Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы: табиғат құбылыстарын, жарықтың түсуіне қарай заттардың түсінің өзгеретінін, имперссионист-суретшілер туралы біледі. Әртүрлі тәулік мезгілі мен ауа райындағы табиғат құбылысы бейнеленген картиналарды талқылауға қатыса алады. Әртүрлі тәулік мезгілі мен ауа райында заттардың түсінің өзгерісіне тәжірибе жүргізе алады.
№2 жұмыс дәптеріндегі (3–4-бет) жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі: К. Писсарроның еңбектері мен оқулықтағы фотосуреттердің түс үйлесімін белгілі бір тәулік мезгілімен байланыстыра отырып талдау жасайды. №2 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырманы орындайды (5–9-беттер).
|
Кейбір оқушылар: айналмалы-ілмелі суреттерді тақырыпқа сәйкес безендіре отырып жасай алады.
|
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 1-сыныпта меңгерген бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, жылы және суық түстер және 4-сыныпта өткен қанық және қанық емес түстер бойынша білімдерін пайдаланады. Сонымен қатар 2- сыныпта өткен қағаздың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы білетіндерін іске асырады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар табиғат құбылыстары туралы тақпақтарды оқиды. Тақырыпқа сәйкес музыкалық үзінділерді тыңдауға болады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
|