Кері байланыс: Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы табыс баспалдағы парағына жазып, түйінді сөздерін бүкіл сыныппен бөліседі
Қолданатын әдіс-тәсіл: «Табыс баспалдағы» 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН,
2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН,
3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
Үйге тапсырма: 1. Мейоз бен митозды салыстыру тақырыбын оқу, 13-18 бет
«Табыс баспалдағы»
парағы
Қосымша ақпарат
https://www.google.kz/search
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? -Саралауды сабақтың өн бойында жүргізіледі
-Сабақ мақсаты бойынша деңгейлік саралау жүргізіледі.
-Саралауды ұйымдастырудың пайдалы әдіс-тәсілдері негізінде аралас құрылымдалған топ құру, себебі қабілетті оқушылар топты жетелеп отырады.
-Мәтін оқудағы «Инсерт» стратегиясы қабілеті орта оқушыларға қолдау береді
-Сабақ барысындағы тапсырмалар қиындық деңгейімен ерекшеленеді.
- Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі:
Деңгейі жоғары оқушыға қосымша тапсырма беру:
Мейоздың қай бөлінуі мен қай фазасында хроматидалар дербес хромосомада болады?
Мейоздың 2-бөлінуінің биологиялық маңызы не деп ойлайсыз?
-Инклюзив оқушыға арналған жеке тапсырма беру:
Мейоз бөлінуінің негізгі кезеңдерін құрастыру (термин қиындылары)
Митоздың фазаларын сипатта
- Алдыңғы білімді еске түсіруде
«Мен-саған, сен-маған» әдісін қолдану арқылы диолог негізінде саралау жүргізіледі
-Топқа топтастырылғанда қарым-қатынас формалары арқылы саралау жүргізіледі
-топтағы жұмыс барысында «Венн диаграммасы», «ойлан, жұптас, талқыла», «пазлы» стратегиялары оқушыларды ойын қозғауға, дамытуға арналған тапсырмалар
-Визуал оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер көрсетіледі
- Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау.
-Сабақтың бекіту кезеңінде
«графикалық диктант» әдісімен нәтиже немесе жауап бойынша сараланады:
-Оқушы «табыс баспалдағы» стратегиясы арқылы өз білімін саралайды