Сабақ Бөлім: Менің Отаным- Қазақстан Мұғалімнің аты-жөні



бет3/3
Дата01.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#148581
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4кл әдебиет 2күн

Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 2-сабақk



Бөлім:

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен Қазақстан азаматымын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

  • сюжеттің даму себебін түсіндіреді;

  • оқу түрлерін қолданады;

  • шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
Үй тапсырмасы:
-Қ.Салықовтың «Отан өлеңіндегі ойды жалғап, бір-екі жол қосып жазу.
Оқу материалын жариялау:
-Тірек сөздерді пайдаланып өздерің туралы айтып беріңдер.
- Ендеше бүгінгі сабақта өзіміз туралы әңгімелеп, туған жеріміз туралы шығарма оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.

  1. Жаттығу жасайды.

Мәтінді мазмұндайды

Тақырыпты ашады.


Сұрақтарға жауап береді.





Дескриптор:
- Өзі жазған өлең жолдарын мәнерлеп оқиды -2балл.





Жаңа білім
15 мин

5 мин
Бекіту


15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Автор туралы әңгіме:
-Өтебай Қанахин туралы не білесіңдер?
-Қандай шығармаларын оқыдық?
Ә) Мәтінмен жұмыс.
«Туған жер» атты мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.
Б) Сөздікпен жұмыс.

В) Сұрақ-жауап.
-Адамның өмірі туған жермен қалай байланысты?
-Туған жердің көркіне, байлығына не жатады?
-Мәтіннің 3-абзацын іштей қайталап оқыңдар, өздерің тұрған жермен салыстырып айтыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.
ЕБҚО:
-Мәтін не туралы болды?
-Мәтіннің қай сөзі ұнады?


Сергіту сәтінде Отан туралы ән тыңдайды.


(Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.
А) Іздену.
-Мәтіннен Отан сөзіне мәндес сөздер іздеп табыңдар.
Ә) Дәлелдеу.
-Кестеде берілген мәтін үзіндісі бойынша өз ойларыңнан мысал келтіріп дәлелдеңдер.
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтіннің 2-ші және соңғы абзацын үлгідегідей өзгертіп оқыңдар.
В) Түсіндіру.
-Азаматтық парыз, міндет туралы соңғы абзацты оқып, түсінгеніңді әңгімелеңдер.
Д) Шығармашылық жұмыс.
-Өздерің тұрған жерді сипаттап, «Біздің ауылға/қалаға келіңдер» тақырыбына жарнама жасаңдар.

Тапсырмалар орындайды.

Ән тыңдап сергиді.


-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.



Дескриптор:
- Автор туралы әңгімелейді -1балл.
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
Мәтін бойынша сұраққа жауап береді-1балл.

Дескриптор:
- Отан сөзіне мәндес сөздер табады-1балл.
- Мәтін үзіндісі бойынша өз ойларынан мысал келтіріп дәлелдейді -1балл.
- Мәтіннің 2-ші және соңғы абзацын үлгідегідей өзгертіп оқиды -1балл.
«Біздің ауылға/қалаға келіңдер» тақырыбына жарнама жасайды-2балл.

«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
4 сынып 2019ж


Кері байланыс
2 мин

Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: «Сен өз ауылыңды/қалаңды білесің бе?» тақырыбына викториналық сұрақтар дайындау.

Сабаққа кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет