Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан



бет62/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Оқушылардың міндеті

Тақырыпты талқылауға қатысу. Егер біздің жерімізге өзге планеталықтар келсе, адамдар табиғатты аялай білмесе, ол не нәрсеге куә болатыны туралы шағын әңгіме құрауды ойластыру. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсететін белгілерді түсіндіріп, суреттей білу. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабын экологиялық суреттермен толтыру идеяларын айтып беру.
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: табиғат, қоршаған ортаның ластануы, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің жойылуы, жануарлар мен өсімдіктер енгізілген халықаралық Қызыл кітап, Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері енгізілген Қызыл кітап, қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға қосар үлесің, экологиялық қауіпті көрсететін белгілер.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
1. Қандай экологиялық проблемаларды білесің? Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне,
сондай-ақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді.




  1. Қоршаған ортаға кім және қалай зиян келтіреді? Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне, сондай-

ақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді.

  1. Өзің экологиялық жағдайларды жақсарту үшін не істей аласың?

Жауап. Табиғатқа шыққанда қоқыстарды жинап, ауланы тазалап, ағаш отырғызып, оған күтім жасап, құстарға жемсалғыш жасап, суды ластамау, электр энергиясын үнемдеп пайдалану және т.б.

  1. Халықаралық Қызыл кітап туралы не білесің?

Жауап. Ғалымдар жануарлар мен өсімдіктер әлемін құтқару үшін Халықаралық Қызыл кітапты құрастырды. Оны 1963 жылдан бері Табиғатты қорғау дүниежүзілік ұйымы шығарып келеді. Кітапты адамдардың назарын өзіне аударып, табиғатқа зиян келтіруді тоқтату үшін осылай атаған. Қызыл түс жануарлар мен өсімдіктердің көмекке зәру екенін білдіреді.

  1. Суретшілер қоршаған ортадағы мәселелерді шешуге қалай атсалысады?

Жауап. Олар қауіптің төнгенін білдіретін белгілер ойлап тауып, сондай-ақ қоршаған ортада өзін ұстау белгілерін ойлап табады.

  1. Достарыңа өзің тұратын жердегі қандай экологиялық қауіп туралы ескерткің келеді?

Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне, сондай- ақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді.

  1. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабына енгізілген суреттеріңнің идеясы қандай?

Жауап. Оқушылар идеяларымен бөліседі. Өздері тұратын жердің құстарын қорғау, қаланы зиянды қоқыстардан тазарту, орманды өрттен қорғау идеясы болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет