Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы: экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын, суретшілер қоршаған ортаны қорғауға қалай атсалысатынын біледі.
Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға қатыса алады. №2 жұмыс дәптерінің 12– 15-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі: егер біздің жерімізге өзге планеталықтар келсе, адамдар табиғатты аялай білмесе, ол не нәрсеге куә болатыны туралы шағын әңгіме құрайды. №2 жұмыс дәптерінің 16–17- беттеріндегі тапсырмаларды орындай алады.
|
Кейбір оқушылар: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабына қоршаған ортаға дұрыс және дұрыс емес көзқарастарды көрсететін суреттермен шығармашылық сурет-белгілер жасай алады.
|
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта дүниетану сабағындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша меңгерген білімдерін, сонымен қатар 3-сыныпта көркем еңбек пәні бойынша меңгерген символикалық белгілер туралы білімдерін пайдаланады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет түрлері
|
Дереккөздер
|
Сабаққа кіріспе
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әсем табиғат көрінісін көрсететін суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар ілінеді.
|
4-сыныпқа арналған СD- диск.
Әсем табиғат көрінісі бейнеленген суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |