Сабақ. «Жыл мұғалімі-2012»байқауы. Сыныбы : 9-А. Пәні : Қазақстан тарихы. Сабақтың тақырыбы : «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында». Сабақтың мақсаты



Дата28.07.2017
өлшемі47,69 Kb.
#22241
түріСабақ
Ашық сабақ.
«Жыл мұғалімі-2012»байқауы.

Сыныбы: 9-А.

Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында».
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік-Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтары мен тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі қол жеткізген үлкен табыстарымен таныстыру. 2.Тәрбиелік-Отанын,тілін,жерін сүюге,еліміздің тарихын қастерлеуге,ұлттық рухқа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық-Терең ойлау,өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Кестелер, карта,тәуелсіздік туралы суреттер,
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ойын түріндегі тапсырмалар.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланысы:География,музыка.
Сабақтың жоспары: 1.Үй тапсырмасын сұрау.

2.Жаңа сабақты түсіндіру.

3.Жаңа сабақты пысықтау.

4.Сабақты қорытындылау.

5.Сабақты бекіту,бағалау.

6.Үйге тапсырма беру.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу.

ә)Оқушыларды түгендеу.

б)Сабаққа назар аударту.
Сабақты бастамас бұрын Әнұран орындау.

( хормен)
2.Үй тапсырмасын сұрау.

Қазақстанның егемендігін жариялау.



1.«Өзіңе ұпай жина»ойыны.

1.КСРО халық депутаттарының 1-сьезінде қандай проблемалар қарастырылды?

2.Республикалардың өз билігін дербес шешуге ұмтылуына бүкіл одақтық басшылық қалай қарады?

3.Қазақ КСР-інің Президенті қызметі қай жылы енгізілді?

4.1991 жылы 19-тамызда қандай тарихи оқиға болып өтті?

5.1991 жылы тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қандай Жарлықтарды жариялады?

6.«Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы»Декларация қашан жарияланды?

7.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қызметі қашан тоқтатылды?

8.Қазақстан ЛКЖО атауы қалай өзгертілді

2.Кестемен жұмыс.


Қазақ КСР Президентінің құзіреті

«Қазақ КСР- інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясының негізгі идеялары

Семей ядролық полигонының жабылған жылы. Полигонда қанша сынақ жасалынды?


3. «Өзіңді тексер»

Тест тапсырмалары.



  1. КСРО- ның өмір сүрген жылдары:

а) 1922-1986 жылдар

ә) 1917-1991 жылдар

б) 1922-1991 жылдар

в) 1922-1990 жылдар

г) 1920-1990 жылдар


  1. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекетік комитет (ТЖМК) құрылған жыл:

а) 1985 жыл

ә) 1980 жыл

б) 1989 жыл

в) 1988 жыл

г) 1991 жыл


  1. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін 1991 жылы қыркүйекте құрылған партия:

а) социалистік

ә) социал- демократиялық

б) либерал –демократиялық

в) демократиялық

г) халықтық –демократиялық
3.Жаңа сабақ.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы.


1990 жылы сәуір айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ КСР Президенті етіп сайлады.Қазақстан халқының көпшілігі Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдады.1991 жылғы 1-желтоқсанындағы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.10-желтоқсан күні жергілікті уақытпен 15 сағатта Республика сарайында Президенттің өз қызметіне кірісу салтанаты (инаугурация)болып өтті.

ТМД-ның құрылуы.



«Жылдар сөйлейді»

Жылдар арқылы сабақты түсіндіру.

1991 жыл,1-желтоқсан.

1991 жыл,10-желтоқсан.

1989-1992 жылдар 1990 жыл,қыркүйек

1991 жыл,12-желтоқсан

1991 жыл,13-желтоқсан

1991 жыл,20-желтоқсан

1991 жыл,21-желтоқсан

1993 жыл,қаңтар.

4.Жаңа сабақты пысықтау.
1.Кітаппен жұмыс.

«Жалғасын тауып оқы»


2.Дәптермен жұмыс.

«Ұғымын біліп ал»

1.Республика-

2.Конституция-

3.Деградация-

4.Инаугураци-

5.Референдум-

Термин сөздердің мағынасын жазу керек.


3.Картамен жұмыс.

Картадан ТМД құрамындағы мемлекеттерді тауып,сол елдің Президенттерін атау.

1.Әзірбайжан

2.Армения.

3.Беларусь.

4.Қазақстан.

5.Қырғызстан.

6.Молдова.

7.Ресей.

8.Тәжікстан.

9.Түркіменстан.

10.Өзбекстан.

11.Грузия.

4.Бейнемен жұмыс.

Тақтадағы бейнеге түсінік беру.



5.Сабақты қорытындылау.

«Миллион кімге бұйырады?»ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

1.ТМД-ны құру жөніндегі келісімге қайда және қашан қол қойылды?

2.Қазақстанның тұңғыш Президенті болып кім сайланды?

3.Тұңғыш Президенттің инаугурациясы қашан өтті?

4.Қазақстанда заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау ісі қай жылы басталды?

5.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы Қазақстан Республикасы болып қашан өзгертілді?

6.Қазақстанды ядролық қарудан тыс аумақ деп жариялаған Лиссабон хаттамасына қай жылы қол қойылды?

6.Сабақта атсалысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:Бөлімнің қосымшасындағы әдебиеттерді пайдалана отырып,ұсынылған тақырыптардың біріне реферат жазу.

-КСРО-ның құрылуы және өмір сүру тарихы.

-Қазақстандағы қоғамдық өмірдің демократиялану үрдісі.

-Қазақстанның тәуелсіздікке ие болу тарихы.

-90-жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
62 мектеп.

Ашық сабақ.
«Жыл мұғалімі-2012»

Тақырыбы:



Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.


Пән мұғалімі: Жалғасбаева Бақыт.

2011-2012 оқу жылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет