Сонымен жиым (массив) дегеніміз – бір атауға біріктірілген біртипті шамалардың реттелген тізбегі.
Жиымды сипаттау үшін Dimқызметші сөзінен кейін жиым атын жазып, жақша ішінде жиымға компьютердің жадынан қанша орын бөлінетінін және Asқызметші сөзінен кейін жиым элементінің типін көрсету керек.
Мысалы:
Dim A (1 To 15) As Integer //элементтері бүтін сан болатын А жиымына компьютер жадынан 15 орын бөлінді.
Dim X(15) As String //элементтері жолдық қатар болатын X жиымына компьютердің жадынан 0-ден 15-ке дейін 16 орын бөлінді.
Жиымды процедураның басында немесе код терезесінің Generalбөлігінде жазып кетуге болады. Егер жиым процедураның басында сипатталса, ол тек сол процедураның орындалуында ғана жұмыс істей алады, ал Generalбөлігінде сипатталса, онда жиым жобаның барлық процедураларында орындалады.