Сабақ жоспары №11 Пән: Биология негіздеріндегі химия



Дата22.08.2017
өлшемі490,22 Kb.
#24336

Биология негіздеріндегі химия


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ №11

Пән: Биология негіздеріндегі химия

Өту мерзімі:

Топ:

Сабақтың тақырыбы:

Көмірсулардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттердің білімдерін арттыру мақсатында көмірсулардың физикалық, химиялық қасиеттерін тәжірибелік жолмен зерттеу туралы түсінік беру. Көмірсулардың құрамын, қасиеттерін тәжірибелік жолмен зерттеуді үйрету. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, зертханалық құралдар мен ыдыстарды дұрыс пайдалана жұмыс жүргізуге меңгерту.

Дамыту:


Зертханалық жұмысты орындау арқылы карбон қышқылдарының әртүрлі қасиеттерін зерттей отырып, білім алушылардың шығармашылық, танымдық, логикалық ойлау, салыстыру қабілеттерін,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік:



Білім алушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, ұжымда жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Білім алушылардың коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыру

Құзыреттіліктер

Базалық:


БК1.1-өмір бойында өз білімдері мен біліктіліктерін жаңартып отыру;

БК1.2-нақты нәтижеге қол жеткізу;

БК1.3-жұмыс уақытын жоспарлау.

Кәсіптік:

КҚ 3.7.5-Зертханалық құралдар мен ыдыстарды дұрыс пайдалана білу, химиялық реакцияларға қажетті заттарды талдаудың түрлеріне дайындау және қолдану, зертханалық журналдарды рәсімдеу.

Сабақ типі:

Зертханалық жұмыс

Сабақ түрі:



Құрал-жабдықтар:



С6Н12О6, крахмал, AgNO3, NH4OH, CuSO4, NaOH, иодтың спиртті ерітіндісі, H2SO4, шыны таяқша, сынауықтар, спиртшам, ұстатқы, стақан.

Пәнаралық байланыс:

Жалпы химия, бейорганикалық химия, биология.

Оқыту әдістері:

репродуктивті (тәжірибеде алған білімдерін қолдану), зерттеу.

Студенттердің оқу әрекеттерін ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс

р/с

Сабақ кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны



Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа даярлығын тексеру.



Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Көмірсулардың қасиеттері.

Мақсаты: Көмірсулардың физикалық, химиялық қасиеттерін тәжірибелік жолмен зерттеу.






Зертханалық жұмысты жүргізу үшін студенттердің теориялық дайындығын тексеру

1.Ауызша жалпы сұрау( бақылау сұрақтары бойынша)

  1. «Көмірсулар» терминінің шығу тегін түсіндіріңдер.

  2. Глюкозаны неге альдегидоспирт деп атайды?

  3. Глюкозаны қандай әдістермен алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  4. Глюкозаның молекуласындағы альдегидтік топқа және гидроксотоптың болуына байланысты қасиеттерінен реакция теңдеулерін құрыңдар.

  5. Глюкозаның тән химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

  6. Фруктоза неліктен глюкозаның изомері деп саналады?

  7. α, β – глюкозаның формулаларын келтіріңдер, қандай айырмашылықтары бар?

  8. Сахароза гидролизденгенде қандай моносахаридтер түзіледі?

  9. Қазақстан аймағында құрамында сахароза бар өсімдіктер өсе ме? Сахарозаны өнеркәсіпте өндіру үшін қандай өсімдік қолданылады?

  10. Полисахаридтердің қандай қарапайым өкілдерін білесіңдер?

  11. Целлюлоза құрылысының крахмалдан қандай айырмашылығы бар?

  12. Целлюлозаның химиялық қасиеттері.

  13. Целлюлозаның қолданылатын салаларын атаңдар.

2.Жазбаша (таратпалармен жұмыс, есеп шығару)



Студенттердің білімін өзектілеу.




Зертханалық жұмыс кезеңдерінің мазмұны, әдісі, әрекеттері мен қауіпсіздік ережесі туралы инструктаж. Зертханалық жұмыстарының орындалуы.

Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жасау.




Жоспар:

  1. Теориялық бөлім.

  2. Инструктаж.Техника қауіпсіздік ережесі

  3. Жұмыс орындау.

  4. Жұмыс орнынын жинақтау.

  5. Реакция теңдеуін құру, есептеулер жүргізу.

  6. Қорытынды жасау.

  1. Тәжірибелік жұмысты орындау

Көмірсулар табиғатта аса көп таралған және адам өмірінде ерекше рөл атқарады. Оларға жататын заттардың басым көпшілігінің құрамын түріндегі жалпы формуламен өрнектейді. Глюкоза, қызылша қанты, крахмал сияқты көмірсулар біздің тамақтық өнімдеріміз болып табылады. Жасунық (клетчатка) және целлюлоза киім, қағаз, қопарғыш заттар т.б. жасауға жұмсалады.

Глюкозаның қасиеттері.

1-тәжірибе. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.

а) Мыс (ІІ) гидроксидін алу үшін сынауыққа 2 мл сілті құйып, оған бірнеше тамшы мыс сульфатын тамызыңдар. Алынған тұнбаға 2-3 мл глюкоза құйып шайқаңдар.

Түзілген ерітіндінің түсі қандай? Ашық көк түсті қандай ерітінді? Осы тәжірибе нені дәлелдейді?

ә) Сынауықты ішіндегі ерітіндісімен қоса қыздырыңдар. Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қыздыру кезінде тұнбаның түсі қандай?

Тапсырма: Орындаған тәжірибеге сәйкес қорытынды жасаңдар. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен тотығуының теңдеуін жазыңдар.

2-тәжірибе. Глюкозаның күміс (І) оксидімен әрекеттесуі.

Сынауықты жақсылап жуыңдар. Күміс (І) оксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындаңдар. Ол үшін 1-2 тамшы күміс нитраты (AgNO3) ерітіндісіне тамшылатып аммиактың (NH4OH) судағы ерітіндісін алдымен түзілген тұнба ерігінше қосыңдар. Алынған ерітіндіге 4-5 мл глюкоза құйып, сынауықты ыстық су құйылған стақанға салыңдар.

Тапсырма: Қорытынды жасаңдар. Глюкоза тотыққанда не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Крахмалдың қасиеттері

1-тәжірибе. Крахмал клейстерін дайындау.

Сынауыққа 1-2 г крахмал салып, 5-6 мл су құйыңдар, қоспаны араластырыңдар. Қоспаны тұндырыңдар, содан кейін суды төгіп, қайтадан осылайша 2-3 рет қайталаңдар. Соңғы рет су құйып, қоспаны шыны таяқшамен араластырып отырып, қайнағанға дейін қыздырады. Сонда мөлдір крахмал клейстері түзіледі.



2-тәжірибе. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі (сапалық реакция).

Сынауыққа 4-5 мл крахмал клейстерін құйып, оған йодтың спиртті ерітіндісінің бір тамшысын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар.

Тапсырма: Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қоспаны салқындатқанда бастапқы түсі қайта орала ма? Қандай зат арқылы крахмалды анықтауға болады?

3-тәжірибе. Крахмал гидролизі.

Сынауыққа 6-8 мл клейстер құйыңдар, оған 2 мл күкірт қышқылын қосыңдар. Қоспаны 5-6 минут қайнатыңдар. Бір минут өткен сайын 1 мл-ден сұйық үлгі алып, суда тез суытып, йодтың бір тамшысын қосыңдар. Сонда йодпен реакция кезінде үлгілердің біртіндеп түсі өзгеретіндігі байқалады. Үлгі түсінің йод әсерінен пайда болуы тоқтаған кезде оған жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар.

Тапсырма: Крахмалды күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда қандай процесс жүреді? Мыс (ІІ) гидроксидінің түсі қалай өзгереді? Сәйкес реакциялардың теңдеулерін құрыңдар.

Тәжірибе бойынша қорытынды жасау.






  1. Ауызша-3минут

  2. «Көмірсулар» терминінің шығу тегін түсіндіріңдер.

  3. Глюкозаны неге альдегидоспирт деп атайды?

  4. Глюкозаны қандай әдістермен алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  5. Глюкозаның молекуласындағы альдегидтік топқа және гидроксотоптың болуына байланысты қасиеттерінен реакция теңдеулерін құрыңдар.

  6. Глюкозаның тән химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

  7. Фруктоза неліктен глюкозаның изомері деп саналады?

  8. α, β – глюкозаның формулаларын келтіріңдер, қандай айырмашылықтары бар?

  9. Сахароза гидролизденгенде қандай моносахаридтер түзіледі?

