Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ашықхат жасау идеяларымен бөліседі. Материалдар мен тәсілдерді таңдауға ерік беріледі. Жасанды материалдарды да, табиғи материалдарды да қолдана береді (кепкен гүлдер, жапырақ, қауырсын, ағаш қабығы). Сонымен қатар әртүрлі ашықхаттардың кейбір бөліктерін де қолдана алады. Мұғалім де, оқушы да бұл жұмысты орындаудағы басты мақсат – көркем безендірілген ашықхат жасау екенін есте сақтау керек.
|
Түрлі түсті қалың қағаз, ашықхат жасайтын жұқа қатырма қағаз, табиғи материалдар (кепкен өсімдіктер, қауырсын, ағаш қабығы), мата қиындысы, фломастер, гуашь және акварель бояулары, қылқалам, түсті қарындаштар, желім, қайшы.
|
Сабақтың қорытындысы
|
Оқушылар бояу түстерімен, ерекше қаріп түрлерімен танысады. Ашықхатты әртүрлі тәсілмен және әр алуан материалдармен орындау барысында түс пен қаріпті қолдана біледі. Сабақтың соңында жұмыстарын таныстырып, талқылайды.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі қаріп дегеніміз не екенін, қаріп және қанық, қанық емес түстердің көмегімен сезімдерін қалай көрсетуге болатынын білді.
Әр алуан түстермен орындалған жұмыстар мен әртүрлі әріп, сөздерді анықтай алды. Тақтаның алдында жұмыс істеп, әріптер мен сөздерді қызықты түрде жазды. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырманы орындады.
Оқушылардың көпшілігі
жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады.
Кейбір оқушылар меңгергендерін пайдаланып, өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |