Оқушылардың шығармашылық міндеті: № 2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. Әртүрлі тәулік мезгіліндегі және ауа райындағы табиғат көрінісі бейнеленген айналмалы-ілмелі суреттер жасайды.
Оқушылардың міндеті
|
Әртүрлі табиғат құбылысы бейнеленген бейнелеу өнері туындыларын суреттеу. Табиғат құбылыстары бейнеленген бейнелеу өнері туындыларының түрі мен жанрын білу және оларды атау. Айналмалы-ілмелі суреттер жасау жолын түсіндіру.
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: табиғат құбылыстары, жылы және суық түстер, қанық және қанық емес түстер, түстердің жарыққа тәуелділігі, импрессионист-суретшілер, пленэр, айналмалы-ілмелі суреттер.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Қандай жыл мезгілдерін білесің? Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
Жауап. Оқушылар дүниетану сабағынан білетіндерін пайдалана отырып жауап береді.
Көктем, жаз, күз және қыс мезгілінде табиғат құбылысы қалай өзгереді?
Жауап. Оқушылар дүниетану сабағынан білетіндерін пайдалана отырып жауап береді.
Жылы түстер нені білдіреді?
Жауап. Жылы түстер жаз, шуақты күз мезгілін, алтын күз, самал жел және т.б. білдіреді.
Суық түстер нені білдіреді?
Жауап. Суық түстер қыс, қар, қырау және т.б. білдіреді.
Егер күн ашық болса, онда тәуліктің қай мезгілінде жарық көп болады?
Жауап. Тал түсте жарық көп түседі.
Күн ашық кезде таң сәріде табиғат көрінісі қандай түстерге бөленеді?
Жауап. Ашық күнгі таң сәріде айнала қанық емес ашық түске боялады.
Ашық күнгі түс мезгілінде табиғат қандай түске бөленеді?
Жауап. Ашық күні түсте айнала қанық түске боялады.
Кешқұрым айнала қандай түсті болады?
Жауап. Кешке айнала қанық емес қою түсті болады.
|
|
9. Импрессионист-суретшілер кескіндеме өнеріне қандай леп әкелді?
Жауап. Импрессионист-суретшілер ашық аспан астында сурет сала бастады. Олар жарықтың түсуіне қарай түстердің өзгерісін зерттеп, өздерінің әсерін көрсеткісі келді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |