Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата07.05.2017
өлшемі50,12 Kb.
#15964
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Фариза Оңғарсынованың өлеңіндегі негізі ойды, идеяны ұғындыру. Ата - ана мен бала арасындағы махаббатты, ата - анаға тілеген ақ тілегінен балаларға өз ата - анасынан ең жақын, ең қасиетті адам жоқ екендігін түсінуге мүмкіндік беріледі.

Дамытушылық: балаларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге және ата – анасын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабаққа қолданылатын әдіс - тәсілдер: жинақтау, топтау, сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі

Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

- Балалар қазір қай мезгіл?

- Наурыз айында қандай мейрам бар?

- Аналар күні келе жатыр екен.



Жылу

Жылылық тобы:

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның – таң мекен.

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?

Мейірім тобы:

Мейірім – нұр төгілген

Күн көзіндей жанары,

Ойымды оқып өңімнен,

Дірілдейді қабағы.

Қамқорлық:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан

Қамқор адам бар ма екен?!

Барлығы бірге:

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Б. Бұлқышевтің «Ана»мәтінін оқу, жаттау

2. Ана туралы мақал - мәтелдер айту

3. Өз анаңды суреттеп жаз



ІІІ. Өткенді пысықтау.

-Аңыз болған қандай аналарды білеміз? Қарашаш ана, Ұлжан, Зере, Айғаным, Әлжан ана Әсем әжей.

-Аналарға деген еліміз тарапынан қандай қамқорлық жасалған?

(Алтын алқа, күміс алқа беріледі)

-Аналар сіздерді қалай ерекелетеді? (Күнім, айым, аппағым, құлыншағым, балапаным, қошақаным, ботам)

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту «Бұл кім?» ойыны

Үйдегі алтын қазық. Ол ақылды болса, бала дана болады. Оның тәрбиесі – қызға үлгі. Ол жоқты бар, ашты тоқ ететін, үйдегі бақ. Қаламы жүйрек жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де, сол адамнан туып, соның көкірегінен нәр алып өседі. Бұл кім? ж: Ана

Әркімнің сүйенер тіреуі. Әркімге қымбат адам. Оны ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Қарап отырсаң оның да түр - түрі болады. Бірі ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі, қайратты, батыл, болып келеді. Бұл кім? Ж: Әке

Осы екі адамды біз бір сөзбен қалай атаймыз? Ата - ана

а) Фариза Оңғарсынова туралы мағұлмат беру.

Ф. Оңғарсынова - 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында өмірге келген. Қазақтың дарынды ақыны. Лирикалық өлең кітаптарының авторы. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Қанат туралы хикая».

2. Фариза туралы еске алу (видео)

2. Өлеңді мәнерлеп оқу

3. Сөздік жұмыс жүргізу. Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

1. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

2. Сұрақтар қою

Құстың баласы жерге құлап қалғанда не істеді?

- Ата - анасы жылады?

1.«Жылады» сөзі тура мағынада айтылып тұр ма?

2. Дәрі жағып, көмек берген соң балапанның хәлі қандай болды?

ҮІ. Кітаппен жұмыс

1. Іштей оқыту 2. Жеке - жеке оқыту 3. Поэзия минуты

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

«Ойымнан туған өрнектер» ұйқас бойынша өлең шығару

1)................................... боламын

...................................... аламын

......................................

...................................... ата - ананың



2) «Жалғасын тап» мақалдың жалғасын тап

(мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру).

Ана сүтін ақтамағанды,

......... (Ешкім мақтамайды).

Әкеге қарап ұл өсер,

......... (Шешеге қарап қыз өсер).

3) «Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған»

(Ата - аналарына тілек жазу)

ҮІІІ. Сергіту сәті. Пікіріңді айт. Видео. Әке мен бала

Қиял: Егер мен ата – ана болсам...

Сіз үлкен адамсыз, сіздің балаңыз бар делік:

ІХ. Сабақты бекіту

1) 1. Бәріміз көзімізді жұмып, ата - аналарымызды ойлайық. Көз алдымызға ата - аналарымызды елестетейік. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер іштей сұраққа жауап дайындаңдар

1) Сен ата - анаңды жақсы көресің бе?

2) Сенің ата - анаң қандай адам?

3) Әкеңнің мінезі, анаңның мінезі қандай?

4) Сені қалай еркелетеді?



2) Балалардың өлеңді оқу барысында қандай көңіл күйде болғанын анықтау.

1. Ренжідік!

2. Таңқалдық!

3. Өте қуандық!

4. Аядық

Х. Бағалау, мадақтау

Сонымен бірге сабақ бойы жинаған гүлдерді ұпай ретінде есептеп бағалаймын.

- Балалар, сендер осы гүлдей болып жайнап, ата - аналарыңның көз қуанышы болып жүре беріңдер дегім келіп тұр. Мына жинаған гүлдеріңді ата – аналарыңа сыйлаңдар.

ХІ. Үйге тапсырма

1) Ата - аналарына ақ тілектерін жазып ашық хат дайындау

2) Мақалдар жаттау

3) Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.



Қорытынды. Ән Есет Садуақасов «Әкешім-анашым»

№1 Алға мектеп-бақша

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:



«Қанат туралы хикая.

Ф. Оңғарсынова»

4 «Б» сынып



Өткізген: Муханова А.А.

2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет