Сабақ: Әңгіменің баяндау стилі, тіл көркемдігі Күні: 20. 02. 2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Баубеков А. С



Дата25.08.2017
өлшемі107,1 Kb.
#27625
түріСабақ

Пәні: Қазақ әдебиеті

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №9 орта мектеб»і КММ

Сабақ: Әңгіменің баяндау стилі, тіл көркемдігі

Күні:20.02.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Баубеков А.С.

Сынып: 5 Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны, «Жаңа достар» шығармасының мазмұнын толықтай меңгереді, мәтінге талдау жасайды, білімдерін толықтырады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби теория ұғымдарымен танысады, тақырыптық мазмұнын баяндай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өз пікірін сенімді әрі дәлелді айта алады, жазушының баяндау стилін түсінеді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ізденістерге негізделген жұмыстүрлерін өз бетімен жасай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Әдеби норма сақталып, жазылған мәтіндегі астарлы мағынаны табады және өмірмен байланыстырады

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Теңеу,пейзаж,портрет, прототип

Мәтін құруға

Менің досым...

Менің ойымша...

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті Қайрош қалаға қашты?

Алдыңғы оқу

«Жаңа достар» әңгімесін мазмұндау

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Кіріспе кезеңі: 10-12 минут

Психологиялық ахуал


Сабақ ұстанымы.
2 минут

«Ой қозғау»

фронтальді сұрақтар

5 минут

2. Мағынаны тану

3 минут видео арқылы

5 минут

Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қандай?

-Жақсы.


-Ендеше осы жақсы көңіл-күйде сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабақтың ұстанымы Ғабит Мүсіреповтың тілімен айтсақ мынандай болмақ...



Алтын жатса алмаймыз,

Өтірік айтпаймыз.

Үмітті ақтаймыз

Достықты сатпаймыз!
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақтанның болашағы- жастардың қолында» дейді! Біздің еліміз жанданған, дамыған отыз елдің қатарына кіріп , Мәңгілік ел болу үшін өскелең ұрпақ, сіздер білімді болғандарыңыз абзал. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетіп отырайық.

Алдарыңызда бағалау парақтары тұр. Топ басшыларын бағалауды бақылап отырыңыздар.
Үйге қандай тапсырма берілді.(Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан үзінді "Жаңа достар» әңгімесі.

-Жақсы


Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:

1.Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы не білесіңдер?

2. Ғ.Мүсіреповтың қандай шығармалары бар?

3. Жаңа достар әңгімесі кімнің атынан баяндалған?

4. Шығарманың идеясы не туралы?

5.|Шығарманың бас кейіпкерлері кімдер?

6. Қайрош қалаға не үшін келді?

7. Оқиға қалай аяқталады?

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!
Естеріңде болса, өткен сабақта үйге тақырыпты бөлімдерге бөліп келуге берілген болатын.

Қане?


1. Қайроштың ауылдан қашуы

2. Қалаға келуі, достарды табуы

3. Балалар үйіне түсуі

4. Анасының келуі

5. Қайроштың өз шешімі

6. Арманының орындалуы
Ал, Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз

Әңгіменің баяндау стилі мен тіл көркемдігі.

  • Бұл сабақтан не білгілерің келеді? (Қайрош жайлы ақпарат білгіміз келеді)

Жақсы қазір мен сіздерге бір бейнебянды көрсетемін, мұқият тыңдап, көрейік. Назарларыңыз экранда болсын.

Болашақ батыр 1919 жылы Атыраудан 30 шақырым жердегі Қайыршақты ауылында дүниеге келді. Әкесінен жастай айырылды. Жоқшылық жетім ұлдың қолын байлағанмен жолын байлай алмады. Романда Қайроштың (Сарталиев) бір табын сиырды тастап, ауылдан қалаға қашу себебі сол білім алмаққа қараңғылықтан құтылу еді. Ашаршылықта тұрмыс қиыншылығын көрген бозбала Костя яғни Қайырғали 1933 жылы жеті сыныпты мектепте тәлім тереді. Артынан Биғайша анасыіздеп келгенде де оқуын үзгісі келмей Оралда қалған. Өмірдің тауқыметіне шыныққан шыншыл әрі қайсар Қайырғали 1939 жылы әскерге шақырылды.Ал соғыс басталған 1941 жылы 22 жаста еді. Алғаш Дон, Ростов, Арджанакидзе шайқастарына қатысты. Қырым мен Кавказда да ерлік көрсетіп Қызыл жұлдыз орденің кеудеге қадады. Бірақта Қ. Смағұловтың жасындай жарқырайтын шағы алды да еді. 1943 жылы Новосибирскде Элтиген деген төбеде, Кертш түбегінде майдан болып, сол жерде қанды қырғын болды. Көп ұлттан адамдар қаза тапқан. Сол жердегі ерлігі үшін Қайырғалиға батыр атағы берілген. Жараланған бұл кісіні бірден госпитальға жатқызып, бірнеше ай бойы емдеп, сосын пойызға мінгізіп Алматыға жіберген. Сөйтіп бір кездері ауылдан қашқан жігіт Кеңес одағының батыры болып еліне келеді. Жол бойы қошемет көреді.

Пойыздан түскен беттте, қаумалаған жұрттың құшағынан шығып әзер босайды. Оны республика компартия хатшысы күтіп алады. Жиын біткен соң көп адам ортасынан бір адам келіп, қолтығымнан алып, арқамнан қақты – дейді батыр.

-Мен сізді үйге қылайын деді.

-Бұл кісі Ғ.Мүсірепов еді.

Содан бұл кісі жазушының үйінде бірнеше рет қонақта болады. Майдан даласы туралы жазушы, батырдың өз аузынан естиді. Майдан даласына қайтадан аттанайын деп тұрған батырға Ғабит Махмұтұлы«сен менің кейіпкерім боласың дейді». Сөйтіп 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен шағын әңгіме жазылады.

- Алайда тылды қозғамай тек майданмен ғана шектелдің деген Мәлік Ғабдуллиннің сынынан соң 1950 жылы Ғабит Мүсірепов әңгімені роман жанрында қайта жазады. Бұл оның қаламына бұйырған ең алғашқы романы еді. Ендігі аты «Қазақ солдаты»....

Видеодан сұрақтар

1.Ал енді осы көрген үзіндіде, кім туралы айтылған?

3.Қандай жағымды жақтарын байқадыңыздар?

4. Қайрош түпкі тұлғасы кім?



Дәптерге жазып алайық прототип дегеніміз– әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде бар түпкі тұлға.

Мысалы : әдебиетте басқа да прототиптер көп «Менің атым Қожадағы» Қожа жазушының өз прототипі.

Енді бүгінгі сабақтың мақсаты жазушының тіл көркемдігін баяндау стилін анықтау.

Презентация

Презентация видео

материал


Слайд және видео көрсетіледі
Дәптер, қалам



Ортасы ;20-25 минут

Топтық тапсырма
Конверттегі тапсырма


4 минут жұмыс барысында

3 минут қорғауға
Семантикалық карта (3минут)

Жұптық тапсырма
Сергіту сәті:

Домино ойыны

5 минут

  • Сіздерге конверттегі топтық тапсырма беремін. Тапсырманы мұқият түсініп, толық орындаймыз. Берілетін уақыт 6 минут. Уақыт кетті...


1 топ Мәтіннен жер су аттарын және тұрақты тіркестерді табу

2 топ «Оқиға картасы» берілген суреттерді ретімен баяндайды

3 топ Сатылай кешенді талдау

4 топ. Кейіпкерлер моделін жасау

Сіздерде осындай Қайрошпен Шеген, Бораштікіндей достық бар ма?



Дұрыс дос әр адамда болу керек.


  • Келесі бөлімге ауыссақ бұл жолы сіздерге жұптық тапсырма. Орындауға 3 минут уақыт беріледі.

Семантикалық карта

Берілген мысалдар әдеби терминдердің қайсысына жатады белгілеңіздер.

Жақсы ендеше бір серігіп алайық. Қазір біз Домино ойынын ойнаймыз

Ол үшін топ басшылары келіп менен тапсырмаларды алсын

Мақал мәтелдер достық, адамгершілік, ана туралы, туған жер туралы.


  1. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

  1. Асыңа тойғызбасаңда,

Адамгершілігіне тойғыз.

3.Ана сүті бой өсіреді,

Ата сөзі ой өсіреді.

4. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас


  1. Бұл мақалдың шығармаға қатысына келер болсақ. Қайроштың жаңа достарды, адал достарды табуы.

  2. Бұл мақалда тәрбиеші Мария апайдың асына да, адамгершілігіне де жетім балаларды тойдыруы.

  3. Шығармада Қайрошпен ананың қауышуы, Жер бетінд....Ендеше сол ана сүті, ата сөзі арқылы бойына дарыған қасиеттің арқасында, кешегі бала Қайрош – Кеңес Одағының батыры болды.

  4. Әр азаматтың парызы Отан қорғау.Қайрош елін жаудан қорғады және туған жеріне оралды.

Балалар кәзіргі кезде үштілділікке көңіл бөлінуде.

Ендеше Жаңа достар сөзін тілдерде аударайық.



Конверт.

Оқулық, дәптер

А3, кесте, суреттер, желім, маркерелер.



Соңы; 10-15 минут

РАФТ стратегиясы

7 минут



Рефлексия

СМС жазу


Бағалау


Үй жұмысы;

3 минут


(Ойтолғау, бойынша сүйікті кейіпкеріне хат жазу.)

Арман-қиялдарыңызды жазыпсыздар өте жақсы, «армансыз адам қанатсыз құспен тең» - дейді халық даналығында армандарын орындалсын

Рефлексия

Бүгінгі сабақта сіздерге не ұнады, не ұнамады соны жазып мына жерге жабыстырыңыздар

Топ басшылары- топтарыңызды бағалаңыздар! Бағалау парағын маған жинап беріңіздер.



  • Оқушылар осы «Қазақ солдаты» романы қандай оқиғаға арналған???

Биыл сол сұм соғыстың аяқталғанына 72 жыл толады.

Ақындарын ардақтай білетін, батырларын мадақтай білетін біздің сүйікті қаламыз Балқашқа биыл 80 жыл толады.

Үй тапсырмасын жазып алайық. Қаламыздан Ұлы Отан соғысына

қаншама батырлар қатысқан ,солар жайлы ақпарат жинап және презентация дайындап келеміз.


Бүгінгі «Жаңа достарға» арналған сабағымызды қорытындыласақ:

Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.

Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан

Достардың барып ауласында өлгенмың артық –дейді Мұқағали ақын ендеше сендердің де достықтарын баянды болсын! Сабағымыз аяқталды, назарларыңызға рахмет!


Дәптермен жұмыс


Стикерлер, Телефон бейнесі салынған сурет



Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)










Рефлексия

Сабақтың мақсаты, міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде? Жоспарланған саралау іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланып, сол жақтағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?



1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет