«Сәлемдесу»ойыны. Оқушыларға жанындағы парталастарымен қалай амандасу керек екенін айту. Олар бір-бірімен дәл солай тез-тез аман- дасады. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… аяқпен... шынтақпен... Ойын арқылы оқушылардың көңілін көтеріп алу.
Автор жайлы қысқаша мағлұмат тыңдайды.
1-жаттығу.Өлеңді тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеуге тырысады.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалау.
https:// adebiportal.kz/ kz/authors/ view/955
Дәптермен жұмыс 2-жаттығу жазбаша орындалады.
Дескриптор:
Балалар, әдепті бала үнемі қандай әрекеттерімен көзге түседі? Ендеше, бірнеше әдептілік ережелерімен танысып алайық.
Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.
Үлкенді сыйла.
Мұқият тыңда.
Біреудің сөзін бөлме.
Асықпай, сыпайы сөйлес.
Сергіту сәті:Әртүрлі елдердің сәлемдесуін көрсетеді.
Жапондар сәлемдескенде иіледі. Кенияда масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Қытайлар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғы- тады.
Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, ал тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде тілдерін шығарып, амандасады.
3-жаттығу. Жаңа кездескен адамдармен қалай амандасасың? Танысқан кезде қандай сөздерді қолданасың? Жұптық тапсырма ұйымдастыру.