Оқушылардың тақы- рыпты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);
жасаған жұмыстары- нан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);
жасаған жұмысты талқылауларынан.
АКТ-мен байланысСабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады.
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;
жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).
Құндылықтармен байланыс Сабақта мейірімділік, зейінділік, сыйластық, достары мен жақындарына деген сүйіспеншілік сынды қасиеттер айтылады.
Оқушылар бұл сөздерге көңіл бөліп, кәдесый жасайды. Осылайша олардың адамгершіліктік- құндылықтық қасиеттері қалыптасады.
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.
Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді);
ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі);
б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс.
Мен бүгін … білдім.
… қызықты болды.
… қиын болды.
Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын. Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым.