Сабақтың ортасы
|
Жүргізуші.'>Жүргізуші. Ендеше 8 сынып оқушылар арасында өткізгелі отырған «Информатика әлімін» сайысын бастайық.
1- кезең. «Конструктор- сөз құрастыру». Бұл бөлімде берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. Ең көп сөз құрастырған топқа 10 ұпай беріледі. Сендерге берілетін уақыт 1 минут
«Компьютер» тобы
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….)
«Интернет» тобы
2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)
Жүргізуші. Сонымен «Конструктор- сөз құрастыру». Бөлімінде қай топ ең көп ұпай жинағанын айта кетейік. Әділқазылардың 1 топқа берген ұпай саны _____, 2 топқа берген ұпай саны_____.
2-кезең. «Дешифратор» кезеңі
Ойынның шарты: Әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.
Жүргізуші:
«Компьютер» тобына
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. WinRar және WinZip артивирустық программалар (жоқ)
4. Экраннық ең кіші нүктесі – пиксель (ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Паскальда программа 3 бөлімнен тұрады (ия)
8. Интерфейс - адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілі (ия)
9. Windows – операциялық жүйе (ия)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ (жоқ)
12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
13. Write нәтижені шығару операторы (ия)
14. Антивирус вирустың кері әсерін жоя алмайтын программа. (жоқ)
15. Word-тың типі .doc (ия)
Жүргізуші:
«Интернет» тобы
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Антивирус - вирусқа қарсы программа (ия)
5. Драйвер – компьютердің қосымша құрылғыларына арналған программалар (ия)
6. Дискжетек дискілерді оқуға арналмаған (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. WinRar және WinZip архиватор программалар (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. Паскаль программалау тілін құрған Никлаус Вирт (ия)
11. Паскальда программаның әр жолы қос нүктемен аяқталады (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы (ия)
13. Паскаль тілінде программа program түйінді сөзімен басталады (ия)
14. Х батырмасы терезені жималау батырмасы (жоқ)
15. Паскальда программа begin түйінді сөзімен аяқталады (жоқ)
Жүргізуші. Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?
3- кезең. «Қанша тілді білесің?» капитандар сайысының 3 кезеңі «Қанша тілдің білесің?» Сайыс шарты бойынша команда капитандары жасырылған сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Жауапты 3 тілде дұрыс орындаған ойыншыға – 3 ұпай, қазақша-орысшасын айтқанға – 2 ұпай, тек қазақшасын айтса онда 1 ұпай беріледі. Экранға назар аударайық! Экранда берілген жұлдыздың 1 сұрағына жауап берейік! Келесі жұлдыз!
1.Windows операциялық жүйе компьютерге жүктелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе (жұмыс столы, рабочий стол, desktop).
2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (қайтару пернесі, клавиша возврата, backspace)
3. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)
Жүргізуші. Сонымен «Қанша тілді білесің?» бөлімін қорытындыласақ. Бөлімінде қай топтың капитандары ең көп ұпай жинағанын айта кетейік. Әділқазылардың 1 топқа берген ұпай саны _____, 2 топқа берген ұпай саны_____.
Қорытындылау.
Жүргізуші. 4- кезең. «Адасқан әріптер». Бұл бөлімде сайыскерлерге, әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты терминдік сөз шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі , ал орындау уақыты 1 минут әр топқа 6 сұрақтан берілген.
«Компьютер» тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Интернет» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
|
Оқулық, дәптерлер, Компьютер, интерактивті тақта
|