Тақырыбы: Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау. Бұлтты технология.
Мақсаты: Оқушыларды программалау әдістері онын түрлері туралы білімдерін қалыптастыру;
Түйінді идея: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:Программалау әдістері онын түрлері туралы білімдерін қалыптастыру;.
Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
Кезең
Оқытудың формалары, әдістері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас-тыру
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, тақырып аттары бойыншы топқа бөлу
Мұғалімдермен амандасады. Сабаққа дайындығын көрсетеді, топқа бөлінеді
Үй жұмысын тексеру
"Кім жылдам" әдісі
Сұрақтар беру:
- ақпарат дегеніміз не?
-синтаксистік, семантикалық және кибернетикалық ақпараттарды қалай түсінеміз?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп шығады
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Процедуралық программалау идеологиясы мынадай:
программа мәселені шешу процедурасын беретін операторлардың (нұсқаулардың) тізбегінен тұрады;
негізгі оператор жады аймағындағыларды өзгерту үшін қызмет ететін меншіктеу операторы болып табылады;
компьютер жады мәндерінің сақтау қоймасы ретінде көрсетіледі. Ондағы мәліметтерді программа операторы жаңартады.
Программаны орындау жадының алғашқы күйін, яғни алғашқы деректердің мәндерін қорытынды, яғни нәтижелерге түрлендіру мақсатында операторларды ретпен орындауға саяды.
Процедура тілінің маңызды жіктеу белгілерінің бірі, оның дәрежесі. Программалау тілінің дәрежесі оның программистке бағынуының дәрежесімен және оның құрылысының мағыналық сыйымдылығымен анықталады. Программалау тілі адам мен есептеуіш машинаның әр түрлі мәселелерді шешу әдістерінің арасындағы алшақтықты жартылай жояды. Тіл неғұрлым адамға бағдарланған болса, оның дәрежесі соғұрлым жоғары болады.
Екінші тіл машинаның тілі болып табылады. Қазіргі кезде мұндай тілдерді программистер қолданбайды.
Pascal (Паскаль) программистердің арасында әсіресе ЖК үшін аса танымал процедуралық қолданбалы тілдердің бірі болып табылады.
1970 ж. есептеу техникасының саласындағы швейцар маманы профессор Н.Витрум ойлап тапқан тіл француз математигінің құрметіне аталып автордың ойынша программалауды үйретуге арналған. Pascal тілінің маңызды белгілерінің бірі құрылымды программалау концепциясының толық іске қосылуы және кезектемелілігі.
Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
Жаттығу жұмысы
"Екі жұлдыз, бір тілек"
Стикерлер тарқатады
Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтағы алған білімдері туралы толытырып шығады