Жемістер әуені
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Аспатарды сипаттай білуді үйренеді.
«Жемістер» әнін топта, жұпта орындайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1-тапсырма. Талқылау.
Оқулықта бау-бақшада өсетін жемістердің тұтастай (мысалы, алма, алмұрт, жүзім және т.б.), ал жанында олардың аршылған немесе түрлі бөлікке бөлінген суреттері берілген. Мұғалім балаларға өздеріне таныс жеміс-жидектерді сипаттауды тапсырады (түсі, пішіні, қаттылығы, жұмсақтығы, дәмі) және оқулықтағы кестені ұсынады. Бұл жемістер құрылымын талқылаудың модельдік үлгісі толықтай аспаптарды зерттеу ұласады.
|
Оқушылар оқулықтағы үлгіге қарап, жемістерді сипаттайды.
|
|
«Музыка» оқулығы
|
Ортасы
|
2-тапсырма. Зерттеу.
Оқушыларға сыныпта бар аспаптарды кезек-кезек қолдарына алып, шығаратын дыбыстарына назар аударуын сұрайды. Мысалы: оқулықта қобыз, дабыл, қоңырау аспаптарының сипаты берілген. Мұғалім оны басқа аспаптармен ауыстыруына да болады. Дегенмен ол аспаптар таңдаған жеміс түрімен сәйкес келгені дұрыс. Одан кейін музыкалық аспаптар туралы ойлары мен әсерін жеткізу үшін жемістерге жасаған сипаттамалық тәжірибесін қолдануға шақырады.
«Insert» әдісі (Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды). Екі жұмыс түрінде де Блум таксономиясының мақсаттылық-әрекеттілік түрлері толықтай жүзеге асырылады.
Тапсырмалар:
-Дабыл, қоңырау, қобыз аспаптарын кезек-кезек қолыңа алып, сыныпта ойна, аспап дыбыстарына назар аудар
-Жемістерге жасаған сипаттамаларыңды қолданып, музыкалық аспаптарды да сипаттап айт. Көмекке оқулықтағы үлгіні пайдаланады.
3-тапсырма. Орындау.
Сабақта оқушылар К.Қуатбаевтың «Жемістер» әнін үйренеді, өлеңін жазған: Н.Жанаев, Ән өте қарапайым, үйренуге жеңіл. Мұғалім ән жолдарын сөздерімен бірге мәнерлеп орындауға назар аударады.
|
Оқулықтағы үлгіге қарап, аспаптарды сипаттайды.
|
|
«Музыка» оқулығы
|
Соңы
|
Сабақ соңында өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында оқушылар өзіне ұнаған аспаптарды сипаттап, көмек ретінде оқулықта берілген кестені пайдалана алады. Бағалау:
-Қай музыкалық аспапты жақсы сипаттай алдым?
-Қобыз аспабы туралы не білдім?
-«Жемістер» әнін қалай орындадым?Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.
|
Пәні: музыка.
|
Тағам мен сусын.
|
Педагогтің аты- жөні
|
Мамырова Аширкул Кузеновна.
|
Күні
|
29.04.2022ж.
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |