Оқушылар бейнелеу өнерінің қандай түрі мен жанрында табиғат құбылысын бейнелеуге болатынын білді. Ол үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданатынын анықтады.
Меңгерген білімдерін пайдаланып және материалдар мен жұмыс істеу тәсілін таңдай отырып, табиғат құбылысын бейнелеп үйренді. Сабақтың соңында таныстырылым жұмысын жүргізеді. Мұғалім таныстырылым барысында оқушыларға тақырыпқа сәйкес музыкалық және әдеби шығармалардан қысқаша үзінділерді пай- далануды ұсынады. Таныстырылым жұмысына ортақ атау беруге болады. Мысалы, «Жаман күн райы болмайды». Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсете отырып, табиғаттағы кез келген күн райы өзінше әдемі екенін дәлелдеуі тиіс. Оқулықтағы тақырып соңында орналасқан сұрақтар мен оларға берілетін жауаптарды таныстырылым барысында пайдалануға болады. Мұғалімнің өзі де сұрақ қоюына болады. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысының үлгісін ұсына алады.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі табиғат құбылысын бейнелеу өнерінің қандай жанрында бейнелеуге болатынын; табиғат құбылысын қандай жолдармен салуға болатынын білді.
Суретшілердің табиғат құбылысын әртүрлі түстермен салған туындыла- рын талқылауға қатыса алды.
Оқулықтағы және мұғалімнің сұра- ғына жауап беріп, № 2 жұмыс дәпте- ріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады. Оқушылардың көпшілігі№2 жұмыс дәптерінің 10–11-беттеріндегі тапсырмаларды таңдауы бойынша орындап, оқушылардың жасаған жұмыстарын талқылауға қатыса алды.
Кейбір оқушылар «Табиғат құбылыстары» тақырыбына өз бетінше шығармашылық жұмыс орындап, оны таныстыра алды.
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);
жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз);