САБАҚ:
Әртүрлі материалдардан жасалған сәндік бұйымдар.Идеяларды талдау.Эскиз.Бұйым дайындау
|
Мектеп:Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ
|
Күні: 5.12.17ж
|
Мұғалімнің есімі:Саркенова Акмарал Курмангазиевна
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
5.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке,топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
Оқулық,слайд-суреттер, әртүрлі материалдан жасалған бұйымдар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі,тарих,бейнелеу өнері
|
Басталуы 5 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тренинг «Әнді жалғастыр» 3 минут
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық: мен өлеңнің бір жолын айтамын,1 оқушы екінші жолын,2 оқушы 3 жолын,3 оқушы 4 жолын айтады.Соңғы әннің соңғы жолын бәріміз қосылып орындаймыз.”Әрқашан күн сөнбесін” және “Ұстазым” әндері
Қауіпсіздік ережесін түсіндіру. 2 минут
|
Тренинг
|
Ортасы 20 минут
|
Білу және түсіну 5 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Кітаппен жұмыс.
Сарамандық жұмыс. 15 минут Бүгінгі сабақта пластикалық бөтелкені пайдалана отырып, гүл жасаймыз. Видеоролик.
Гүл жасау үшін құжаттық сызбаға назар аударайық.
№
|
Жұмыс түрі
|
Бұйымның эскизі
|
Құрал- жабдықтар
|
1
|
Пластикалық бөтелкенің біреуін үш бөлікке бөліп қиып аламыз.
|
1–15 см; 2 – 2см; 3 – 4 см.
|
пл.бөтелкелер, қайшы,
|
2
|
Қиылған (4см) үшінші бөліктің түбін ойып кесіп алып тастаймыз
|
|
күйдіргіш құрал
|
3
|
Қақпағы бар бірінші бөлшектен бірдей ара-қашықтығын сақтап үш жапырақша қиямыз
|
|
қайшы
|
4
|
Түбі ойылған бөлікке бұрап қондырып,астынан қақпағын бұрап жабамыз
|
|
|
5
|
Екінші пл.бөтелкенің қақпағына тақап кесіп алып тастап, 10 см. қалдырып дөңгелектеп 5 жапырақша қиямыз
|
|
қайшы, сызғыш
|
6
|
Гүлдің күлтелерінің эскизін қағазға дайныдау
|
|
қарындаш,
сызғыш
|
7
|
Майлыққа нұсқаны бастырып салып,6 күлте қиып аламыз
|
|
қарындаш,
майлық,
қайшы
|
8
|
Гүл күлтелерін қызғылт түсті маркермен бояп, созамыз
|
|
маркер
|
9
|
Күлтелерді бір-біріне жабыстырамыз
|
|
ыстық желім
|
10
|
Дайын күлтені сабағының ішіне орналастырамыз
|
|
|
11
|
Мақталы таяқшаларды маркермен бояп,бір-біріне желімдеп күлтелердің ішіне саламыз
|
|
маркер,ыстық желім
|
12
|
Дайын бұйым
|
|
|
|
Экраннан жасалу жолын көрсету.
«Бармақ»
әдісі
ҚБ
|
Сергіту сәті
2 минут
|
Би «Қаражорға»
|
Оқушылар сергіп қалады
|
Аяқталуы 10минут
|
Ой қорыту «Сақина салмақ» ойыны.Бұл ойынның ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса сол оқушы сұраққа жауап береді. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.(пейзаж;портрет;тұрмыстық жанр - адамдардың өмірі;анималистикалық жанр - хайуанаттар;батальдық-соғыс қимылдары;натюрморт;тарихи жанр) Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не? (тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдарды жасау.Жиһаз,еңбек құралдары,киім,үй жабдықтары, тоқымалар,ойыншықтар.Материалдар-ағаш,саз,металл,былғары,тас) Пейзаж қандай шығарма? (табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма) Мүсін өнері дегеніміз не? (көркем туындылар ою,сомдау,құю арқылы жасалатын пласт-қ өнер түрі) Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?(Оқушы өз ойын айтады)
|
Тақырып бойынша түйген айтады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |