Аяқталмаған сөйлем
Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін оқимын. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе мәтінді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады Мысалы:
«Баяғыда сөз табы деген қарияның зат есім деген ұлы болыпты. Ол ортасына беделді, жаны жайсаң адам екен. Егер елінде екі адам бір – бірімен келіспей қалып жатса Зат есімге барып шешуін табады екен.....» ары қарай оқушы аяқтаы керек.
Тізбектелген ереже
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.Шығып кеткен оқушы тақырып туралы түсінбеген дегенді білдіреді.
Жасырын сөз.
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
Дөңгелек стол
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ оқушысының бірі жаңа тақырыпты қатыстыра отырып 1 сөйлем айтады. Екіншісі оның айтқан ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді айтады. Соңында мәтін шығады. Екінші топ мәтін не туралы екенін айтып береді және мәтінге тақырып қояды, сөйлем ішінен жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді табады. Барлық айталған тапсырмаға бір ғана оқушы жауап бермейді. Топ мүшелерінің барлығы қатысады.
«Кір жаятын жіп»
Өтілген тақырып бойынша мәтін оқимын. Мәтін ішінен керекті сөзді тауып кір жаятын жіпке ілу керек. Соңында кім қанша сөз ілгенін тексеремін. Бұл әдістің мақсаты оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |