1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
Сабақтың мақсаты
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажыратып, үлгі бойынша жазады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық көңіл күйді қалыптастыру Қатар өскен дос құсап, Қатар өскен қос бұтақ. Әрқайсысында
Бірі қысқа, Бірі ұзын Бес бұтақ.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы интербелсенді тақтадағы таныстырылымнан тыңдайды, бірге айтады.
Тапсырма
Ортасы
Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар: Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Өлеңді өзі оқиды.
Жеке оқушыларға оқытады.
Мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау. Дәптер көлбеулігінсақтау.
Дәптермен жұмыс.Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.
2-жаттығу. Мұғалім тақтаны екіге бөліп сызады. Бірінші бағанға неше? сұрағына жауап беретін сөздерді жазғызады. Екінші бағанға нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді жазғызады.
Мәтінмен жұмыстар жүргізеді. Партада дұрыс отыруын қадағалайды.
Дәптер көлбеулігін сақтайды. Көркем жазу Тоғыз, біреу сөздерін көркем жазады.
2-жаттығу. Сөздерді берілген үлгі бойынша жазады.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.
3-жаттығу.Жақшаның ішіндегі сандарды жақшадан шығарып, сөзбен жазады.
3-жаттығу. Сөйлемді оқиды. Сандарды сөзбен жазады.
«Сан түрлі тапсырмалар»әлеміне саяхат.
– Балалар, бүгін біз «Сан түрлі тапсырмалар» әлеміне саяхатқа шығамыз. Жолда бірнеше аялдамаға тоқталамыз. Саяхатқа дайынсыңдар ма? Ендеше, сәт сапар!
«Ой бөліс»ойыны Тест тапсырмаларын жұпта орындайды. Дұрыс жауабын тақтамен салыстырады. Барлық жауабы дұрыс болған оқушы жұлдызша арқылы бағаланады.
Заттың санын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтарды тап.
а) қандай? қай?
ә) қанша? неше? нешінші? б) не істеді? қайтті?
Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап. а) бесінші
ә) бес б) бесеу
Заттың санын білдіретін сөздерді көрсет. а) сана, оқы
ә) жиырма, үш жүз б) биыл, былтыр
Сөйлемнен заттың санын білдіретін сөздерді тап. Олжас бірінші орын алды.