Сабақ: дүниетану Мектеп: №1 мектеп -гимназия Күні



Дата13.02.2017
өлшемі113,88 Kb.
#9158
түріСабақ

Сабақ жоспары 

САБАҚ: дүниетану

Мектеп: № 1 мектеп -гимназия

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Жолаева Салтанат

СЫНЫП: 1 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Құстар қалай қыстайды?

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Құстардың тіршілігіндегі басты ерекшеліктері жөнінен білім беріп, құстардың қыс мезгіліне бейімделуін түсіндіру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: жетелеуші сұрақтар қою арқылы қыстап қалатын құстардың түрлерімен танысады, тіршілігі жөнінде білім алады, сұрақтарға жауап береді.


Кейбір оқушылар: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау,құстардың пайдасын, немен қоректенетінін анықталады.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. Үй құстары мен жабайы   құстарды ажыратады. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.


Тілдік мақсаты


Сөздік қоры молаяды, түсініп оқиды, тірек сөздер


Алдыңғы білім

  • Бунақ денелілерге не жатады?

  • Олар қалай қыстайды екен?

Жоспарланған уақыт

45 минут




Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы


  1. мин

1.Психологиялық дайындық

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз- еңбектену

Еңбектену арқылы

«5»-ке қолды жеткізу

-Жарайсыңдар! Әрине бүгінгі сабақта 5 алтындарыңа сенімдімін.

2.Шаттық шеңбері «Бақыт құсын қолға алып, жылы лебіздер білдіру»





Құстың макеті


Ортасы


5 мин

2 мин

8 мин

16 мин

4 мин

«Кубизм» стратегиясы сұрақ жауап арқылы өткен тапсырмалар және құстар туралы не білетінін сұраймын

  • Кесіртке мен жылан бұлар қай топқа жатады?

  • Олар қалай қыстайды екен?

  • Бақа қай топқа жатады?

  • Неге олай аталады?

  • Бақа қалай қыстайды екен?

(«Т» стратегиясы бойынша өзін-өзі бағалау)

Көзді жұмып, қысқы ормандағы құбылыстардың даусын тыңдау;

Бұл қай мезгіл?

Ненің даусын естідіңдер?

Қандай құстардың даусын естідіңдер?

Оқушыларға құстардың қысқы тіршілігі туралы бейнефильм көрсету

Қандай құстарды көрдік?

Ал қалған құстар ше олар қайда ?

Ия, дұрыс айтасыңдар көптеген құстар суыққы шыдамай, өз әрекеттерін жасап, жылы жаққа ұшып кетті.

Ал , біз бүгінгі сабақта осында қыстап қалатын отырықшы құстар жөнінде білім алатын боламыз.

Жаңа сабақ

Оқушылар конверттен құстарды алып, соларды постермен қорғайды.

Кездескен құстардың атын жазып отыру;

Алдымен құстарды сипаттап берейікші, құстар жөнінде не білеміз?

ҚҰСТАР
Интерактивті тақтамен жұмыс:
Құстар жануарлардың маңызды тобы. Біз қай пән болмасын құстар туралы айтамыз. Құстар туралы білетініміз де аз емес. Ендеше, есімізге түсірейікші, үй және дала құстары болады. Бәріміз назарымызды тақтаға аударайық, құстарды суретіне қарап атап, астына аттарын жазып қояйық.
Интерактивті тақтадан құстарды көрсете отыра, қай құс екенін жазу.
Құстар нешеге бөлінеді? Үй құстары бізге не береді?

ҮЙ ҚҰСТАРЫ: күркетауық, әтеш, үйрек, қаз, тауық
ДАЛА ҚҰСТАРЫ: аққу, сауысқан, қарлығаш, қараторғай, бүркіт, құр т. б.
Мұғалім қорытындылайды.

Сонымен бірге құстар екі топқа бөлінеді отырықшы құстар, жыл құстары. Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?


- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
- Ал, неге олар қайтып оралады?
- Себебі, біздің жақ олардың туған жері. Олар осы жерде пайда болды. Ол жақта өте ыстық. Жұмыртқа басатын уақытта ыстықтан жұмыртқалары шіріп кетеді, сондықтан да осы жаққа қайтып оралады.
- Ал, енді шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?
(суреттерін көрсетіп, атап шығу)

Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?


- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
- Ал, неге олар қайтып оралады?
- Себебі, біздің жақ олардың туған жері. Олар осы жерде пайда болды. Ол жақта өте ыстық. Жұмыртқа басатын уақытта ыстықтан жұмыртқалары шіріп кетеді, сондықтан да осы жаққа қайтып оралады.
Отырықшы құстарға тоқталу:
ШЫМШЫҚ – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.
АЛА ҚАРҒА – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді.
ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі.

ТОҚЫЛДАҚ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. СУЫҚТОРҒАЙ – ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді.

САУЫСҚАН – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.
ҚҰР – орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады.

КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

Сергіту сәті

Құстарға біз ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Ұшып, ұшып алайық.

Орнымызға қонайық

Видео «Құстардың қыста азық тауып жеуі»




Жаңа сабақты бекіту

Оларды сипаттап айту;

Ой толғаныс.
“Сәйкесін тап!” ойыны (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)

Қарға------ шиқылдайды


Сауысқан----- тоқылдайды
Шымшық------ қарқылдайды
Тоқылдақ --------шақылдайды
Құр ----------- құрқылдайды

Құстарды топтастыру;



Құстарды ағаштың көк және жасыл түсіне орналастыру. Отырықшы құстарды көк тұсына, ал жыл құстарын жасыл тұсы жағына орналастырамыз.


Кубик, бағалау парақшасы, қысқы ормандағы құстардың , АКТ
үнтаспа

Бейнефильм,АКТ

Бейнефильм,АКТ



АКТ

АКТ

АКТ

АКТ

АКТ

АКТ

АКТ

Бейнефильм

Қима қағаздар, маркер, АКТ


Ватман, желім, құстардың суреттері,АКТ



Соңы


  1. мин



5 мин

Үйге тапсырма: құстардың тіршілігін бақылау, мәтінді түсініп оқу

Кері байланыс:

«Сэндвич» әдісі

1 қатпар- не ұнады

2 қатпар-нені жақсарту керек, қалай жақсарту керек

3 қатпар-маған ұнады, бірақ жақсарту керек....

Смайликтер


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту –көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың берілген материалды меңгерудеңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтар мен байланыс

Құстар туралы мақал –мәтелдер айтады

Смайликтер, топ босшысының бағалау парақшасы

Әдебиеттік оқу, бейнелеу

Интербелсенді тақтаны қолдану 7-10 мин

Сыныптың және ауаның тазалығы

Рефлексия

Сабақ мақсаттары оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар неніүйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет