Сабақ жоспар модуль/пән атауы Арнайы технология Тақырыбы Борланған қағазды дайындау Дайындаған педагог


Кітап блоктары түбін желімдеуге арналған қағаз



бет5/26
Дата07.03.2023
өлшемі0,99 Mb.
#171400
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Борланған қағазды дайындау

Кітап блоктары түбін желімдеуге арналған қағаз ТУ 81-04-62-71 техникалық шарты бойынша механикаландырылған тәсілмен 100% шыршалық сульфаты ағартылмаған целлюлозадан жасап шығарылады. Қағаз машиналық және бір жағы тегіс етіп шығарылады. Полиграфия кәсіпорындарында қағаз жолақтарға бөліп кесіледі, кітап блогы түбіндегі марля үстіне желімдеп жапсырылады. Қалындығы 12 мм кем, мярлясыз, жіппен тігілген кітап блогы түбінің ұзындығы бойымен толық желімдеп жапсыруға болады.
Отстав қағазы. Отстав – қатырма жақтарынан алшақтау тұратын түптеу қабы түбінің ішкі жағына желімденетін жұқа қатырма немесе тығыз қағаз таспасы. Отстав түптеу қабы түбіне пішін береді, оның беріктігін арттырады, баспа бояуына өтімділігін арттырады, түптеу фольгасымен өрнек салуын арттырады. Қағаз тегістігі машиналық, табиғи талшық түсі, композициясы қалыпсыз етіп шығарылады.
Түптеу қағазының кейбір кемшіліктері
Кітапшалау-түптеу цехтарында мұқабалық қағазының оралып қалуы мүмкін, бұл біраз қиыншылықтар тудырады. Ол қағаздың жеткіліксіз немесе кеуектілігінің көптігінен желім қатпарының аздығынан және т.б. болуы мүмкін.
Түптеу және мұқабалық қағаздарының ұзаққа төзімділігі бетінің механикалық беріктігіне, жарыққа беріктігіне тығыз байланысты. Полиграфиялық басылым өнімінің сапасына әсер ететін түптеу қағазының мүмкін болатын кемшіліктерін қарастырайық.
Мұқабалық қағаздың желім жағу кезінде оралуы қағаздың өте көп тығыздалуынан, ұзын талшықтылығынан, қағаз массасыда толықтырғыштың көптігінен болады.
Бұл жағдайда қағаз ылғалдылықты бір жағынан ғана сора алады, ол жағы деформацияланады. , ал екінші жағы іс-тәжірибе жүзінде ылғалдылығы өзгермей өзінің алғашқы өлшемдерін өзгертпейді., яғни деформацияланбайды.
Мұқабалық қағазының жеткіліксіз жарыққа беріктігі оның бетінің жарық өткізбейтін бояулармен немесе қағаз құрамында сүрек массасының көп болуымен түсіндіріледі.
Мұқабалық қағаздың аса жылтыр кеуексіз беті қатырмаға желімдеп жапсыруға қиындық туғызады. Бір жағы тегіс, ал екінші жағы аздаған кедір мұқабалық қағазын желімдеп жапсыруға болады. Мұқабалық қағазының механикалық беріктігінің кем болуы- қағаз құрамында сүрік массасын көбірек болуы немесе целлюлозаны жеткіліксіз үгітілмеуімен түсіндіріледі. Мұқабалық қағазы құрамынан ақ сүректік массасыны азайту, оны сульфатты ағартылған целлюлозамен ауыстыру, қағаз массасын карбомид шайыры немесе синтетикалық латекстермен бетін желімдеп қатпарлау, сонымен қатар қағаз бетін карбоксометилцеллюлозамен желімдеп қатпарлау мұқабалық қағазы бетінің механикалық беріктігін арттырады.
Қағаз бетінің желімдеу қатпары аздығынан оның кеуектілігі артады, желімді мөлшерінен тыс көбірек сіңіреді, оның салдарынан қағаз беріктігі төмендейді, желім шығыны артады, желімпдеуден кейін қағаз дайындамасын түзеу қиынға түседі.
Қағаздың бойлық және көлденең бағыттағы бір қалыпсыз деформациясы қағаз жасау жабдығын дұрыс таңдамаудан немесе қағаз массасын құю жылдамдығының тездігінен болады. Қағаз ылғалдануы кезінде көлденең бағытта көбірек деформацияланады. Мұны кітапшалау-түптеу жұмыстарында естен шығармау керек. Қағазды бойлық бағытында бүктеу оңайырақ, ал кітаптардың ашылуы жақсырақ болады, бірақ кітап парақтары бұл жағдайда аса берік бекітілмейді.
Қағазды көлденең бағытта, шетіне желім жаққанда қағаз көбірек деформацияланады. (шеті жиырылып қалады). Сондықтан форзацтарды желімдеп жапсыру кезінде жеке бейнелерді ішіне желімдеп жапсыру кезінде мұның бәрін ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет