Призма деп–екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпбұрыштармен ортақ қабырғалары бар параллелограмдар болып келген көпжақты айтады.
“призма” термині грек сөзінен аударғанда «кесілген» (дене) дегенді білдіреді
Табан қабырғаларының санына байланысты призма үшбұрышты, төртбұрышты, ... , n бұрышты деп аталады.
Призманың қасиеттері:
Бүйір қырларының теңдігі;
Табандарының тең және параллель болуы.
Параллелепипед деп- табаны параллелограмм болатын призманы айтады.
Параллелепипедтің түрлері:
Тік параллелепипед
Тікбұрышты параллелепипед
Куб
Тікбұрышты параллелепипед
6 тікбұрышты жағы
8 төбесі
Әр төбеде 3 қырдан тоғысады
Барлығы 12 қыры бар
Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері
Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемі – ол бір төбеде үш қабырғаның тоғысуы
Формулалар:
Тік бұрышты призманың ауданы , көлемі және диагональдары:
Аудан, S = 2·(ab+ac+bc)
Көлем, V= a·b·c
Табан диоганалі, e= √ a²+b²
Призма диоганалі, d=√ a²+b²+c²
Кубтың аданы ,көлемі және диагональдары:
Аудан , S=6·a²
Көлем, V=a³
Табан диоганалі, e=a√2
куб диоганалі, d=a√3
IV.Есептер шығару.
1-есеп: Тікбұрышты призманың өлшемдері 3см, 4 см және 12 см, призманың диагоналі, ауданы, көлемі неге тең?
2-есеп: Диоганалі 4√3 см кубтың аданы мен көлемі неге тең?
3-есеп: Егер тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 1) 2;3;6; 2)1;2;2 болса, оның диоганалдары қандай?
V. Бағалау.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Үй тапсырмасын беру.
Анықтамаларды жаттау
2.1 -2.2 тақырыпты оқып келу
Достарыңызбен бөлісу: |