Ғылым артық па, мал артық па?
Әзіреті Әлі шешен, әрі білгір адам болған екен. Бірде он жөйіт сынамақ болыпты. Біз оған бәріміз бір сұрақ берейік, егер ол шын шешен болса, оған түрлі жауап табар деген екен.
Сөйтіп олар:
Ғылым артық па, мал артық па? – деп сұрапты.
Сонда Әзірет Әлі былайша он түрлі жауап беріпті: біріншіден – ғылым артық. Өйткені ғылым – әулие-әмбиелердің мирасы, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы.
Екіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым сені сақтайды, ал сен малды сақтайсың.Үшіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылымның досы көп, малдың қасы көп. Төртіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді. Бесіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым саған құрмет-атақ береді, ал мал қатты, сараң деген атақ қалдырады. Алтыншыдан - ғылым артық. Өйткені, өзін-өзі сақтайды, асырайды, ал малды бағу, күту керек. Жетіншіден – ғылым артық. Өйткені, қиямет күні иесіне шапағат қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал – қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншыдан – ғылым артық. Өйткені, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады; ал мал қоңыз етеді.Оныншыдан – ғылым артық. Өйткені, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады; ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады.
Бір ауыз сұраққа он түрлі жауап берген Әзірет Әліге жөйіттер содан соң мойын ұсынған екен дейді.
Бағалау критерийі
|
№
тап
сыр
ма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктер
ді орфогра
фиялық нормаға сай жаза алады.
|
1
|
- орфографиялық және тілдік қателіктерді жібермей жазады;
|
1
1
1
1
|
-жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық, заңдылықтарды қолданады.
|
1
1
|
- тыныс белгілерін дұрыс қояды (оқу бағдарламасы аясында);
|
1
1
1
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |