Сабақ Экономикалық талдауда резервтер көлемін анықтау әдістемесі



Дата08.11.2023
өлшемі18,33 Kb.
#190342
түріСабақ
Байланысты:
3 практика э


3 практикалық сабақ
Экономикалық талдауда резервтер көлемін анықтау әдістемесі.

Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор» деген ұғымды білдіретін сөзінен немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты арнайы мамандандырылған әдебиеттерде және шаруашылық қызметті талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады. Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры болып табылады. Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады.


Анықталған резервтердің мөлшері нақты болу үшін резерв есептелінуі мүмкіндігінше нақты және негізделген болуы керек. Резервтерді есептеу әдістері резервтердің сипатына қарай (интенсивті және экстенсивті), оларды анықтау әдістері ( нақты немесе жасырын) және олардың мөлшерін анықтау әдістері формалды немесе формалды емес екеніне тәуелді болады.
Формалды әдісінде резервтер мөлшері оларды меңгеруімен байланысты нақты шаралармен байланыссыз анықталады. Формалды емес әдісі нақты ұйымдастырушылық техникалық шараларға негізделеді.Шаруашылық қызметті талдауда резервтер мөлшерлерін есептеу үшін бірқатар әдістер қолданылады: тура есептеу, салыстыру, детерминалды факторлық талдау, функционалды - бағалық талдау, математикалық программалау және т.б.
Тура есептеу әдісі - ресурстардың қосымша керекті мөлшері немесе олардың жоғалту мөлшері белгілі болған кезде резервтерді есептеу үшін қолданылады. Өнім шығаруының арту мүмкіндігі (Р↑ВП) келесі түрде анықталады: ресурстардың қосымша көлемі немесе кәсіпорынның кесірінен пайда болған ресурстардың жоғалту мөлшері бір өнім бірлігіне шаққандағы жоспарлы немесе шығысының мүмкін нормасына бөлінеді, немесе жоспарлы ресурс қайтарымына көбейтіледі.

Р↑ВП=ДR/УРм немесе Р↑ВП=ДR*RAм (21)


Осы әдісті қолдана отырып еңбек ресурстар көлемін, негізгі өндіріс қорларын және т.б.-ды қосымша пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеуге болады. Қосымша еңбек ресурстар көлемін пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеу үшін оның көлемін осы кәсіпорынның жұмысшылар еңбегінің өндірісінің жоспарлы деңгейіне көбейту керек, ал негізгі өндіріс қорлар есебінен олардың өсуін қорқайтарылымының жоспарлы деңгейіне көбейту керек.


Салыстыру әдісі бас кәсіпорында сесурстардың жоғалуы немесе оларды экономдау мүмкіншілігі жоспарлы нормалармен немесе олардың бір өнім бірлігіне шаққандағы шығындармен салыстырып анықталған кезде резервтердің көлемін есептеу үшін қолданылады. Нормалармен салыстырғандағы ресурстардың артық шығындалуына жол бермеу есебінен өнім өндіріс арту резервтері келесідей анықталады: бір өнім бірлігіне кеткен жоспардан асып кеткен ресурстардың шығынын өндірістің нақты көлеміне көбейтіледі және жоспарлы шығын нормасына бөлінеді немесе жоспарлы ресурсқайтарымының деңгейіне көбейтіледі (материалқайтарылымы, қорқайтарылымы, еңбек өнімділігі және т.б.).
Шаруашылық қызметті талдауда резерв көлемін анықтау үшін детерминалдық факторлық талдау әдісі кезіңен пайдаланылады: абсолютты айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық және интегралдық тәсіл.

• Шаруашылық қызметті талдауда резерв көлемін анықтау үшін детерминалдық факторлық талдау әдісі кезіңен пайдаланылады: абсолютты айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық және интегралдық тәсіл.


• Корреляциялық талдаудың нәтижелері шаруашылық резервтерді есептеу үшін кеңінен қолданылады. Бұл үшін шыққан регрессия теңдеуінің коэффициенттері нақты көрсеткіштерінің мүмкін болатын өсуіне көбейтіледі:


• Р↑Ү =P↑Xi*bi Мұндағы Р↑Ү- нәтижелі көрсеткіштің арту резерві (Ү)


• Р↑Хi- нақты көрсеткіштің өсіңкілігі резерві (Х)


• bi- байланыс теңдеуінің регрессия коэффициенті.


Матеметикалық программалау әдістері резервтерді анықтауда үлкен роль атқарады.Зерттелініп отырған көрсеткіштер көлемін нақты және жоспарлы деңгейімен салыстыру арқылы қосымша және жұмсалынбаған өндіріс резервтерін анықтау барысында ресурстарға шек қою шарт есебімен көрсеткіштер көлемін оптимизациялауға жол беріледі.


Резервтерді анықтаудың ең нәтижелі әдісі функционалды-бағалық талдау болып табылады. Бұл әдіс өнімнің өмір циклының ерте кезеңінде артық шығындарды тауып және олардың болдырмауды қамтамасыз етеді.Есептеу-конструкторлы әдіс резервтерді есептеуде маңызды роль атқарады. Бұл әдіс зерттелініп отырған нәтижелі көрсеткішті еселі модель түрінде қарастыруға болатын жағдайда қолдануға болады. Осы әдіспен анықталған барлық резервтер сәйкес шаралармен жіктелуі керек. Осы жағдайда ғана резервтер көлемі нақты және негізделген болады. Бұл келесі екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:
Формальды тәсілмен резервтер анықталады, кейін анықталған резервтерді меңгеру үшін арнайы шаралар жетілдіріледі.

• Формальды тәсілмен резервтер анықталады, кейін анықталған резервтерді меңгеру үшін арнайы шаралар жетілдіріледі.


Шаралар жетілдіріліп, резервтер есептелінеді. Мысалы: жұмысшылардың еңбек өнімділік деңгейін жоспарлы деңгейіне арттыру есебінен өнім өндірісінің арттыру резервтері есептелінеді. Осыдан кейін осы резерті меңгеру үшін арнайы шаралар жүргізіледі(еңбек ұйымдастыруын жақсарту, өндірістің техника мен технологияны жетілдіруі, еңбек ету шарттарын жақсарту және т.б.)




• Сонымен қатар бүкіл шаралар бойынша алынған резервтер сомасы анықталған еңбек өнімділігінің резервтердің орташа өсу шегінің көлеміне тең болу керек. Екінші әдісі резервтер есептеуді ең негізделген әдісі болып келеді. Ол кәсіпорынның нақты немесе мүмкін болатын эффектіге көбейтіледі. Мұндай резервтердің көлемін анықтаудың ең тиімді тәсілі. Мұндай ерекше тәсіл резервтердің мөлшерін дәл анықтауға жол береді. Бірақ бұл үшін әрбір шараның алдын ала эффективтілік бағасы білу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет