Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Жоспарланған іс-әрекет түрлері



бет51/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Жоспарланған іс-әрекет түрлері

Дереккөздер

Сабаққа кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әртүрлі табиғат құбылысы бейнеленген туындыларды іліп қояды.
Мұғалім табиғат құбылыстарына арналған тақпақтарды оқиды. Оқушыларға «Оқушылардың міндеті» бөліміндегі сұрақтарға жауап беруді тапсырады.

4-сыныпқа арналған СD- диск. Табиғат құбылыстары бейнеленген туындылардың репродукцияла- ры.

Алған білімнің өмірмен байланысы.
Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ білуге, өнер туындыларын тереңірек түсініп, қабылдауға септігін тигізеді. Оқушылар әртүрлі мұражайлар мен галереяларға барып, кескіндеме туындыларын жақсырақ түсінеді.




Материалды түсіндіру

Мұғалім сабаққа әртүрлі табиғат құбылыстарын көрсететін иллюстрацияларды әкеледі.
Табиғат құбылыстарын атап шыққаннан кейін, түстердің жарықтың түсуіне сәйкес өзгеруі деген құбылыспен танысады. Мұғалім: «Сендер түс көрерменге көп нәрседен сыр шертетінін жақсы білесіңдер. Мына пейзаждарға қарап, ондағы түстер не туралы сыр шертетініне назар аударайықшы», – деп, К. Писсарроның үш пейзаж жұмысын көрсетіп, суретші қандай тәулік мезгілін бейнелегенін сұрайды. Суретші бір мезгілді түстерін өзгерте отырып бейнелегеніне назарларын аударады.
Бұл неге байланысты? Оқушыларды дұрыс жауап беруге ынталандыру керек. Пейзаж әртүрлі тәулік мезгілінде бейнеленгендіктен түстері де алуан түрлі. Одан әрі: «Тәуліктің әртүрлі мезгілінде жарық қалай өзгереді?» деп сұрақ қойып, балаларды тағы да дұрыс жауап беруге ынталандыру керек. «Жарықтың өзгеруі оның түсуіне байланысты. Таңертең жарық көп болмайды, түсте жарық көп түседі, ал кешке күн ұясына батқан соң жарық мүлде азаяды. Одан әрі оқушылар әртүрлі тәулік мезгілінде түстің өзгеруіне талдау жүргізіп, түстердің қанықтығына тоқталады.
Ол үшін оқулықтағы материалдарды пайдаланады. Сондай-ақ К. Моненің «Соборлар» сериялық жұмысын ұсынуға болады. Е. Панасенконың
«Суретші әсері» мақаласындағы мына жолдарды келтіруге болады: «Руан соборының» жиырма шақты түрі ілінген залға кірген париждіктердің көбісі бір тақырыпты қайталаған суреттерді ғана көрді... Олар қоршаған ортаға қарамаған еді. Суретшілер өзгелер байқай бермейтін нәрселерді елейтін. «Соборлар» суретшінің көзінен қалт кетпеген сериялардың бірі болатын. Бұл ежелгі собор қабырғаларының асыл тас іспетті жарқ-жарқ етіп, адамдарға бірде көк, бірде қызыл, бірде алтын түстес боп көрінетін жарық ұранындай. Моне өз көргендерімен адамдармен бөлісіп, адамдар оның талантына таңдай қағатын.
Картиналар мен фотосуреттерді талқылау барысында оқушылар табиғаттағы нысандардың түсі таң сәріде кешкі және түндегідей емес, бұлтты күні шуақты күндегідей емес екенін меңгерулері тиіс. Мұғалімнің көмегімен және оқулықтағы материалдарға сүйеніп, бұл құбылысқа анықтама береді. Оқулықтағы тәжірибені сыныпта өткізіп, белгілі бір заттардың қараңғы бөлмедегі және терезеден күн түсіп тұрған сәттегі өзгерістерін қарастырады. Осы тақырыптың аясында оқушыларды ашық аспан астында сурет салу өнерін әкелген импрессионист-суретшілердің шығармашылығымен таныстырады.
1874 жылы Парижде суретшілердің көрмесі ашылды. Журналистер, өнер сыншылары, өнерсүйер қауым

Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD- диск.
№2 жұмыс дәптері.
Әртүрлі табиғат құбылыстары бейнеленген туындылардың репродукция- лары.




көрмеге асықты. Париж – суретшілер қаласы. Онда бейнелеу өнерін түсініп, жоғары бағалайды. Ал мынау не? Адамдар көрмеден ашуланып шығып, көрген туындыларды түкке тұрғысыз деп санады. Көрмеге келушілер неліктен ашуға мінді?
Париждік өнерсүйер қауымның көңілінен шықпаған жұмыстарға біз де назар аударайықшы. Сендердің ойларыңша бұл суреттер көзге тұрпайы көріне ме? Клод Моне, Камиль Писсарро, Эдуард Маненің пейзаждарына – жарықтың молдығына, жарықтың жапырақтарға түсіп, мың құбылып ойнауына, судың толқынына, адамдардың киіміне қараңдаршы.
Импрессионистердің шығармашылығын жарық пен түстен құралған кескіндеме деп тегін айтпаған шығар. Шынымен де, шеберлердің кілем тоқығанындай олар да қысқа бояулармен туындыларын «тоқиды».
Алайда классиктердің бірқалыпты мәнеріне үйреніп қалған көрермендерге мұндай сурет салу түрі жат көрінді. Әсем безендірілген пейзаж жұмыстары олардың көзін сүйсінтіп, тыныштығын бұзбайтын. Ал импрессионистер сурет өнері терезесін айқара ашып, оған самал жел мен қаланың қайнаған өмірін алып келді. Импрессионист-суретшілерге дейін қала пейзажын көбісі сала бермейтін, олар өздерінің мольберттерін алып, қала көшелеріне шығып, шулы вокзалдарға барып шабыт іздеді. Міне, біршама уақыттан бері біз табиғатқа импрессионист- суретшілердің көзімен қарап келеміз. Одан кейінгі суретшілердің барлығы дерлік импрессионистердің әкелген жаңа лебін қабылдады, сондықтан да бізді, қазіргі өнерсүйер қауымды олардың шығармашы- лығы 19-ғасырдағыдай таңдандырмайды. Ал енді импрессионист-суретшілер жұмыстарын әсерлі етіп көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданатынын талдап көрейікші. Бір жұмысты мысалға алып зерттеу жүргізеді, оның нәтижесінде оқушылар импрессионист-суретшілер ірі бояу жағындыларымен сурет салып, мол реңкті таза түстермен жұмыс істеген деген қорытындыға келеді. Суретшілер ауа райы құбылып тұратындықтан, жылдам жұмыс істеген. Сондықтан да импрессионист-суретшілердің пейзаждары әсерлі көрінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет