|
⁎⁎⁎
Ұшты қиял мені алып ...
Қиял көкте, отырмын мен үйімде, Көз алдымда шетсіз, шексіз көк алып, Қас қаққанша ойға батқан күйімде, Ұшты қиял жер бетінен мені алып...
Тұспа-тұс кірпік қақпай ай қалды, Ұзады алға көк кемесі арындап, Маңдай алда марс, міне, байқалды, Арманымдай алдан шығып жалындап.
Ұзадық біз, күреңітті жер үсті,
Жүрек толқып, лезде бір ой келді еске. Жазылды тез телеграмма тексті Достарыма, туған-туыс, жерлеске.
Қиял көкте, отырмын мен үйімде, Отырмын мен ойға батып, демалып, Гагариндей ертең осы күйімде, Ракета ұшса, шіркін, мені алып!
Ж. Смақов
Жұмыстарды талқылағаннан кейін «композициядағы тепе-теңдік» тақырыбына кіріседі. Оқулыққа сүйеніп, түсіндірген дұрыс. Материалды түсіндіру бірнеше кезеңнен тұрады:
алдымен композицияның бұзылуы көрсетілген мысалдарды қарап шығады. Тақтаға ілінген үлкен қағаз парағына композия тепе-теңдігі сақталмаған жағдайларды көрсетуге болады. Нақты бір заттың (құмыра, ит және т.б.) бейнесін алуға болады. Оларды қағаз бетінде жоғарыға, төменге жылжыта отырып, балалардан қағаз парағында тепе-теңдік сақталған ба екенін сұрайды. Олар тепе-теңдік сақталды деп айтса, заттарды сол орынға бекітеді. Балалардан не үшін мұндай қорытындыға келгенін сұрайды. Мынадай қорытындыға келеді: сурет қағаз парағының ортасында орналасу керек, егер ол бір жаққа қарай ығысып тұратын болса, онда тепе-теңдік бұзылып, жұмыс аяқталмағандай көрінеді. Алайда қазірше бір бейнелі композициямен, яғни қағазға бір бейнені ғана салғанымызды айта кету керек;
одан соң балалар мына тапсырмаларды орындайды: а) үлкен пішімді үш қағаз парағына бір фигураны орналастырады. Екіншісіне екі, үшіншісіне үш фигураны жұмыс тепе-теңдікте көрінетіндей етіп орналастырады (фигураларды алдын ала дайындап қояды); ә) одан әрі «Егер қандай да бір композиция жасағаннан кейін сонда да тепе-теңдік сақталмаса не істейміз? Оны өшіреміз бе әлде қайта саламыз ба?»
|
|