  10. Қазақстан аймағында құрамында сахароза бар өсімдіктер өсе ме? Сахарозаны өнеркәсіпте өндіру үшін қандай өсімдік қолданылады?

  11. Полисахаридтердің қандай қарапайым өкілдерін білесіңдер?

  12. Целлюлоза құрылысының крахмалдан қандай айырмашылығы бар?

  13. Целлюлозаның химиялық қасиеттері.

  14. Целлюлозаның қолданылатын салаларын атаңдар.

6

Үй тапсырмасы

Конспект оқу, 9тарау , § 9.1-9.2. Химия 11 кл, Н. Нурахметов.

7

Қорытындылау


1.Білімдерін бағалау

2. Рефлексия:



Дәптерге жазу үлгісі

Р/с

Жұмыстың барысы

Не байқалды?

Реакция теңдеуі

1

Глюкозаның қасиеттері.

1-тәжірибе. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.

а) Мыс (ІІ) гидроксидін алу үшін сынауыққа 2 мл сілті құйып, оған бірнеше тамшы мыс сульфатын тамызыңдар. Алынған тұнбаға 2-3 мл глюкоза құйып шайқаңдар.

Түзілген ерітіндінің түсі қандай? Ашық көк түсті қандай ерітінді? Осы тәжірибе нені дәлелдейді?



ә) Сынауықты ішіндегі ерітіндісімен қоса қыздырыңдар. Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қыздыру кезінде тұнбаның түсі қандай?

Тапсырма: Орындаған тәжірибеге сәйкес қорытынды жасаңдар. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен тотығуының теңдеуін жазыңдар.

Сынауық түбінде қыздырғанда қызыл тұнба түзіледі, себебі мыс бөлінеді.



2

2-тәжірибе. Глюкозаның күміс (І) оксидімен әрекеттесуі.

Сынауықты жақсылап жуыңдар. Күміс (І) оксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындаңдар. Ол үшін 1-2 тамшы күміс нитраты (AgNO3) ерітіндісіне тамшылатып аммиактың (NH4OH) судағы ерітіндісін алдымен түзілген тұнба ерігінше қосыңдар. Алынған ерітіндіге 4-5 мл глюкоза құйып, сынауықты ыстық су құйылған стақанға салыңдар.



Тапсырма: Қорытынды жасаңдар. Глюкоза тотыққанда не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Сынауық қабырғасында айна пайда болады.




3

Крахмалдың қасиеттері

1-тәжірибе. Крахмал клейстерін дайындау.

Сынауыққа 1-2 г крахмал салып, 5-6 мл су құйыңдар, қоспаны араластырыңдар. Қоспаны тұндырыңдар, содан кейін суды төгіп, қайтадан осылайша 2-3 рет қайталаңдар. Соңғы рет су құйып, қоспаны шыны таяқшамен араластырып отырып, қайнағанға дейін қыздырады. Сонда мөлдір крахмал клейстері түзіледі


Крахмал салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді-клейстер түзіледі.



4

2-тәжірибе. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі (сапалық реакция).

Сынауыққа 4-5 мл крахмал клейстерін құйып, оған йодтың спиртті ерітіндісінің бір тамшысын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар.



Тапсырма: Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қоспаны салқындатқанда бастапқы түсі қайта орала ма? Қандай зат арқылы крахмалды анықтауға болады?

Крахмал иодпен әрекеттескенде көк түске боялады.

Нанда, картопта анықтау!


6Н10О5)n+І26Н9О5)n І+НІ





3-тәжірибе. Крахмал гидролизі.

Сынауыққа 6-8 мл клейстер құйыңдар, оған 2 мл күкірт қышқылын қосыңдар. Қоспаны 5-6 минут қайнатыңдар. Бір минут өткен сайын 1 мл-ден сұйық үлгі алып, суда тез суытып, йодтың бір тамшысын қосыңдар. Сонда йодпен реакция кезінде үлгілердің біртіндеп түсі өзгеретіндігі байқалады. Үлгі түсінің йод әсерінен пайда болуы тоқтаған кезде оған жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар.



Тапсырма: Крахмалды күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда қандай процесс жүреді? Мыс (ІІ) гидроксидінің түсі қалай өзгереді? Сәйкес реакциялардың теңдеулерін құрыңдар.




6Н10О5)n2О→ nС6Н12О6




Оқытушы__________ Оспанова А.К.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет