II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• сабақта әр оқушының дамуын жобалау; • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; Ақыл-ойының дамуы; • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; • оларға жеке тапсырмалар беру; • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
• қалыпты температуранық болуы; • ауаны тазартып түру; • жарықтың болуы; • балаларды шаршатпау; • іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; • сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; • оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; • сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; • мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; • мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.