№3 Практикалық сабақ
ЖГА-011 ГЕОГРАФИЯ ЗВАН АЙДОС
Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері
жəне олардың бір бірімен əрекеттесуі.
1-деңгейлік тапсырма: Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар.
Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар
Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:
1) Мәдениеттің төмендігі
2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.
3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.
4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).
5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.
6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.
7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) һжағдайларының үнемі болып түруы.
8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.
9. ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.
10. қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады.
Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.
Валеология ғылымының әдістері. Осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.
Валеология көптеген медициналық, биологиялық, фармаколо-гиялық, псдагогикалық, психологиялық ғылымдарға негізделген (интегративті ғылым) оны медицина ғылымының бір тарауы деп айту дұрыс емес.
Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева және тағы басқа авторлар «валеология» оқу-әдістемслік құралында былай деп жазады: «Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты — адам денсаулығы туралы болып қалыптасты (Валеология, 5 бет, Алматы, 1999).
1-деңгейлік тапсырма .Жеке бас гигиенасы.
Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді. Қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адам өмірі мен еңбегіне ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындарды сауықтыруға, ауру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзартуға, жұмысқа деген қабілеттін және т.б. жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шараларды ұсынады. Сөйтіп, гигиенаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (бірінші) профилактиканы өткізу, яғни адамға деген қолайсыз әсерлерді алдын алу. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, коммунальдық, балалар жас өспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы т.б. гигиенаның бөлімдерінің мақсаты болып табылады.
Дәрігер-гигиенистер қоршаған ортаның тұрғындар өмірі мен еңбек жағдайының келеңсіз тұстарының алдын – алатын ескертпе сипатындағы күнделікті санитариялық – гигиеналық бақылау жүргізеді. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсатымен эпидемияға қарсы бағытталған шараларды кеңінен қолданады. Іс жүзінде жүзеге асыратын қалыптамалар мен сілтемелер санитариялық шаралар ретінде қолданысын тауып жатады. Мысалы, микроклиматты анықтау, кәсіпорындар орналасқан жердегі, судағы залалды заттардың және ауадағы шаң-тозаңның шектеулі, қалыптағы шоғырлануының гигиеналық қалыптамалары таңдалынып, алынған су көзін тазарту және залалсыздандыру жүйесінде санитарлық шараларды өткізуді талап ееді.
Қай саладағы дәрігер қызметінде болмасын профилактикалық бағдар мен гигиеналық озық ой қажет. Адам денсаулығы бір-бірімен байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық факторлардың әсерлері қалыптасады. Бұған жататындар: ауа, су, жер, климат факторлары, еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, тұрмыс жағдайы және т.б. Адам денсаулығын айқындайтын өзекті фактор – ол оның өмір сүру салтының сипаты. Оңтайлы еңбек пен демалыс тәртібі, тиімді тағам, дене белсенділігін қажетті деңгейде ұстау, шынығу, жеке бас гигиенасын қадағалау зиянды дағдылардан (темекі, арақ т.б.) бас тарту, ашу- тартыс сәттерінде сабырлылық сақтау, мұның бәрі осы ұғымға енеді.
Жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібі.
Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.
Тән гигиенасы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі организмнің қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық функцияны орындайды.
Еңбек етіп, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан кезде теріні, әрқашан адам денесін, тіпті жалаңаш теріні де кір шалатыны рас. Тері һүстінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін. Осыдан барып, олардың функциясы бұзылады. Бітелген май бездеріне бактериялардың енуі фолликулитті туындайды. Микрооргонизмдер әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иіс май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит туындауы, басқа да іріңдеген тері аурулары пайда болуы мүмкін.
Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тзалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.
ЗҚол кірлегенде, оның терісінде бактериялар көбейеді, ішек инфекциясы, құрт инвазиясы, щгепатит вирустары жиналады, жұқпалы аурулардың таралуында қол кірінің қаншалықты рол атқаратыны көпшілікке белгілі.
Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында жуса болғаны. Тері құрғақ болса, онда балалар сабынын, ланолині бар сабындарды пайдалану ұсынылады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |