Сабақ: Әдебиеттік оқу. Қасым Аманжолов.



Дата31.12.2019
өлшемі19,54 Kb.
#54601
түріСабақ

Сабақ: Әдебиеттік оқу. Қасым Аманжолов. «Туған жер»

Күні: 4.09.2017ж

Мұғалім: Алшынбаева А.Т.

Сынып: 4Г

Қатысқан:

Қатыпағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар



Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар білуге тиісті:

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.



Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы.



Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Қасым Аманжоловтың өзге де шығармаларын.



Бұрыннан бар білімдері

Өлеңді сатылай кешенді талдауды біледі.

р/с

Атқарылатын жұмыстар

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Бағалау

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1


Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық жасау.



 

 


 

 


Бір-бірінің көңіл-күйін біліп, тілек айтады.

Бір-біріне қаратып, жақсы тілектер айтқызамын.

2

Жаңа сабақ

Ой қозғау.

 

Формативті

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтады.

Тыңдаймын

3

Көрсетілім.

Қ. Аманжолов өмірбаянымен және еңбектерімен таныстыру.



Түсіндіру

Слайд

 

Картаны көреді, түсінеді. Автор туралы білетіндерін айтады, туған жер мағұлмат алады.

«Туған жер» деген сөзді естігенде көз алдыңа не елестейді?

  • Құлағыңа қандай дыбыстар келеді?

  • Мұрныңа қандай иістер сезіледі?

  • Қандай сезімге бөленесің?

Суретшілер өздерінің табиғатқа , туған жерге деген сезімдерін сурет арқылы халыққа жеткізсе, ақын-жазушылар өлең –жырлары арқылы жеткізе білген. Сондай ақынның- бірі Қ.Аманжолов.

4

Оқулықпен жұмыс.

«Ойлан, жұптас, топтас, бөліс» әдісі.

Оқулық

Бағдаршам

Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқиды, 1-ші топ бірінші шумақты. 2-ші топ екінші шумақты. 3-ші топ үшінші шумақты оқып талдайды.

Әр топ өлең мазмұны бойынша 3 сұрақтан дайындайды. Дайындаған сұрақтарын қарсы топтарға қояды.



Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін. Тыңдаймын.

5

Сергіту сәті.

Автралиялық жауын.

 

 

Мұғалімнің көрсеткен дене қиылдарын жаңылмай жасайды.

Дене қимылдарын көрсетіп тұрамын.

6

Дәптермен жұмыс.

Ой қозғау.

Оқулықтағы 5 пен 6-тапсырма

Формативті

Тапсырманы бірлесе орындаймыз

Нұсқау беремін.

7

Сабақты пысықтау.

Сұрақ-жауап әдісі.

 

Мадақтау    

 


Қойылған сұрақтарға жауап береді.

- Өлеңнен ұйқас сөздерді табыңдар.

/тауға, балаға, далаға барыс септігінің жалғаулары жалғанған/

- Ақынның көңіл-күй, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?


Өлең мазмұны бойынша түсінгендерін байқау мақсатында сұрақтар қоямын.

8

Қорытынды.

 

1.Постер сызу.

2. Эссе жазу. «Туған жердің топырағы»


Плакат, маркер. Слайд

 

1.Тақырып бойынша түсінік картасын сызады.

2. Мен бастап берген эссені аяқтайды.

     Қыс кезі. Бүгін күн ерекше суық. Айнала аппақ қар. Ал менің алдымда бір уыс топырақ тұр. Мен осы бір уыс топыраққа қарап рахаттанамын. Өйткені, ол менің туған жерімнің топырағы.
О, шіркін, туған жер. Әр адамға ыстық қой, ыстық...../аяқтау./


1. Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін.

2. Слайдта жазылған эссені  оқып беремін, әрі қарай өздеріне жаздырамын.



9

Бағалау.

 

 

 

 

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

10

Үйге тапсырма.

 

 

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Ортақ тапсырма: Қ. Аманжолов. «Туған жер» өлеңін жаттау.
І - ІІ деңгей: Шығармашылық тапсырма: «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу., немесе өлең құрастыру.
ІІІ - деңгей. Осы тақырыпқа сурет салу.

11

Рефлексия

 

Кері байланыс парағы

 

Кері байланыс парағына Не білдім? Не білгім келеді? Қандай қиындықтарға кездестім және оларды қалай жеңдім? деген сұрақтарға өз ойын ашып жазады.

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет