Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ: Дигибридті будандастыру.
Мұғалім сабақты «Назар аудар» әдісі бойынша оқушылардың назарын өзіне аудартып түсіндіріп шығады.
Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеуге төмендегі тапсырмалар беріледі:
1-тапсырма Оқулықпен жұмыс
Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. Тақырыптарға байланысты топта талқылау жүреді.
1-топДигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
2-топДигибридті будандастырудың ерекшелігі
3-топ Моногибридті мен дигибридті будандастырудың айырмашылықтары
Дескриптор:
* Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдейді;
* Дигибридті будандастырудың ерекшеліктерін атайды.
ҚБ:«Бұршақтар» әдісі
2-тапсырма
«Адасқан бұршақтар» әдісі бойынша тарау тақырыптарына қатыстыөздері талқылап, сол бойынша есептер шығарады
1– топ
ЕСЕП: Қарбыздың сырты жасыл және жолақ-жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ – жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1 – та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?
2 – топ
Гомозиготалы ақ қоянды қара қоянмен шағаластырғанда ұрпағында тек ақ қоянның пайда болуы.Бұл қан заңға негізделген.
Шешесінің қаны Ітоп әкесінің қаны ІV топ болса балаларының қан тобы қандай?Тұқым қуалай ма?
3– топ
ЕСЕП: Қара көзді (доминантты белгі) солақай (рецессивті белгі) еркек, көк көзді, оң қолымен жақсы пайдалана алатын әйелге үйленді. Осы семьяда көк көзді, солақай бала туды. Осы аталған адамдардың генотипі қандай?
I. Қара көз – А
Көккөз– а
II. Оң қолдылық – В
Солақай – в
Дескриптор:
*Гаметаларды тауып сипаттайды;
*Дигибридті будандастыру мысалында есептер шығарады.
|