Сабақ Бөлім: Жасушалық цикл Педагогтің аты-жөні



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі331,66 Kb.
#173421
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ 9 сын 5
соғыстан кейін

Қысқамерзімді жоспар
5-сабақ

Бөлім:

Жасушалық цикл

Педагогтің аты-жөні:

Ж.Ж.Тулеушова

Күні:

23.01.23ж

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.1 - жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Интерфаза құбылысын оқып біледі.
Көпшілік оқушылар үшін
Интерфаза сатыларын түсіндіріп бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Жасушалық цикл дегеніміз не?

2. Ол қандай негізгі екі кезеңнен тұрады?


3. Интерфаза дегеніміз не?


4. Интерфазада қандай басты құбылыс жүреді?


5. Жасуша митоз арқылы бөлінген кезде хромосома саны өзгере ме?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет