Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Алған білімнің өмірмен байланысы



бет64/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Алған білімнің өмірмен байланысы.
Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ біліп, оны аялай білу қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.




Материалды түсіндіру

Мұғалім сабаққа қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін әртүрлі табиғат нысандарының фотосуреттерін дайындап қояды.
Тек фотосуреттермен шектелмей, пейзажшы, анималист суретшілердің картиналарының репродукцияларын да көрсетуге болады.
Суретшілердің картиналары мен фотосуреттерді көрсете отырып, табиғат қандай әсем екеніне, егер адамдар оны аялай алмаса қандай күйге түсетіні туралы әңгімелеседі. Оқушылар ақпаратты егер біз табиғатты аялай білмесек, нені жоғалтуымыз мүмкін екенін түсінетіндей етіп жеткізу керек. Сабақты құстар туралы тақпақтарды тыңдаумен жалғастыруға болады.
Көгершін

Ауламызға қонды кеп Бір көгершін жаралы. Кенет көзі мөлдіреп, Маған үнсіз қарады. Ұстап алып жем бердім,



Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD- диск.
№2 жұмыс дәптері.

Әсем табиғат көрінісі бейнеленген суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар.






Емдеп,
Қайта ұшырдым. Кетпейді енді:
«Сендердің, –
Дегендей, – бір құсыңмын».
(Б. Қошым-Ноғай)
Торғайлар қуанышы Бір уыс дән шашып қап,
Шолып едім қашықтан: Ұшып келіп әрқайдан, Жапырласты торғайлар.

Қалғандай-ақ ашығып, Шоқып-шоқып асығып. Сілкініп те алады, Қанаттарын қағады.


Секіріп те ойнайды, Өздерінше тойлайды. Қарасады айнала:
«Қайырымды қай бала?»
(М. Жаманбалинов) Бұл тақырып екі сабаққа есептелгендіктен, оқушы- ларға ғаламтордан немесе басқа да дереккөздерден әртүрлі экологиялық мәселелер туралы, олардың қалай шешім тауып жатқаны жайлы мәліметтерді
тауып оқуды тапсырыңыз. Балалардың өздері тұратын жердің экологиялық мәселелеріне назарын аударуға да болады. Тек сыни тұрғыдан емес, сондай-ақ оқушылардың өздері қоршаған ортаны қорғау үшін не істей алатындары туралы әңгімелеуге ынталандыру керек. Осы жерде 2-сыныпта құстарға жемсалғышты қалай жасағанын еске түсіреді.
Материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға оқулықтағы белгілерге ұқсас өздері де белгілер ойлап тауып, талдауды тапсырады. Одан соң оқушылар бүктемелі кітапқа экологиялық суреттер салуға кіріседі. Оқушыларды суреттер нақты емес, оқулықтағы суреттерге ұқсас болуына бағыттау керек. Мұғалім екінші сабақта жануарлар мен өсімдіктер енгізілген Қызыл кітап туралы, сондай-ақ
«Қазақстанның Қызыл кітабы» туралы әңгімелесуге болады. Одан соң оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім жеке кеңес беріп, көмек көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет