Сабақ әдісі: Сұрақ-жуап,таным,Блум таксономиясы,білу,түсіну қолдану,бағалау



Дата15.09.2017
өлшемі73,13 Kb.
#33673
түріСабақ
Байқожа Айша,

Аманкелді атындағы

жалпы орта мектебінің мұғалімі.

Арыс ауданы Қожатоғай ауылы,ОҚО.


Тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер.Өрмекші,құмырысқа,қарлығаш.

Мақсаты:
Білімділік: Бас әріппен жазылатын сөздер туралы түсініктерін тиянақтай түсу.

Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру сөздік қорларын молайту.Тіл

байлығын арттыру.

Дамытушылығы: Оқушының ақыл-ойын,тілін байланыстарып сөйлеу,жазу дағдысы

мен танымдық әрекетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыны ұғымталдыққа,жинақылыққа баулу.Еңбек сүйгіштікке

тәрбиелеу.Еңбек адамдарын құрметтеуге үйрету.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жуап,таным,Блум таксономиясы,білу,түсіну қолдану,бағалау.

Көрнекілігі: Қима қағаздар,білім ағашы,постер,кесте.


Сабақтың барысы:

І- ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Мұғалімнің айтқанын,

Миға мықтап тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ

Кілең ,,5,,-тік аламыз

ІІ Үй тапсырмасы

1. Сұрақтармен жұмыс.

-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?

- Атайықшы (көктем,жаз,күз,қыс)

- Қазір қай мезгіл? (көктем)

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Атайықшы (наурыз,сәуір,мамыр)

- Қазір қай ай? (наурыз айы)

-Наурыз айында қандай атаулы күндер бар?

-8 наурыз –Аналар мерекес

-22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

-22 наурызда қандай ерекшелігі бар?

-22 наурыз күні мен түн теңеледі.

- Самарқанның көк тасы еритін күн

-Наурыз деген сөз не мағына береді?

- Жаңа күн

- Биыл қазақша қандай жыл келеді?

-Биыл жылқы жылы
2.Өтілген сабақ

- Қазір қандай сабақ? Ана тілі

- Үйге не берілді? Екі соқа

Мәтін мазмұнын әңгімелету, мазмұнына сай сұрақтармен жұмыс.



  • Зауыттан неше соқа қатар істеліп шықты?

  • Біреуі кімнің қолына түсті?

  • Егінші онымен не істеді?

  • Екінші соқа қандай күй кешті?

  • Арада бірнеше ай өткенде қандай оқиға болды?

  • Тот басқан соқа жалтыраған соқаға не деді?

  • Ол қалай жауап берді?

Мәтіннен соң қандай мақал еске түседі?

Ердің атын еңбек шығарады.


Сергіту сәті

Күркіреді күн-күн

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқаңды тос–тос

Күнбағыс тез өс-өс!

ІІІ Жаңа сабақ


Бас әріппен жазылатын сөздер

Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш.




  1. Ы.Алтынсарин туралы мәліметтер беру

Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш




Овал 7

Ыбырай

Алтынсарин

Бір уыс мақта Кел балалар оқулық


Торғай Өзен


Қостанай



  1. Бас әріппен жазылатын сөздер.

Оқулықпен жұмыс.

  • Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

  • Кісінің аты-жөні Жер су аты Үй жануарларының аты
    Айман,Асқар Алматы, Алатау Құлагер,Мойнақ

Оқушыларға мысалдар келтірту (өз аты-жөнін атату)

Дәптермен жұмыс.


103- жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Кісі және өзен атын теріп жазу

Кісі аттары: Өзен аттары

Пушкин Еділ

Тарас Днепр

Тәжібаев Сырдария

105-жаттығу Сөздерді оқыту

Кісі аттарын,сонан соң жер- су аттарын жазу.

Кісі аттары: Жер-су аттары

Аружан Баянауыл

Үсен Арал

Ақтілек Маңғыстау

Қуаныш Көкшетау
Сергіту сәті

,,Лондон Жаңбыры,,

(Құрт жаю,саусақты шытырлату,екі қолды кезек-кезек санға соғу,екі аяқты кезектестіріп,еденде бір орныда жүру,құрт жаю.)


  1. Жұмбақтар шешу.

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты

Ұшқырлардың жүйрігі.

(қарлығаш)

Құжынаған жұмыскер

Бірдескенде тым іскер.

(құмырсқа)

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.

(өрмекші)


Түсінуі,білуі.

Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш суреттері көрсетіледі.


Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып беремін,мазмұнын әңгімелеу.

Оқушыларға мәтінді тізбектей жалғастыра оқыту.
Қолдану.

Эссе жазу.

Өрмекші Құмырсқа Қарлығаш

Өрмекші-бунақ денелі Құмырсқа өте еңбекқор Қарлығаш құстар тобына

жәндік.Ол тор құрып жәндік.Оның басы үлкен жатады.Денесі қара,бауырақ

өз азығын ұстап жейді. белі жіңішке,құйрығы үл- болады.Ол өте ұқыпты құс.

Өрмекші еңбекқор. кен болады.Құмырсқада Қарлығаш-адамның досы.

күш көп.
Постер құрау,қорғау




Полотно 16
4.,,Сөзден сөз шығару,,
Астана Алматы Жетісу

ас алма жеті

тана ал су

ана мата жеу

ата ала тіс

сана ат жет


5,, Өлең құрастыр,,

Қатар бойынша бөлінген өлең жолдарын құрастыру,оны орындау.

Келді көктем далаға

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Ауылымды арала

Ай –ай нұрлы көктем

Ай-ай сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып

Би билейміз ән салып

Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел,балалар әнменен

Қарсы алайық көктемді.

ІV.Қорытындылау
Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш мәтінін пысақтау жұмысы

(ата мен немересі)


7. ,,Білім ағашы,,
Оқушылар тақырыпты түсіну деңгейін көрсету жұмысы жүргіздім.

Толық түсінсе-жасыл жапырақ

Шамалы түсінбесе- сары жапырақ

Түсінбей қалса- розвый жапырақты алып ағашқа іледі.


V.Бағалау
9.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. 104- жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет