Мен не естідім?
Бір оқушыға мәтін оқытамын. Оқушылар тыңдаған мәтін ішінен сөз табының қай түрі көп кездескенін табу керек. Және екі тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.
Тыңдайтын үшбұрыштар
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
Ақпараттағы ақаулық
Өткен тақырыпқа байланысты ақпарат оқылады. Оқушылар қате ақпаратты тауып стикерге жазады және А4 орматына жапыстырады. Әр оқушыға жеке – жеке формат таратылады.
«Есте сақтайық» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы сурет тұрған үстелдің үстіне жақын келеді де өзіне берілген суреттен көп ақпаратты есте сақтауға тырысады. Сол сурет бойынша тақырыпқа байланысты топпен бірігіп отырып әңгіме құрастырады. Бұл ойнынға 7 минут уақыт беріледі.
Ереже:
1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.
12. «Төрт сөйлем» әдісін. Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландыру мақсатында қолданады.
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Пайдаланған әдебиеттер
А. Сатыбаева А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» «Фолиант» баспасы 2008 жыл.
Атабаева С. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы Алматы «Білім» баспасы 2006 жыл
Бегман Ысқақ «Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар» Алматы 2007 жыл
Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002ж.
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірігіп шығарған «Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері» жинағы, 2013ж.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |