Бастауыш сынып мұғалімі: Джилкибаева Гулжан Хасановнаның әдебиеттік оқу пәнінен
қысқа мерзімдік жоспары Күні -------------- Сабақ ------------
|
Әдебиеттік оқу
|
2 сынып
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ұр, тоқпақ (Ертегі)
|
Жалпы мақсат:
|
Ертегіні түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Ақылдылыққа, тапқырлыққа, тәрбиелеу;
|
Сілтеме:
|
Әдебиеттік оқыту әдістемесі
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Ертегідегі негізгі ойды түсінеді.Өмірмен байланысын таба алады.
|
Негізгі идеялар:
|
Ертегідегі негізгі ойын түсінеді
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
АКТ құралдары: постер, түрлі – түсті бояу, қағаздар
|
Оқыту әдістері:
|
Жаңа әдістер АКТ СТО
|
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3.Жұптық жұмыс 4. Топтық жұмыс
|
Дерек көздері:
|
Интернет материалдары
|
Топқа бөлу
|
Ұйымдастыру кезі. Сәлемдесу.Назарларын сабаққа аудару.
Ынтымақтастық атмосфера құру.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!
Топқа асықтарды таңдату арқылы бөлу.
Бағалау парақтарын тарату.
|
|
Мақсат
|
Күтілетін нәтиже
|
Түрткі (сұрақ, тапсырма, жағдаят )
|
Бағалау
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
критерий
|
дескрип
|
ұпай
|
Білу
|
Өткен тақырыптың мазмұнының меңгергені туралы білімдерін анықтау
|
Өткен тақырыптың мазмұнының меңгергені туралы білімдері анықталады
|
«Қасқыр мен түлкі» мазмұндау
|
Аша алу деңгейі
|
1.толық ашты 2.жартылай ашты
3.аша алмады
|
3
2
1
|
Сұрақтар қояды
|
Жауап береді
|
Түсіну
|
Ертегі мазмұнын таныстыру,
қиялдау дағдыларын жетілдіру.
|
Ертегі мазмұнын түсінеді.
Қиялдай біледі.
|
Мультфильм «Ұр ,тоқпағым, ұр» тамашалау.
қалай тусінесін...............
|
Қиялдай алуы
|
1.жоғары деңгейде
2.орташа деңгей
|
2
1
|
Жетекші сұрақтар қою
|
Өз ойын біліреді
|
Қолдану
|
Ертегі түрлеріне тоқталу
|
Ертегілер жайлы әңгімелесу
|
Ертегіні оқу
Сұрақтарға жауап алу.
- Ертегі не туралы?
- Кемпір мен шал қандай күй кешіпті?
- Шалдың тұзағына не түседі?
- Кемпір шалдың оқиғасына сенеме?
- Шал қайда аттанады?
- Жолда не естиді?
- Шал Қазыбайдан не сұрайды?
|
Әгіме
леуі
|
1.толық
2.жартылай
|
2
1
|
Түрткі сұрақтар қойып отырады
|
Әңгімелейді
|
Талдау
|
Шығармадағы негізгі ойды ұғындыру.
|
Негізгі ойды ұғынады.
|
Тапсырма:
1 Суретпен жұмыс
Дәптерге жазады.
|
Орындай алуы
|
1.Толық
2.жартылай
|
2
1
|
Түрткі сұрақтар қою
|
Жауап береді
|
Жинақтау
|
Кейіпкерлер бейнесін өзіндік көзқарасымен танытуға бағыттау.
|
Кейіпкерлер бейнесін өзіндік көзқарасымен танытуға бағытталады
|
Тапсырма:
1 топ Қаздың тұзаққа түсуі . 2 топ Шалдың қазды іздеп шығуы. 3 топ «Піс- қазаным піс» 4 топ «Құс есегім құс» 5 топ «Ұр, тоқпағым, ұр»
|
Жауап бере алуы
|
1.Толық жауап берді
2.Жартылай жауап берді
|
2
1
|
Топтық жұмыс ұйымдастырады
|
Ойымен бөліседі
|
Бағалау
|
Өз ойын дәлелді жеткізіп,пікірді қорғай білуге үйрету.
|
Өз ойын дәлелді жеткізіп,пікірді қорғай білуге үйренеді
|
«Ұр тоқпақ» ертегісін мазмұндау.
|
Пікірін білдіре алуы
|
1.Толық жауап берді
2.Жартылай жауап берді
|
3
2
1
|
Жетекші сұрақтар қояды
|
.Мазмұндап береді
|
Кері
байланыс
|
Алған әсерлерін жазу
|
Алған әсерлерін жазады
|
«Екі жұлдыз , бір тілек »
|
Пікірін білдіреді
|
|
|
Жұмыстарын жинайды
|
Ойын жазады
|
№ 14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Джилкибава Гульжан Хасановнаның әдебиеттік оқу пәнінен 1 сабақ бойынша рефлесивтік есебі.
Әдебиеттік оқу пәні . Тақырыбы «Ұр, тоқпақ» ертегі.
Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Ақылдылыққа, тапқырлыққа, тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Ертегідегі негізгі ойды түсінеді. Өмірмен байланысын таба алады.
Сабағыма жағымды ахуалды амандасу арқылы туғыздым, топтық жұмыс жасау үшін 5 топқа бөлдім. Топқа асық үлестіру арқылы бөлдім. Үйге берілген тапсырманы «Қасқыр мен түлкі» ертегісін мазмұндады.
Сергіту сәтін «жануарлар биін» билегенен кеиін. Тақтаға назар аудартып «Ұр тоқпақ» ертегісін тамашалады. Оқулықтың 46-шы бетіндегі суретті мультфильмді басшылыққа ала отырып әңгімеледі.
Оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы диалогқа түсіп пікірлерін білдіріп жатқаны қуантарлықтай.
Мәтінмен жұмыс жүргізу мақсатында оқу түрлерін пайдаланып оқыттым. Жұппен, топпен, хормен оқып берді.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып өлең жолдарын меңгерту мақсатында «ДЖИГСО» - ұжымдық оқыту әдісін қолдандым. Әр топ өзіне берілген бөлікті топта талқылап, әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа мазмұнын түсіндіру тапсырылды, қызық болды, топ тыңдаушыларына жеткізу үшін көп сөздер қолданып мағынасын ашуға тырысты, ойларын ашық айта бастады. Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға постер қорғаттым.
Тапсырма:
1 топ Қаздың тұзаққа түсуі . 2 топ Шалдың қазды іздеп шығу. 3 топ «Піс- қазаным піс»
4 топ «Құс есегім құс» 5 топ «Ұр, тоқпағым, ұр»
Тапсырма қорғауға топ бірлесіп шықты. Диалогтік оқытудағы әңгіме қарым-қатынас идеяларды екі жақты бағытта жүріп отырды. Оқушы мен оқушы арасында қарым-қатынас, ынтымақтастық байқалды.
Бағалау формативті түрде жүргізіліп отырды, бағалау парағына күлегештерді жапсырмаладым. Кері байланысқа «Айдаһар» стратегиясын пайдаландым, сабақ оқушыларға өте үнаған мен оны «Айдаһардың» ең алдында күліп тұрғанын бояғандарынан байқадым. Жақсы жоспарланған сабақ, сәтті өтетінін басты назарда ұстау, оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамыту тапсырмаларды көбірек ұйымдастыру.Зерттеушілік әңгіменің тапсырмаларын қарастыру керек екенін келесі сабағыма жоспарладым
Достарыңызбен бөлісу: |