Сабақ жүйесінің үлгісі дағдысын қалыптастыруға бағытталған



бет3/8
Дата07.10.2022
өлшемі99 Kb.
#152027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 ТАПСЫРМА

ІІ. Негізгі бөлім


Оқушыларға тыңдау дағдысын қалыптастыруда жадының маңызы
Баланың кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі болады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танысақ, онда сәйкесінше қандай да бір мәліметті есте сақтауға септігін тигізетін арнайы іс-әрекетке байланысты әдіс-тәсілдерді меңгеру қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде дәлелденген.
Оқушылар бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыру мақсатында есте сақтау қабілеттін дамыту керектігін біле отырып жадының дағдылары бірнеше бөліктерден тұратынын анықтадым:
- Белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға көмектесетін бейнелі шартты белгілер болуы тиіс.
Мысалы, Төменде көрсетілген «Есте сақтау» әдістері, әңгіме мазмұнын есте сақтап, оны сол шартты белгілерге қарап толық мәлімет беруге оңтайлы.
- Есте сақтаған мәліметтерді бейнелі образдарға айналдыру қабілетінің болуы; 
Бұған мысал ретінде, «Ассоциация» әдісін дәлел ретінде алуға болады.
- Мәліметті ұзақ уақыт бойы есте сақтау дағдысын қалыптастырып, қажетінде еске түсіртетін зейін тұрақты болуы тиіс;
- Жадымызда мәліметтердің байланысын есте сақтау үшін көмек көрсететін тірек образдар жүйесі болуы тиіс.
Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын мәлімдеді. Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар да естің дамуына пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға жақсарады. Бұл да ғалымдармен дәлеледенген. Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады. Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын деп айналасына барлай арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға көмектеседі екен. Келесі тәсіл – жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Көбінесе біз пернетақта көмегімен жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық қолға қалам алып, жазу жазып та тұру өте қажет. Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды көтерген кезде есте сақтау 20%-ға жақсарды делінген. Биікке өрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады жұмысы жақсара түседі екен. Бір сөзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп тұру қажет екеніне көз жеткіздім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет