Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет Академик С.С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 14 – ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті ортада оқытудың технологиясы
ОРЫНДАҒАН :
Әлден Гүлназ
ҚАБЫЛДАҒАН : Кемешова А Инклюзивті білім берудің стратегиялары :
-өзара оқыту
-ата-аналарды тарту
-мектеп мәдениеті
-сыныптағы психологиялық ахуал
Инклюзивтік оқытуда аутизмі бар балаларға беретін оңтайлы жақтары мыналар:
Бала өз мүмкіндіктерін байқай бастауға және басқа дені сау баланың бағытында дамуына бейімделеді.
Басқа балалармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу сенімділігі қалыптасады.
Баланың өзін өзі түсінуі және өзгелердің өзі туралы түсінігін қабылдауы қалыптасады.
Білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды қалыпты оқушылардың ортасына енгізу үлгісі келесі түрде ұсынылуы мүмкін :
Ынталандыру сатысы – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын алдағы іс-әрекетке ынталандыруды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету. Білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың кезкелген санаты үшін ересектермен, әсіресе мұғалімімен және ата-анамен эмоционалдық байланыстың маңызы өте зор.
Бағытталу сатысы – алдағы жұмыстың мағынасы мен мазмұнын анықтау, жалпы тәсілдер дайындау, балаға қатысты рөлдер мен кәсіби ұстанымдарды анықтау, қолдауға қатысушылар арасындағы функционалдық міндеттерді бөлу. Бұл сатыда қолдаудың құрылымдық элементтері нақтыланады
Бағалау сатысы – педагогикалық және психологиялық анықтаудың қорытындысы, команда нәтижелерін барлық мамандардың сараптауы, рефлексия кіреді. Ата-аналардың қанағаттану дәрежелері, тілектері ескеріледі
Мазмұндық – операциялық саты – нақтылы балаға қатысты нақтылы міндеттерді жүзеге асыру бойынша анықтау негізіндегі түзету бағдарламалары жасалады. Әрекеттестіру мақсатында балалармен, психологтармен, мұғалімдермен, логопедтермен, ата-аналармен жұмыс жүргізіледі.