 . Орташа тап деген не ?
3 . Қоғамызда жиі айтылатын толеранттық , көпвекторлы саясат , демократия деген сөздердің мағынасын түсіндіру .
4 . Қазақстан әлемдік қандай ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр ?
5 . Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші қай ел таныды ?
6 . Әлемде қандай діндер бар ?
7 . Түркі тілдес елдерді атаңдар ?
8 . ХХ ғасырдағы Қазақ елінің астаналары ?
Саясатшылар жасаған кесте
Елбасының сыртқы және ішкі саясаты .
Ішкі саясат
|
Сыртқы саясат
|
1 . Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау
2 . Ұлттар арасындағы келісім
3 . Мәдениетті , тілді өркендету
4. Дінаралық келісімді орнату
5. Қоғамды демократияландыру
6 . Нарықтық экономиканы одан әрі дамыту .
7 . Басқару аппаратын жетілдіру
8 . Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту .
9 . Білім , денсаулық , экологияны жақсарту
10 . Құқықты және зайырлы мемлекет орнықтыру
|
1 . Бейбіт қатар өмір сүру
2 . Көпвекторлы саясат
3 . Шетел капиталын тарту
4 . Ядролық қарудан бас тарту
5. Көрші елдермен достық қатынас
6 . Гуманитарлық байланыс
7 . Түркі тілдес елдермен мәдени және саяси байланысты күшейту
8 . ТМД елдерімен кедендік және әскери одақ құру
9 . Әлемдік ұйымдарға мүше болу
|
Мәдениеттанушылар :
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ елінде мәдениет саласында үлкен өзгерістерді басынан кешті . Халқымыз өз тілін , дінін , төл мәдениетін дамытуға кірісті . Мәдени мұраларымыз , салт – дәстүріміз қайта зереленіп , тарихи тұлғаларымыз халқымен қайта қауышты . Еліміздің ғалымдары қазақ елінің өткенін зерттеп , көптеген ақтаңдақтарды ашты . Елбасының тікелей қолдауымен көптеген тарихи даталармен қатар , ұлы тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілді . Қаныш Сәтпаевтың , Жамбыл Жабаевтың , Абайдың , Алаш оқығандарының , қазақ батырларының т.б . тойлары аталып өтілді , олардың рухани мұралары зерделенді . Қазақ хандығының орта ғасырдағы астанасы болған қасиетті Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аталып өтіліп , осы мерейтойда «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йассауи » тақырыбында ғылыми – практикалық конференция ұйымдастырылды .Тәуелсіздік нәтижесінде тарихи атаулар қайтарылды , көптеген қала атаулары , көше аттары қазақыланды . Елбасының қолдауымен Тәуелсіздік монументі және Астанада Кенесары , Абылайхан ,Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би , Алматыда Жамбыл Жабаевтың т.б тарихи тұлғалардың ескерткіштері ашылды .
2003-2005 жылдары қазақ – американ кинематографистері «Көшпелілер» кинофильмін түсірді . Бұл кино қазақ мәдениетінде үлкен орын алды . «Көшпелілер» фильмін түсіруге тікелей Елбасының өзі қатысып отырды . Бұл кино Абылайхан бабамызға арналған еді .
Елбасымыз мәдениет , әдебиет қайраткерлерімен жиі кездесіп , олармен пікірлесіп отырады . Халқымыздың қаламгерлері Ақселеу Сейдімбеков , Төлен Әбдіков , Әзілхан Нұршайықов т.б әдебиет қайраткелерімен Елбасы шығармашылық байланыста қатынасып отырады .
Жаңа заманға қадам басқан сайын қоғамызда білім мен ғылым саласыда өзгерістерге ұшырауда . Елбасының тапсырмасымен жаңадан ғылым және білім туралы заңдар қабылданды . Білім саласы жаңа заманға бейімделіп үлкен өзгерістерге ұшырауда .
Мәдени ескеркіштердің көбеюіне Астана қаласыда үлкен өзгрістер жасауда . Астанада тамаша мәдени ескерткіштер – Ақорда , Бәйтерек , Конгресс – Холл т.б еліміздің мақтанышына айналды . Мәдени ғимараттарды көруге Астанамызға мыңдаған адамдар жан – жақтан ағылып келіп жатады . Қазақстанның елордасы Астананы салу , президенттің тікелей еңбегі деп білеміз . Соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып , осының арқасында қаншама тарихи – мәдени байлығымызды зерделеп жинап алдық .
Мәдениеттанушылар тобына сұрақтар :
1 . Елбасының өзі шығарған қай әндерді білесіңдер ?
2 . Астана қаласында қандай мәдени орындар бар ?
3 . ХХ ғ . өмір сүрген атақты қазақ жазушылар .
4 . Мәдени мұра бағдарламасы деген не ?
5 . Қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінен не білесіңдер ?
6 . Ежелгі қазақ қалаларын атаңдар ?
7 . Тұңғыш қазақ киносы ?
Мәдениеттанушылар жасаған тірек сызба :
Қазақ халқының тарихи тұлғаларының қайта оралуы .Ұлттың дамуы . ..Ұлттықөркендеу
тарихтың
ІҮ . Бекіту сұрақтары .
1 . Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды ?
2 . Н . Ә. Назарбаев қай жылы қай жерде дүниеге келді ?
3 . 1991 ж . 1- желтоқсанда не болды ?
4 . Елбасының қандай әндерін білесіңдер ?
5 . Елбасы жас кезінде қай жерде жұмыс істеді ?
6 . «Қазақстан -2030» неше басымдықтан тұрады ?
7 . Елбасының биылғы жолдауы қалай аталады ?
Топтастыру стратегиясы(Үлгермеуші оқушымен жұмыс)
Елбасы Дипломат
Саясаткер Ғалым
Ү . Сабақты қорыту .
Оқушыларды бағалау , конференция жұмысын қортындылау .
ҮІ . Үйге тапсырма .
Үйге тапсырма ретінде Елбасыға арнап өлең шығарып келу және «Елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта әңгіме құрастыру .
Достарыңызбен бөлісу: |