Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған үш сабақ бойынша рефлексивті есеп (3.02.2020ж-14.02.2002ж) Химия, биология пәнінің мұғалімі: Карибаева А.О.
Тараз 2020 жыл
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған үш сабақ бойынша рефлексивті есеп
Ақпан айының 3-14 күндері аралығында 8 «А» сыныбындағы химия пәнінің тізбектелген 3 сабағын өткіздім. Сабақ өткізуімдегі мақсатым - жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдануды, жекелеген оқушылардың білім деңгейін, сөйлеу дағдылары мен ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін бақылау.
Сыныпта барлығы 25 білім алушы бар. Оның ішінде: 12 ұл, 13 қыз. Екі оқу озаты және 14 білім алушы екпінділер қатарында. Сыныптың білім деңгейі, белсенділігі және бәсекеге қабілеттілігі, жарыса оқу деңгейі жақсы. Білім сапасы 64%.
8 «А» сыныбында 2019-2020 оқу жылының ақпан айының 3 мен 14 аралығында химия пәнінің зерттеу сабақтары жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдануды, жекелеген оқушылардың білім деңгейін, сөйлеу дағдылары мен ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін бақылау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өзіме міндеттелген тапсырма бойынша тiзбектелген сабақтарды өткізе отырып, сынып оқушыларымен жүргізiлетін жұмысқа жаңа әдiс - тәсiлдерді қолдану арқылы, оқушы бойында метасананы қалыптастыруды көздедiм. Тiзбектелген сабақтарды өткiзудегі алғашқы іс-әрекетiм, оқушыларға тілек айтқызып, оларды топқа бөлді. Oнда кейбір оқушылар бiрлесе жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренсе, кейбіреулері өз ісімен айналысып, еш сабаққа араласпай отырды. Атап айтсам: Абдреев Ж., Бақыт Т., Сандыбай Б. және т.б. Бірлесiп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық oқыту: бiрін - бірі бағалау, cыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың толық орындалмағанын, яғни оқушылардың тілдік қорының аз екендігі, ойлау қабілетінің қысқа екені байқалды.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша бірінші сабақ физика пәні 5 желтоқсан күні «Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі» атты тақырыпта өтті. Сабақтың басы: мұғалім үй тапсырмасын сұрамас бұрын, сыныпта «Заряд алу» атты сергіту сәтін жүргізді. Сергіту сәтін жүргізудегі мақсаты білім алушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және сезімталдылыққа үйрету. Сыныпты топтастыру стратегиясы бойынша екі топқа топтастырды. Үй жұмысын «Домино» ойыны арқылы өздеріне сұрақ қойғызып, өткен тақырыпты еске түсірді. Сабақтың ортасы: жаңа сабақты мұғалім қысқаша түсіндіріп өтті. Білім алушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау мақсатында «Джиксо» әдісін пайдаланды. Негізгі топ және эксперт тобы деп 2 топ болып бөлінді. Әр топқа бір түс стикерден берілді. Топ мүшелері 1,2,3,4 сандарын жазады. Топта есептерді талқылап шығарады, әр білім алушы есепті мұқият дәптерлеріне жазып отырды. Бірдей сандар бір топқа жиналып, әркім өз есебін түсіндіреді. Басқалар жазып алады, негізгі топқа келіп, өз ойларымен бөліседі. Екі топ бір-бірін басбармақ арқылы бағалап шығады. Мұғалім өткен сабақты практикамен ұштастыру мақсатында жұптық тапсырма береді. Жұптық тапсырма «Пилот және штурман» деп аталады(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы). Жасаған жұмыстарын бақылап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Сабақтың соңы: Сабақты бекіту мақсатында мұғалім «Шахмат» әдісін пайдаланады. Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізеді. Сабақ соңында «Сендвич» деп аталатын рефлексия жүргізді. Бұл сыныпта А деңгейіне Альмахан Асылды таңдадым. Ол сабаққа ынтасы төмен, өз ойын жеткізе алмайтын оқушы. Пәнге деген қызығушылығы байқалмады, бірақ өте жауапты, тиянақты оқушы. Сондықтан топтық жұмыстар арқылы Асылдың ашылуына жағдай жасауды мақсат етіп алдым. Бірінші сабақта ешқандай өзгеріс болмады, сабақты өздігімен меңгергенмен, өз ойын айтуда қиындық болды. Қасындағы оқушылардың көмегін қажет етті. Сол себепті де келесі сабақтарда жалпылама емес, Асылға бағытталған түрде әрекет ету керектігі анықталды. В деңгейіндегі оқушы Абдығали Анель сабағын жақсы оқиды, шапшаң, айтылған ақпаратты тез қағып алады, тапсырма берілсе басқа сыныптастарына қарағанда тез қимылдайды, бірақ өз ойын емін еркін, ашық жеткізе алмайды, бойын «қате болып кете ма?» деген қорқыныш билеген, міне осы қорқынышты сейілту үшін де осы оқушыны таңдап алдым. Осылайша Анель топтық жұмыстарда оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп, диалог арқылы аз да болса бойындағы қабілетін шыңдап, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байытады деген оймен топта әр оқушымен қарым-қатынасқа түсуге жағдай жасады. Бірінші сабақтан бастап Анель әділ баға беруші ретінде көзге түсті. Ал, С деңгейіндегі оқушы Бердіғали Ұлдананы алдым. Ол физика пәнінен тақырыптарды жақсы меңгерген, ізденушілік-зерттеушілік қабілеті жоғары, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетін белсенді оқушы. Ұлдана бірінші зерттеу сабағында ол өз тобында көшбасшы міндетін атқарды және тобындағы басқа білім алушыларға да көмектесті, олардың да идеяларын тыңдай отырып, түйінді идеяны шығара білді. Мұғалімнің жасаған сабақтың құрылымы С деңгейіндегі оқушыға ешқандай өзгеріс әкелмеді, сондықтан басқа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі туындады. Келесі зерттеу сабақтарында бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша екінші сабақ желтоқсан айының 6 күні «Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды тақырыбына есептер шығару»тақырыбында өтті. Мұғалім үй тапсырмасын тест сұрақтар арқылы сұрап шықты. Сұраққа В және С деңгейіндегі оқушылар жауап бере алды. Білім алушылар дайын жауапты пайдаланып, өзара бағалау жұмыстарын жүргізді. Бір-біріне кері байланыс жасады. Жаңа сабақты мұғалім қысқаша түсіндіріп өтті. Оқушылармен бірге талқылау жасалып, жаңа сабаққа байланысты ресурстарды пайдалана отырып, Кулон заңын есептер шығарды. Сабақты бекіту мақсатында ашық сұрақтар қойылды. Сабақ соңында кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды,сұрақ) жүргізді. Есеп шығарғанда А деңгейінің оқушысы Асыл Кулон заңы туралы өз ойын ашып толық жеткізе алмаса да, қаншалықты түсінгенін айтып шықты. Есеп шығара тұрып мұғалімге сұрақтар қойып отырды. Алдыңғы сабаққа қарағанда А деңгейіндегі оқушы Асыл топтық жұмыс жасауда өз ойын қосып, атсалыса бастады. Ал В деңгейіндегі оқушы Анель болса алдыңғы сабаққа қарағанда денсаулығына байланысты ынтасы төмендеу болды. С деңгейіндегі оқушы Ұлдана сабаққа жақсы атсалысып, сұрақтарға шапшаң жауап беріп, тақтаға шығып үш есепті шығарды.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша үшінші сабақ желтоқсанның 12 күні «Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі» тақырыбында өтті. Үй тапсырмасын «Ой қозғау» әдісін қолдана отырып, №1Ремень мен шкив арасында неліктен ұшқын пайда болады? №2 Жіпке ілінген екі әраттас зарядталған шарлар бір –біріне тартылады. Бір-біріне тигеннен кейін тебіледі. Неліктен? Білім алушылар қоылған сқраққа жұпта талқылап, мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушы жауабын толықтыра отырып жаңа сабаққа көшеді. Жаңа тақырыпты мұғалім зарядталған денелердің өзара әрекеттесуіне байланысты демонстрация көрсетеді. Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты білім алушыларға сұрақтар қояды және есептер шығартады. Сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылды. Алдыңғы сабақтарға қарағанда Б деңгейіндегі оқушы сабаққа жақсы атсалып, барлық сұрақтарға жауап беріп отырды. А деңгейіндегі оқушы Асылды байқағаным топтық жұмыс жасау барысында ол өзін еркін ұстап, постер жасағанда оның сабаққа деген қызығушылығын байқадым. Ал сұрақтар қойғанда жауап беруге қысылып, ойын еркін жеткізуде қиналатынын байқадым. С деңгейіндегі оқушым Ұлдана сабақтың басынан бастап жақсы атсалысып, топтық, жұптық жұмыстарға белсене қатысып отырды.
Химия, биология пәні мұғалімі: Карибаева А.О.